О правилах присвоения звания «Почетный гражданин Астраханского района» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12-1 тармақшасына және аудан әкімінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 236 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау депутатты, өкілеттілік, жастар жөніндегі, ұлтаралық қатынас, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және «Маяк» газетінде жариялануға тиіс. Келісім: Аудан әкімі С.Қамзебаев
Басқа 4
Астрахан аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 наурыздағы «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы № С-29-15 шешімімен БЕКІТІЛГЕН «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру (арықарай - Атақ), азаматтың еңбек сіңірген жемісті қызметіне коғамдық қабілеттілігін айту, дарындылығын және ынтасын рухани ынталандыру болып табылады.
Тарау 2. 2. Атақ алуға құқығы
2. Атақ алуға құқығы
Тармақ 2
2. Атақ еңбек еткен кезеңде ауданның дамуына айрықша елеулі үлес қосып, еңбекке деген кіршіксіз адал және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірдегі белсенді әрекеті үшін ауылдастарының қадіріне бөленген, мемлекеттік наградалармен марапатталған, ауданда 20 және одан да көп жылдар еңбек еткен Астрахан ауданының тұрғындарына және тумаларына беріледі.
Тармақ 3
3. Айрықша құрмет белгісіне Атақ, елдер мен қалалардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдениет байланыстарын, ынтымақтастық пен тату көршілікті дамытуға, халықтардың достығын нығайтуға тигізген басқа мемлекет азаматтарына берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Атақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімімен беріледі.
Тарау 3. 3. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
3. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
Тармақ 5
5. Атақ беру туралы өтініш селолық жиын шешімі, өндірістік кәсіпорындар ұжымдарының, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жиналысының ұйғарымы негізінде сәйкес негіздемемен және мінездемемен қалалық және селолық әкімдерімен берілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Атақ беру туралы ұсыныс аудандық мәслихат депутаттарымен (депутаттар саны 1/5-тен кем емес), еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, ұйымдармен, партиялармен енгізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың ұсыныстары жалпы жиналыстарында немесе конференцияда қаралып, егер қатысушылардың жартысынан астамы қолдаса, қолдады деп саналады, және аудандық әкімдікке беріледі.
Тарау 4. 4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
Тармақ 8
8. Ұсынылған кандидатқа аудандық әкімнің аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еңбек ұжымдарының немесе қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, партиялардың өткізген жиналыстарының хаттамалары;
Тармақша 2
2) өмірбаян деректері;
Тармақша 3
3) айрықша қызметін, мемлекеттік наградаларының тізбесі мен көшірмелерін куәландыратын құжаттар.
Тармақ 9
9. Ардагерлер мен мүгедектер, жастар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, заңдылық, азаматтар құқығы мен құқықтық тәртіп ісі жөніндегі мәслихат комиссиясы екі жеті ішінде ұсынылған кандидаттар жөнінде аудандық мәслихат сессиясында қаралу үшін қорытынды дайындауға міндетті.
Тармақ 10
10. Атақ беру туралы мәслихат шешімі Астрахан ауданының жергілікті «Маяк» газетінде жарияланады.
Тармақ 11
11. Атақ беру, тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне орайластырылады және әйгіленіп әрі салтанатты жағдайда беріледі.
Тармақ 12
12. «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағына лайықталған тұлғаларға аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі: Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағы туралы шешім тапсырады
Тармақ 13
13. Атаққа лайықталған тұлға қайтыс болған жағдайда, туысқандарының немесе мұрагерлерінің қалауынша құжаттар сақтауға және көрмеге қоюға тапсырылуы мүмкін.
Тарау 5. 5. Атақтан айыру және қалпына келтіру.
5. Атақтан айыру және қалпына келтіру.
Тармақ 14
14. Атақтан айыру аудандық мәслихат сессиясының шешімімен мына жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) қылмыс жасағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіпте соттың үкімі бойынша сотталған азаматтар;
Тармақша 2
2) «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш еткен ұжымның ұсынысы бойынша, құрметті азаматтық атағына кір келтіретін теріс қылық жасаған тұлғалар.
Тармақ 15
15. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғалар «Астрахан ауданының Құрметті азаматы» атағы құқығын қалпына келтіреді.