Об организации социальных рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-4-тармағына, 18-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бекітілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық 1 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 2 қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 85 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», (мемлекеттік тіркеу номері 9-5-4, 2005 жылғы 10 маусымдағы № 15-16 «Таза-бұлақ - Чистый родник») және 2005 жылғы 18 мамырдағы № 69 «2005 жылы жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдардың тізбесі туралы», (мемлекеттік тіркеу номері 3412, 2005 жылғы 15 сәуірдегі 12 «Таза-бұлақ - Чистый родник») қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 78 мемлекеттік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Г.А. Кукобаға жүктелсін.
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Әкімдіктің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 87 қаулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен (меншік нысанына қарамастан) есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысшыларға еңбек ақы төлеген шығынын ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен келісім-шарт негізінде жұмыс берушімен құрылатын, жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін, ‘‘Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген топтағы тұлғалар;
Тармақша 3
3) «жастар тәжірибесі» - курстык даярлау, бастауыш, орта және жоғарғы кәсіптік білім түлектерін және мамандық бойынша жұмыс өтілі жоқтарды практикалық тәжірибе, білім, шеберлік пен машық алу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер таратылады.
Тармақ 4
4. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы шығыны жергілікті бюджет каражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен ұсынылады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі Комиссия, халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін, жазбаша өтініштері негізінде жұмыс берушілерді іріктейді.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің көлемі мен жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері мазмұндалған, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөніндегі қызмет көрсетудің келісім-шарт жагдайындағы мамандықтарға сәйкес және көлемде «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын, аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу, жеке еңбек шартындағы жағдайларға сәйкес және орындалатын жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджеттің қаражатынан ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде («жастар тәжірибесіне» орналастырылғандарға ең төменгі жалақының 100 пайыз көлемінде) алты айға дейінгі мерзімге өтеледі.
Бюджеттік қаражаттарды аудару жөніндегі есеп айырысулар жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған, жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жалақыға белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу, нақты орындалған көлемінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына шыккан шығындарды өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұскаулықты сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 29. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ТӘРТІБІ
Әкімдіктің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 87 каулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бюджет қаражаты есебінен уақытша жұмыс орындарын қолдау және кұруға бағытталған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі Комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) реттейді.
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысын орындау мақсатында және халықты жұмыспен қамту саясатын белсенді іске асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі (бұдан әрі - Іріктеу) белгіленді:
Тармақша 1
1) Комиссия Іріктеуді уақытша жұмыс орындарының мезгілі және мөлшері жөнінде жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде күнтізбелік жыл ағымында қажеттілік бойынша бөлінген бюджеттік қаражат шеңберінде өткізеді;
Тармақша 2
2) Іріктеу өткізілетіні туралы хабарландыру жергілікті баспасөз басылымында ағымдағы жылдың 31 қаңтарынан аспайтын мерзімде жарияланады;
Тармақша 3
3) аудан аумағында орналасқан жұмыс берушілер (меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар) Іріктеуге қатысуға құқығы бар;
Тармақша 4
4) Іріктеуге қатысу үшін жұмыс берушілер Комиссияға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың мерзімін, түрін және көлемін көрсете отырып жазбаша өтініш береді.
Тармақша 5
5) Комиссия отырыстары жұмыс берушілерден ұсыныстар түскен бойынша өткізіледі.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілерді Іріктеу кезінде Комиссия мынадай көрсеткіштерді басшылыққа алады.
Тармақша 1
1) еңбекақына уақытында төлеу;
Тармақша 2
2) қаржыны жеке сәйкестендірме кодына аудару мүмкіндігі.
Тармақ 4
4. Іріктеудің қорытындысы бойынша Комиссия іріктеуден өткен, жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру бойынша қызметтерді көрсету жөнінде шарт жасасу бойынша шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және бір данасы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.