Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жұмыспен қамту туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,18 бабтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 15.03.2006 г. № 57 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және элеуметпк бағдарламалар бөлімі (М. Б. Тiлеуберген):
1)халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
2)2006 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынының ішінара төлемін өтесін;
3)әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейдегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4. Аудандық қаржы бөлімі (Г.М.Бейсеқұлова) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің бірінші орынбасары А.А.Әлібаевқа жүктелсін.
Ескелді аудан әкімдігінің «15» 03 2006 жылғы «Әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыру туралы»
№ 57 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey ТӘРТІБІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey Tәртібі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалды.
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемi шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын жұмыс берушілерді ipiктey келесі өлшемдер бойынша белгіленеді.
1)әлеуметтік жұмыс орындары халықтық нысналы топтарындағы жұмысыздар үшін әдейі арналады;
2)әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
3)жұмыс бepyшінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;
4)әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.