Қолданыстағы ред. 14.03.2006

Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс - шара жасау жоспары туралы от 14.03.2006 г. № 1 (Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс - шара жасау жоспары туралы)

0

Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс - шара жасау жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 22 қазан аудандық Мыслихаттың № 14-6 шешімімен бекітілген Ұлытау ауданының аумағындағы елді мекендерді көркейту Қағидасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТТІМ:

1

1. Кентті сәулеттендіру, көркейту үшін іс -шара жасалсын. Іс -шараны жасау кент әкімі аппаратының бас маманы Б.М.Нурбалаевқа жүктелсін.

2

2. Іс–шараның орындалысын бақылауды және тоқсан сайын қортындылып отыру үшін комиссия құрылып оның құрамы бекітілсін.

3

3. Шешімнің орындалысын бақылауды өзімде қалдырамын.
Келісілді
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиялық қадағалау
департаментінің
Ұлытау ауданындағы
бас маманы
Ецис Разия Нуртлеуовна
«15» 03 2006 ж.
«Жезбұлық» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорын директоры
Әжібек Файзолла Жәнәбекұлы
«14» 03 2006 ж.
Кент полиция бөлімінің
бастығы, полиция подполковнигі
Жалбыров Ідіріс Баркенович
«15 » 03 2006 ж.
Мәдени сауық орталығының
директоры,
аудандық Маслихат
депутаты
Бейсенбаев Айтбек Сапарұлы
«14 » 03 2006 ж.
№ 48 өрт сөндіру
бөлімінің бастығы,
подполковник
Конуршинов Ишанқұл Құдайбергенұлы
«15 » 03 2006 ж.
зейнеткер, ардагерлер
кеңесінің төрағасы
Тембаев Сағынтай
«15 » 03 2006 ж.

4. 2005 жылғы 22 - қазандағы Ұлытау аудандық Маслихатының XIV – сессиясының № 14-6 шешімімен бекітілген Ұлытау ауданының аумағындағы елді мекендерді көркейту қағидасына байланысты Жезді кентін сәулеттендіру, көркейтуге іс – шара Ж О С П А Р Ы

№ 1 қосымша
2005 жылғы 22 - қазандағы Ұлытау аудандық Маслихатының XIV – сессиясының № 14-6 шешімімен бекітілген Ұлытау ауданының аумағындағы елді мекендерді көркейту қағидасына байланысты Жезді кентін сәулеттендіру, көркейтуге іс – шара Ж О С П А Р Ы
Рет саны
Іс -шара
Орындалу мерзімі
Орындалуға жауптылар
1
Сәуір айының 15-нен қазан айының 15-не дейін, көшелерді мекемелер мен кәсіпорындар, тұрғын үйлер аумақтарын тазалау,сыпыру.
Әр жетінің бейсенбісі
Мекеме, кәсіпорын басшылары, тұрғын үй иелері
2
Мекеме кәсіпорын ғимараттарының, тұрғын үйлердін, дүкендер мен дүнгіршіктердің сыртын сәулеттендіру /сырлау, әктеу/.
Жылына екі рет көктемде, күзде
Мекеме, кәсіпорын басшылары, тұрғын үй иелері,сауда орындарының иелері.
3
Көше бойларындағы, мекемелер мен кәсіпорындарды,тұрғын үйлерді қоршаған қоршауларды /забор/ жөндеу,сырлау.
Жылына бір рет тамызда
-//-
4
Тал көшеттерін, оның ішінде жеміс ағаштарын отырғызу.
Жылына екі рет сәуір, қазан айы
-//-
5
Талдарды күтү /арық қазу, түбін қопсыту,әктеу, бұтактарын кесу/ суару.
Сәуір айынан қазан айына дейін
-//-
6
Үгіт, насихат плакаттарын сырлау, әктеу,жөндеу.
Жылына бір рет
Кент әкімдігі.
7
Кенттегі қоқыстарды,қираған ұйлер мен ғимараттардың құрылыс қалдықтарын сыртқа полигонға /бегіленген орын/ шығару.
Жаз, күз айлары
Кент әкімдігі меншік иелері.
8
Көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындардың үйлерінен шыққан күл- қоқыстарын төгетін арнаулы орын белгілеу.
Кент әкімдігі, СЭС.
9
Жер үйлерде тұратындарға, кул- қоқыстарын өз аулаларына төктіріп, өз есептерінен сыртқа полигонға шығаруын қадағалау.
Тұрақты
СЭС
10
Көшелерге,жол жиектеріне дүнгіршектер,павилондар қоюшылардан, жарнама плакаттарын орнатушылардан тиісті орындардан рұқсат алуларын қадағалау.
Жыл бойы
Кент әкімдігі
11
Ауыз су, кәріз, байланыс жүйелері кұдықтарынан шыққан қоқыстарды тазарту,құдықдардың /колодец/ қақбақтарының дұрыс жабалыуын қадағалау.
Жыл бойы
«Марганец» ЖШС Телеком.
12
Автокөлік,жаяу адам жүретін жолдарды қардан тазалау.
Желтоқсан -наурыз айлары.
Кент әкімдігі.
13
Су жүретін арықтарды, жол астындағы су ағарларды қардан мұздан,қоқыстан тазалау.
Көктем,жаз,күз айлары
Кент әкімдігі.
14
Көктайғақта /гололед/ автокөлік, жаяу адам жүретін жолдарға кұм себу.
Күз,кыс айлары
Кент әкімдігі.
15
Мектептердің, мекемелердің ғимараттарының төбелерін қардан тазарту.
Наурыз,сәір айы.
Мекеме басшылары мектеп директорлары.
16
Жер қазу жұмыстары жүргізілген кездерде жұмыс жүргізушілерден тиісті орындардан рұқсат /ордер/ алуларын қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі.
17
Жер қазу жұмыстары жүргізілген кездерде техникалық қауіпсіздіктерге байланысты іс -шаралар орындау.
Жұмыс толықтай біткенге дейін
Жұмыс атқарушылар.
18
Жер қазу жұмыстарынан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру.
Жұмыс аяқталғаннан кейін.
-//-
19
Шынжыр табанды көліктердің асфальтты көше жолдарында жүруіне жол бермеу.
Үнемі
Кент полиция бөлімі.
20
Қоғамдық орындардың,парктін, демалыс аландарының ішкі, сыртқы, санитарлық нормаға сәйкес тазалықтарын қадағалау.
Үнемі
СЭС
21
Парктерде,демалыс аландарында, гүлзаларда малдың жайылып жүруін болдырмау, тұрғындардың малын қөшеге жібере салуларына тыйым салу.
Үнемі
Кент әкімдігі, МСО,КПБ,СЭС
22
Халықтың ауыз су алатын су колонкаларының маңында автокөлік жууға,мал суаруға тыйым салу.
Үнемі
«Марганец» ЖШС КПБ,СЭС
23
Өзен жиектеріне жақын тұратын тұрғындардың қоқыстарын, малдың қиын,басқада қалдықтарын өзен арнасына, жиегіне төгулеріне тиым салу.
Үнемі
КПБ,СЭС
24
Сауда орындарының ішкі,сыртқы тазалықтарын,сәулеттілігін қадағалау.
Үнемі
СЭС
25
Көше бойларында сауда жасап тұрғандарға сол жердің тазалығына жуапты екендігін ескерту, тазалатқызу
Үнемі
СЭС
26
Өрт қаупсіздігіне байланысты тұрғындардың рұқсатсыз қоршауларын үлкейтулеріне, өздеріне бекітіп берілген жерден басқа жерлерге қора- қопсы және басқада құрылыс жүргізуге тиым салу, қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі, №48 өрт сөндіру бөлімі, КПБ
27
Көше бойларына орнатылған түнгі жарықтандыру шамдарының дұрыс толықтай жануын қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі, «Жанат-2000» ЖШС
28
Көшелерге орнатылған сыртқы жарық қондырғыларын дұрыс техникалық жағдайда ұстау, шамдарды тазалау және қазіргі нормаларға сәйкес жарық лампаларды пайдалану.
Үнемі
«Жанат-2000» ЖШС
29
Жарықтандыру бағандарына, рұқсатсыз жарнамалар ілуге, байланыс сымдарын тартуға және басқада инженерлік жүйелерді орнатуға тиым салу.
Үнемі
«Жанат-2000» ЖШС
30
Парктер мен демалыс алаңдарына қоқыс пен қалдықтар салатың арнаулы жәшіктер кою,оның орнын белгілеу, жәшіктерді тазалап тұру.
Үнемі
Кент әкімдігі, СЭС

5. Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс- шара жасау жоспары орындаласын бақылаушы, қортындылаушы комиссия құрамы.

№ 2 қосымша
Кент әкімінің № 1
«14» 03 2006
шешімінен бекітілді
Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс- шара жасау жоспары орындаласын бақылаушы, қортындылаушы комиссия құрамы.
1. Нурбалаев Бахтияр Муханбетжагович - комиссия төрағасы,кент әкімі
аппаратының бас маманы
2. Ецис Разия Нурлеуовна – комиссия төрағасының орынбасары Ұлытау ауданы бойынша санитарлық эпидемиялық департаментінің бас маманы /келісім бойынша/
3. Әжібек Файзолла Жәнібекұлы - МКК «Жезбұлақ» директоры
/келісім бойынша/
4. Жалбыров Ідіріс Баркенович - Кент полиция бөлімінің бастығы,
полиция подполковнигі /келісім бойынша/
5. Бейсенбаев Айтбек Сапарұлы - МСО директоры,аудандық Мәслихат
депутаты /келісім бойынша/
6. Конуршинов Ишанкұл Кудайбергенұлы - № 48 өрт сөндеру
бөлімінің бастағы, подполковник
/келісім бойынша/
7. Тембаев Сағынтай – зейнеткер,ардагерлер кенесінің төрағасы
/келісім бойынша/