Об утверждении Положения о комиссии по рассмотрению материалов о предоставлении соответствующих прав на земельные участки физическим и юридическим лицам Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 43-бабы 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы № І48-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес және қаланың әкімшілік аумағына кіретін жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 59 «Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын. Қаулы жобасын енгізген: Жер қатынастары бөлімі М.Мәрденов Келісілді: Қала әкімі аппаратының басшысы Е.Майкенов
Басқа 3. Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құкықтарды беру жөңіндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы
Қала әкімдігінің 2006 жылғы 10 наурыздағы № 251 қаулысына қосымша Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құкықтарды беру жөңіндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Семей қаласында жеке және занды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материаларды карау жөңіндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша-Комиссия) жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған , қала әкімдігі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазахстан Республикасының Қонституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазахстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комиссия мәжілісінің хаттамасымен ресімделген қорытынды береді.
Тармақ 4
4. Комиссия қала әкімдігінін қаулысымен құрылады. Қала әкімі Комиссияның, жеке құрамын мәслихаттың кезекті сессиясының, бекітуіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары қатарынан, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары органдарының өкілдері бар құрамда құралады. Қала әкімдігінің, қарауы бойынша комиссия құрамына баска адамдар кіргзілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган-әкімдік алдында жауапты.
Тармақ 7
7. Комиссияның қызметі заңдылық және өз іс-әрекеті мен қабылданатын шешімдері үшін жауапкершілік принциптеріне негізделеді
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттігі
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттігі
Тармақ 8
8. Қомиссияның негізгі міндеті жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру жөніндегі материалдарды қарау болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия мынадай функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) өтініш берушіде басқа жер учаскесінің болуын немесе болмауын анықтайды (бау-бақша, саяжай құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, жеке тұргын үй құрылысына берілетін жер учаскелері бойынша);
Тармақша 2
2) сұралған жер учаскесін пайдалану құқығын анықтайды;
Тармақша 3
3) жер учаскесін пайдалану мақсатын, оның болжамды мөлшерін анықтайды;
Тармақша 4
4) сұралған жер учаскесінде орналасқан мүлікке құқығын белгілейтін құжаттардың бар-жоғын анықтайды;
Тармақша 5
5) қала әкімдігінің қарауына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындайды;
Тармақша 6
6) жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы қорытыпды, сондай-ақ жер учаскесін берудеп бас тарту туралы қорытынды береді.
Тармақ 10
10. Комиссия:
Тармақша 1
1) Өз құзереті шегінде мемлекеттік органдардан және олардын лауазымды тұлғаларынан комиссияға жүктелген міндеттірді орындауға қажетті материаларды сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) қаралатың учаске материалдарына келісу қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдар мен мекемелердің мамандары мен қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 3
3) жер қатынастарына қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымдардың қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге уәкілетті.
Тармақ 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Комиссия төрағасы Комиссия жұмысын басқарады және өзіне жүктелген міндеттер мен борыштың орындалуына толық жауапкершілікте болады, Комиссияның мәжілісін жүргізеді, хаттамаларына қол қояды.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмысына қатысады, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікте болады , Комиссия мәжілісіне материалдар дайындауды жүзеге асырады ,іс қағаздарын жүргезеді, Комиссия хаттамаларын жасайды және оларға қол қояды. Комиссия жер учаскелерін беру жөніндегі қорытынды шығарғанда , хатшыда дауыс беру құкығы болмайды
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері комиссияның жұмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, келіп түскен өтініштерге сәйкес.
Тармақ 15
15. Комиссия өзінің қорытындыларын ашық дауыс беру жолымен мәжіліске қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының нәтижелері бойынша көпшілік дауыс шығарады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 16
16. Комиссия қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды. Хаттамада мыналар:
Тармақша 1
1) Комиссияның атауы және жеке құрамы;
Тармақша 2
2) Комиссия ,мәжілісінің күні мен орны, қаралған материалдар қатысты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 3
3) өтініште баяндалған сұраныс;
Тармақша 4
4) Комиссия қорытындысы қандай жағдаят негізінде кабылдалғаны;
Тармақша 5
5) Комиссия қабылдаған қорытынды көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Мәжіліс хаттамасынан жасалған, Комиссияның бас тартқан қорытындысы бар үзінді көшірме, мәжіліс өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде өтініш берушіге беріледі.
Тармақ 18
18. Қаралған материалдар бойынша Комиссия қабылдаған қорытындыға қатысты адам, бұл жөнінде заңнамамен белгіленген мерзімде шағымдануы мүмкін. Комиссия қорытындысы жөнінде шағымдану мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 19
19. Комиссия мәжілісі егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқам жағдайда заңды болып саналады
Тармақ 20
20. Комиссия қызметін бақылауды жергілікті атқарушы орган өзі мәжілістерінде Комиссия ұсынған материалдарды қарау жолымен жүзеге асырады
Тармақ 4. 4. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
4. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
Тармақ 21
21. Комиссия жеке және заңды тұлғалардың жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі қолдаухаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
Тармақ 22
22. Комиссйя мәжілісін дайындау: Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды уакытылы және дұрыс қарау мақсатында, оларды алдын ала Комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары зерделейді.
Тармақ 23
23. Комиссияның қарауына түскен өтініштері алдын ала зерделеу барысында мыналар анықталады:
Тармақша 1
1) осы материалдарды қарау оның құзыретіне жататындығы;
Тармақша 2
2) Комнссия мәжілісіне шақыртуға немесе қатыстыруға тиісті адамдар.
Тармақ 24
24. Материалдарды алдын ала зерделеу нәтижесі бойнша Комиссия: материалдарды қарауға тағайындай алады және өтініш берушіге немесе оның заңды өкілдеріне, мәжіліске қатысуы міндетті деп танылған басқа адамдарға мәжілістің күні мен орны туралы хабар бере алады; материалдарды қосымша өңдеуге жібере алады.
Тармақ 5. 5. Комиссия қызметін тоқтау тәртібі
5. Комиссия қызметін тоқтау тәртібі
Тармақ 25
25. Комиссия қызметін тоқтау негіздері:
Тармақша 1
1) Комиссия жүктелген міндеттірдің орындалмауы ;
Тармақша 2
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе өзге консультативтік кенесші органның құрылауы;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндетін орындалмайтың немесе орындалуын қолайсыз ететін өзге жағдаяттар болып табылады. Жер қатынастары Бөлімінің меңгерушісі М.Мәрденов