Об Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 53-бабының негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі қоса берілген нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Д. Сәкенова) 451-002-102 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.С. Кұдабаев), әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін қабылданған шарттарға сәйкес ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 5
5. «Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2005 жылғы 26 мамырдағы 3476, «Нұрлы жол» 2005 жылғы 7 маусымдағы 7 (7057) күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 35 а қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастару мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау (бұдан әрі - Нұскау) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын (меншік нысанына қарамастан) жұмыс берушілермен есеп айырысу жүйесін және негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұскауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жасалатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысыналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №149-ІІ Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиыншылықтар көретін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғалар тобы.
Тармақша 3
3) «Жастар практикасы» - олар практикалық тәжірибеге, білімге, дағдыға ие болу мақсатында жұмыс тәжірибесі жоқ бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімдерімен курстық дайындық түлектерін әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 4
4. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына жумысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету шартының негізінде кәсіптеріне және санына сәйкес жүзеге асырылады. Шартта жақтардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемдері және еңбек ақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаражыландыру мерзімдері мен көздері болу керек.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартына сәйкес және орындалатын жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жұмыс істеген уақытына еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (аудандық) бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде («жастар практикасына» жұмысқа орналасқандар ең төменгі жалақы мөлшерінде) алты айға дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушілердің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге арналған шығындарды кайтару үшін жұмыс берушілер уәкілетті органға ай сайын орындалған жұмыстардың актісін, есепті, жұмыс уақытын есептеу табелін ұсынады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқауды сақтауға бақылау жасауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.