О выделении средств из бюджета на оплату "Актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жер учаскесіне меншік құқысына, жерді тұрақты пайдалану құқысына актілерге" ақы толеуге бюджеттік қаражаттар бұлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "Шаруа шаруашылықтарына актiлер беру туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 16 ақпандағы N 471 шешiмiн орындау үшiн ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке (Соловьев В.В.) бюджет есебiнен жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшiн ауыл шаруашылығы қәсiпорындарын реформалаудың нәтижесiнде құрылған шаруа (фермерлiк) шаруашылықтарының тiзiмiн берсiн.
Тармақ 2
2. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi обыстық комитетi (Соловьев В.В.) жер үлестерiн дербестендiру жөнiнде жерге орналастыру жұмыстарын орындауға, "жер учаскесiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына актiлер" дайындауға сметаны облыстық қаржы басқармасына тапсырсын, жоғарыда аталған шығындарға бюджеттен ақы төлеуге облыстық қаржы басқармасымен (Құрманғалиев А.Ә.) шарт жасасын (N 1, 3 қосымшалар).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасына (Құрманғалиев А. Ә.) "жер учаскесiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына, актiлерге" ақы төлеудi облыстық бюджетте шағын және орта бизнестi дамытуға көзделген қаражаттар есебiнен жүргiзу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы шығындарға ақы төлеудi қалалар, аудандар әкiмдерiнiң шаруа (фермерлiк) шаруашылықтарының "жер учаскелерiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына актiлердi нақтылы алуы бойынша жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi аудандық жерге орналастыру кызметтерiн компьютерлiк және iстi ұйымдастыру техникасымен толықтыру үшiн оларды алуға қаржылық көздердi iздестiрiп тапсын (N 2 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.