О неотложных мерах зашиты населения от особо-опасных инфекций на территории Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының аумағында кемiргiштерге қарсы күрестi күшейту және ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiндегi шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. Қазақстан Республикасының көптеген елдi мекендерiнде ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы шиеленiскен қалпында қалуда. Мұның себептерiнiң бiрi аумақта тышқан тәрiздi кемiргiштердiң интенсивтi жайғасуы болып табылады, олар тырысқақ, туляремия, лептоспироз, сальмонеллез, листериоз сияқты және басқа бактериалдық және жұқпалы аурулардың көздерi және таратушылары болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының аумағында кемiргiштерден туляремия және лептоспироз ауруларын туғызушылар бөлiнiп шығуда, бұл жұқпалы аурулардың белсендi ықпал ететiн көздерiнiң бар екендiгiн дәлелдейдi. Облыста 1998 жылғы тамыздан бастап демалыс базалары мен басқа да су қоймаларында шомылған кезде лептоспироз ауруын жұқтырған адамдардың арасында бұл жұқпалы аурудың өршiгенi байқалады. Саябақ учаскелерiнде, жертөлелерде, пәтерлерде, қоймалық үйлерде дератизациялық шараларды жеткiлiктi жүргiзбеуге байланысты кемiргiштер санының көбеюi эпидемиялық жағдайды тереңдете түсуде. Облыста лептоспироз жөнiндегi қолайсыз эпидемиялық жағдайды ескерiп, лептоспироздың одан әрi тарауын болдырмау мақсатында, ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға (тырысқақ, туляремия, лептоспироз) қарсы күрес жөнiндегi профилактикалық шараларды орындауды жеке өздерiнiң бақылауына алсын (N1 қосымша).
Тармақша 2
2) Зооноздық аурулардың әлеуеттi таратушылары болып табылатын ауыл шаруашылығы малдарын дәлме-дәл есепке алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақша 3
3) Мал шаруашылықтарының, елдi мекендердiң және меншiк үй кооперативтерiнiң аумақтарында тиiстi санитарлық тәртiп орнатуды қамтамасыз етсiн.
Тармақша 4
4) Жыл сайын (көктемде, күзде) жаппай дератизация ұйымдастырылсын, бұл мақсатқа кәсiпорындар, мекемелер, шаруашылықтар ақша қаражаттарын бөлсiн.
Тармақша 5
5) Аз қамтамасыз етiлген азаматтар үшiн тұрғылықты жерi бойынша дератизация жүргiзуге қаражаттар бөлу көзделсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) эпидемиялық қордан облыстың денсаулық сақтау басқармасына емдеу-профилактикалық шараларды ұйымдастыру үшiн 1000,0 мың теңге, облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасына ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шараларды өткiзу үшiн "Эпидқор" қаражаттарынан 3000,0 мың теңге көздесiн (N2 қосымша) және санитарлық-ветеринария шаралар (N3 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық ветеринария комитетi (Тоқсейiтова Р.А.), денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов Қ.Б.), мемсанэпидқадағалау (Якупов В.С.) эпидемияға қарсы шаралардың кешендi жоспарын толық көлемiнде орындауды қамтамасыз етсiн, бұл үшiн:
Тармақша 1
1) Ветеринария және медицина қызметтерi арасындағы iс-әрекеттердi өзара үйлестiру жолға қойылсын, лептоспирозбен, қыздырмамен және басқа аурулармен науқастанудың барлық жағдайы туралы дер кезiнде хабарлансын.
Тармақша 2
2) Мал шаруашылықтарында, кешендерде кемiргiштердiң қоныстануларына тұрақты бақылау жасау ұйымдастырылсын, оларды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолданылсын.
Тармақша 3
3) Лептоспирозбен, қыздырмамен, туляремиямен науқастанған адамдарға дер кезiнде диагноз қою мен емдеу қамтамасыз етiлсiн, бұл үшiн елдi мекеннiң эпидемиологиялық жағдайының мәлiметтерi пайдаланылсын.
Тармақша 4
4) Бұқаралық ақпарат құралдары лептоспирозға, қыздырмаға және басқа жұқпалы ауруларға профилактика жасау туралы халық арасында санитарлық ағарту жұмысын кең жүргiзсiн.
Басқа 13. Табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiнде 1999-2000 жылдарға арналған шаралардың
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы «10 желтоқсан N 618 шешiмiне N1 қосымша Табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiнде 1999-2000 жылдарға арналған шаралардың КЕШЕНДI ЖОСПАРЫ Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 14. Лептоспироз бойынша диагностика жүргiзуге емдiк-профилактикалық шараларға арналған жергiлiктi бюджеттен бөлiнуге тиiстi есеп
Қосымша N2 Облыс әкiмiнiң N 618 10 желтоқсан 1998 жыл Лептоспироз бойынша диагностика жүргiзуге емдiк-профилактикалық шараларға арналған жергiлiктi бюджеттен бөлiнуге тиiстi есеп Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 15. Жергiлiктi бюджеттен лептоспирозбен күресу үшiн (вакцина етуге, емдеуге, дезинфекциялауға) санитарлық-ветеринарлық шараларға бөлiнетiн қаржы есебi
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсан N 618 шешiмiне N 3 қосымша Жергiлiктi бюджеттен лептоспирозбен күресу үшiн (вакцина етуге, емдеуге, дезинфекциялауға) санитарлық-ветеринарлық шараларға бөлiнетiн қаржы есебi Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы