О внесении изменений в административно-территориальное устройство области по Зерендинскому району Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеренді ауданы бойынша облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаты негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін: тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты келесі елді мекендер қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын: Викторовка селолық округінің Подзаводск және Туражол селолары; Симферопольское селолық округінің Озерное селосы; Троицкое селолық округінің Новоефремовка селосы.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.