Об изменениях в административно - территориальном устройстве Иртышского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Ертіс ауданының әімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 2-3)тармақшаларына, Ертіс ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы "Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымдарындағы өзгерістер туралы" № 105-23-3/22 және 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Аққуатқан ауылын және Майқоңыр ауылдық округін ыдырату туралы" № 115-25-3/2, 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Бұланбай ауылын құру туралы" № 114-25-3/3 бірлескен шешімдеріне сәйкес, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аумағы Панфилов ауылының шекарасына қосылып Панфилов ауылдық округі;
аумағы Тоқта ауылының шекарасына қосылып Тоқта ауылдық округі;
аумағы Амангелді ауылының шекарасына қосылып Амангелді ауылдық округі;
аумағы Қоскөл ауылының шекарасына қосылып Қоскөл ауылдық округі;
аумақтары Майқоңыр ауылының шекарасына қосылып Аққуатқан ауылы мен Майқоңыр ауылдық округі таратылсын.
Бұланбай ауылы құрылып, Сілеті ауылдық округінің құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.