Қолданыстағы ред. 15.03.2006 - 01.01.2006

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы от 15.03.2006 г. № 73 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы)

0

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілеу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Әкімдіктің "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 89 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-2, "Науырзым" аудандық газеті № 17, 2005 жылғы 30 шілде) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Кәженовке жүктелсін.

5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 15 наурыздағы
№ 73 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін (меншік түріне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.

2

2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылданған жұмыскерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтей отырып, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;

2

2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар топтары;

3

3) "жастар тәжірибесі" - мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ даярлық курстардың түлектерін, бастауыш, орташа және жоғары кәсіби білімді жастарды оларға практикалық тәжірибе, білім, іскерлік және дағды беру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалары тарайды.

4

4. «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі

5

5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілермен өз қаражатынан қаржыландырылып уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы шығынын аудандық бюджеттің қаражаты есебінен ішінара өтей отырып, ұйымдастырылады.

6

6. «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу шығынын ішінара өтеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.

7

7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі аудандық комиссия жазбаша өтініштері негізінде нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді.

8

8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасымен екі жақтың міндеттері, жұмыстардың түрлері мен көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімдері белгіленген жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөнінде қызмет көрсету шарттарында көрсетілген көлемде және мамандықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

9

9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың шарттары және көздері

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың шарттары және көздері

10

10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартына сәйкес ай сайын жұмыс берушімен жүргізіледі жөне жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты болады.

11

11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджеттен ең төменгі жалақының елу пайызы көлемінде ("жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналасқандарға ең төменгі жалақының жүз пайызы көлемінде) алты айдан көп емес мерзім бойы өтеледі.
Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.

12

12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға аудандық бюджеттің қар шатынан төленетін еңбек ақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

13

13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы нақты орындалған жұмыс көлемі үшін төленеді.

14

14. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуге шыққан өздерінің шығындарын өтеуге пайдаланады.

4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау

15

15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықтың сақталуына бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырылады.