О признании утратившими силу некоторых решений Кабинета Министров Казахской ССР и Кабинета Министров Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 262 қаулысына қосымша Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Казтопливо" Қазақ Мемлекеттік Республикалық отын шаруашылығы бірлестігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 маусымдағы N 392 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 17, 105-құжат).
Тармақ 2
2. "Теңіз мұнай-газ кешені құрылысында кадрларды бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 27 тамыздағы N 493 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 20 142-құжат).
Тармақ 3
3. "Қарағандыкөмір" өндірістік бірлестігін экономиканы тұрақтандыру қорына жарнадан босату туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 29 қарашадағы N 752 қаулысы.
Тармақ 4
4. "Минералдық шикізаттарды өңдеу процестерінде радиациялық технологияларды пайдалануды кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 19 наурыздағы N 264 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 12, 204-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 27 тамыздағы N 493 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 21 шілдедегі N 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 29, 432-құжат).