Әлеуметтік төлем туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік төлем туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағы 14 тармақшасы, 2003 жылғы 15 шілдедегі 9/32 санды «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру» ережесін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімімен бекітілген және 2003 жылғы 16 шілдедегі № 1922 облыстық Әділет Департаментінде тіркелген «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру комиссияның 2006 жылдың 14 наурызындағы шешімі бойынша, төмендегі азаматтарға қаржылай көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Абай ауылының тұрғыны, 3 топтағы мүгедек О.Әлкеновке - 10300 тенге;
Тармақша 2
2) Кеңбидайық ауылының тұрғыны, толық жетімдердің қамқоршысы Қ.Сулейменоваға - 20600 теңге.
Тармақша 3
3) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Қ.Досанға - 10300 тенге;
Тармақ 2
2. 22-Наурыз мерекесі күніне орай «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» иелеріне мемлекеттік зейнетақы төлем Орталығының тізіміне сәйкес, 1000 теңгеден 166 адамға -166000 теңге.
Тармақ 3
3. Мүмкіндігі шектелген балалар арасында «Наурыз» атты сурет байқауын өткізуге - 32000 тенге;
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Тюлеубаев) материалдық көмек жоғарыдағы аталған адамдардың жеке есеп шоттарына аударылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.