Қолданыстағы ред. 13.02.2006

«Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы» от 13.02.2006 г. № 82 («Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы»)

0

«Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 13-тармағына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін (қосымша).

2

2. Қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Б.Жабанов) бекітілген Қағидаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға қарастырылған бюджет қаражат есебінен нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.

3

3. Қалалық қаржы бөлімі (Н.А.Нұржанов) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаржының уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.К.Кривенцоваға жүктелінсін.

5. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

Кентау қаласы әкімдігінің
2006 жылғы «13» 02
№ 82 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Бұл Қағида (бұдан әрі-Қағида) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін және белгілейді.

2

2. Осы Қағидада пайдалыналатын ұғымдар:

1

1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2

2) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

3

3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар топтары;

4

4) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;

5

5) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

3

3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу

5

5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жергілікті атқарушы орган іріктеу тәртібімен төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:

1

1) қаржы ауқаттылығы;

2

2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырыуы;

6

6. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

1

1) нысаналы топтарға әдейі арналады;

2

2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

7

7. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетгі органға құрылатын жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қоса өткізеді:

1

1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;

2

2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

3

3) мәлімет берер күнге дейінгі соңғы бір айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы;

8

8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасап, жұмыс берушілерді іріктеу үшін жергілікті атқарушы органға ұсынады. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерді іріктеп, уәкілетті органға үш жақты «Уәкілетті орган- Жұмыс беруші - Қызметкер» шартын жасау үшін жолдайды. Тараптардың әр қайсысында шартың бір данасынан сақталады.

9

9. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер енгізу мен бұзу тәртібі және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.

10

10. Әлеуметгік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес белгіленеді. Еңбек шартының ұзақтығы бір жылдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

3. 3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу

11

11. Жұмыссыздардың нысаналы топқа жататындығы туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың негізінде қабылдайды. Одан басқа, жұмыссыздар тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға өтініш жасар алдындағы соңғы үш айда алған табыстары туралы (мәлімдеу сипатындағы) мәліметтерді қоса береді.

12

12. Жұмыссыздарды әлеуметгік жұмыс орындарына жіберу үш жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.

13

13. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.

14

14. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген және нысаналы топқа жатқызылған күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

4. 4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу

4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу

15

15. Қызметкердің еңбекақысы Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын жергілікті бюджет қаражаты есебінен және калған қаражатын жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады.

16

16. Жалақынын мөлшері орындалатын жұмыстың саны мен сапасына және күрделілігіне байланысты белгіленеді, бірақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.

17

17. Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбекақысын төлеуді үш жақты келісімнің негізінде екінші деңгейдегі банктегі қызметкердің жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қызметкер, банк мекемелерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді.
Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс беруші берген қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және жұмыс уақытына жүргізу табелінің негізінде жүзеге асырылады.

18

18. Мерзімнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады.

19

19. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақыларына салынатын салық және әлеуметтік аударымдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

20

20. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығына басқалай зиян келтірілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

5. 5. Есеп берушілік

5. Есеп берушілік

21

21. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны немесе жұмыстан босатқаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

22

22. Аймақтық уәкілетті органдар әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың уақытша немесе тұрақты жұмыспен қамтылуы туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға әр тоқсандық ақпарат береді.