Қолданыстағы ред. 15.02.2006

Әлеуметтік көмек туралы от 15.02.2006 г. № 39 (Әлеуметтік көмек туралы)

0

Әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1 тармағының 14-тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11,16-баптарын басшылыққа ала отырып Ескелді ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ескелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Г.М.Бейсекулова) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыруды жүргізсін:
1 )жұмыс істеген және жұмыссыз азаматарды жерлеуге;

2

2)үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін.

2

2.«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Тілеуберген М.Б.) тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін:
1 )жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір әлеуметтік көмекті 1 қосымшаға сәйкес;

2

2)үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік көмекті 2 қосымшаға сәйкес.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктеледі.

4

4. Аудан әкімдігінің 2005 жылдың 4 тамызындағы “Әлеуметтік көмек туралы” № 176 қаулысының күші жойылды деп танылсын, қаулы Ескелді аудандық әділет басқармасында 26.08.2005 жылы тіркеуден өткен, тіркеу нөмірі 2-9-8. «Жетісу шұғыласы» № 41 газетінің бетінде 30.09.2005 жылы ресми жаряланған.

5

5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

8

Ескелді ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы «15» 02 «Әлеуметтік көмек туралы» № 39 қаулысына 1 қосымша
Жұмыс icтеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек туралы
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге 6ip жолғы әлеуметтік көмекті айлық есептік көрсеткіш 10-еселенген мөлшерінде өлген күнге, 3 ай мерзім ішінде тиісті жағдай болған күнінен бастап, егер қайтыс болған адам, өлген күнге кез келген меншікті кәсіпорында еңбекті қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми турде тipкeyдe тұрған болса, төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда тағайындалады және төленеді:
Отбасы табысына қарамастан әлеуметтік көмекті төлеу бойынша ұйымдарда ашылған шоттарының нөмірі көрсете отыра (eкінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы опреацияларды орындауға лицензиялары бар басқа да ұйымдар) отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзiнe алған адамның өтініші.
Өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаты, салық төлеушінің нөмірі.
АХАЖ органдарынан берілген, сақтандыру кассасына өткізілетін қайтыс болғаны туралы анықтама (тұпнұсқасы).
Еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек келісім-шарты).
Жұмыссыз жағдайын растайтын анықтама.
Ескелді ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы «15» 02 -«Әлеуметтік көмек туралы»№ 39 қаулысына 2 қосымша
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек бaлaлар әлеуметтік көмек туралы
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 5-еселенген мөлшерінде тоқсанына әр мүгедек балаға, туылған, асырап алған, сонымен қатар қамқорлыққа алынған мүгедек балаларға 18 жасқа дейін (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалар мен ата-ана құқығынан айырылғандар мүгедек балаларға қатыстылардан баскқ) облыстық психологиялық-медиңиналық педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының кірісіне қарамастан өткен тоқсанға төлеуге төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалады және төленеді:
Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша ұйымдарда шоттарының нөмірін көрсете отыра (екінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы опреацияларды орындауға лицензиялары бар басқа да ұйымдар) ата- анасының 6ipeyiнe немесе олардың орнындағы адамның өтініші.
Өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаты, сонымен қатар оралмандарға қоныстану ықтияр хаты немесе оралманның куәлігі.
Мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
Дәрігерлік әлеуметтік сараптау қомиссиянын, мүгедектікті бекіту туралы анықтамасы (бекітілген үлгі бойынша).
Отбасының құрамы көрсетілген тұрғылықты жерінен анықтама.
Облыстық білім департаментінің жанындағы ведомство аралық облыстық психологиялық-медиңиналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың кажеттілігі туралы қортындысы.