Қолданыстағы ред. 13.03.2006

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 13.03.2006 г. № 73 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)

0

Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 18-1 баптарына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарқаралы ауданы әкімдігі Қаулы етеді:

1

1. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі карай – ММ) (Б.М.Жұманбаев) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

2

2. Қала, кент және селолық округ әкімдері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. «Қаркаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс берушінің арасында келісім шарт жасалып, шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қыржыландырудың көздері қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданатындарға Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде еңбекақы төлену корсетілсін.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендердің бюджеттен төленетін еңбекақысын «Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» 102 бағдарламасы бойынша аудан бюджеттінде қаралған қаражаттар шегінде қаржыландырсын.

5

5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дюсетаевқа жүктелсін.
«Келісілді»
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы
«10» наурыз 2006 жыл
«Келісілді»
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Ахметжанов Бекболат Қапайұлы
«10» наурыз 2006 жыл