Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы Қазақстан Рсспубликасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 12-2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13-ші бабына сәйкес, Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты олардың меншік иелерін анықтап төтенше жағдайлардың алдын алу, аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында анықталған кемшіліктерді есепке ала отырып, алдағы уақытта төтенше жағдайларды болдырмау үшін және аудандық төтенше жағдайлар туралы бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданған аудан әкімінің 29.11.2005 жылғы № 50 шешімінін орындалуын және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің талабына сай берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аудандық коммуналдық шаруашылық бөліміне (Кәрібаев С.А.) жүктелсін.
Тармақ 2
2. Аудан орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің меншік иелерін анықтау бойынша нақты іс-шаралар қолдану мен шешім шығару Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Ж.Мырзагелдиевке міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Ауданның елді мексндерінде орналасқан апаттық жағдайдағы тұрғын үйлермен ғимараттарға өткізілген көзбен болжау техникалық тексерісінің заң түрінде дайындығын анықтау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің (А.Аужанов) ұдайы қадағалуына алынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.