О звании "Почетный гражданин Зыряновского района - города Зыряновска" Күшін жойған
Басқа 0
"Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы" атағы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Зырян ауданы – Зырян қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. “Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы” атағын берудің Ережесі бекітілсін. (Қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімді орындауға бақылау жасау Зырян ауданы - Зырян қаласы мәслихатының бюджет, экономика және өңірлік даму, әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Зырян ауданының Әділет басқармасында оны тіркеген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім 2006 жылғы 1 наурыздан іске енгізіледі.
Басқа 5. “Зырян ауданы - Зырян қаласының
құрметті азаматы” атағын берудің
Зырян ауданы - Зырян қаласы мәслихатының
2006 жылғы 15 акпандағы № 32/12 - III
шешiмімен бекітілді
“Зырян ауданы - Зырян қаласының
құрметті азаматы” атағын берудің
ЕРЕЖЕСІ
“Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы” атағын беру маңызды ынталандырмалардың бірі, еңбек сіңірген азаматтардың көп жылғы жемісті қызметінің қоғамдык танылуын, олардың қабілетін, талантын және ынталарын білдіру болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігн арттыруға, олардың аудан - қала экономикалық - әлеуметтік дамуында күш жегерлерін көтермелеуге, қазақстандық отаншылдық және халықтар арасындағы достастықты нығайту рухында жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған.
Тармақ 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Атақты беру экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым және мәдениеттің білім және денсаулық сақтаудың дамуында ерекше қызметтері үшін, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі, аудан - қала әлеуметтіқ - экономикалық дамуында салмақты үлесі және халықтар арасында достастықты нығайтуы үшін, аудан - қала әкімінің ұсынысы бойынша аудан қала мәслихатымен жүргізіледі.
Атақ Зырян ауданы - Зырян қаласының аумағында тұрмайтын түлғаларға берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Құрметті атақ берілген тұлғаға куәлік, кеуде белгісі тапсырылады және оның аты Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатының Зырян филиалында сақталуда болатын, аудан — қала Құрметті Азаматтары Кітабіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Куәлікті, кеуде белгісін және Құрметті Азаматтар Кітабін әзірлеу және жасау аудан - қала әкімінің жанындағы наградтау комиссиясына жүктеледі.
Тармақ 4
4. Зырян ауданы - Зырян қаласының Құрметті Азаматының аты коғам ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте Зырян өңіріндегі қалалар, кенттер мен селолар көшелеріне берілуі мүмкін.
Тармақ 2. 2. “Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы” атағын
беруге ұсыну тәртібі
2. “Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы” атағын
беруге ұсыну тәртібі
Тармақ 5
5. Атақ беру үшін, талапкерлер Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімінің атына ұсыныс даярлайтын, Серебрянск қаласының, кенттердің, селолық округгердің әкімдерімен, мемлекеттік органдардың, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, ұймдардың басшыларымен қарастырылады және ұсынылады.
Тармақ 6
6. Ұсынылатын талапкерге өндіріс, шығармашылық, қайырымдылық қызметіндегі нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері, бар наградалары көрсетілетін мінездеме, 3x4 және 6х9 көлемінде екі фотосурет ұсынылады.
Тармақ 7
7. Аудан - қала әкімінің шешімі, атаққа ұсынылған тұлғаның кұжаттары алдын - ала қарастыру үшін, аудан - қала әкімінің жанындағы наградтау комиссиясына беріледі.
Тармақ 8
8. Аудан - қала әкімі наградтау комиссиясының қорытындысы есебімен. «Зырян ауданы - Зырян қаласының құрметті азаматы” атағын беру үшін, аудан - қала мәслихатына талапкерді ұсынады.
Тармақ 9
9. Атақ беруге - жылына үш талапкерден артық емес квота белгіленеді.
Тармақ 10. 3. Куәлікті және кеуде белгісін тапсыру тәртібі
3. Куәлікті және кеуде белгісін тапсыру тәртібі
10. Куәлік және медаль аудан - қала әкімімен, аудан қала мәслихат хатшысымен салтанатты жағдайда және кең жариялы тапсырылады.
Тармақ 3
Зырян ауданы – Зырян қаласының
мәслихат хатшысы
Г. ДЕНИСОВА