О борьбе с преступностью и правонарушениями в районе Қолданыста
Басқа 0
Ауданда құқық тәртібінің бұрмалануымен және қылмыспен күрес жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңың 31-бабы негізіне, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес жүргізудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының 5 тармағының негізіне ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Б.Сатыбаевтың хабарламасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері аудандық ішкі істер бөлмесінің полициясының учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, өздері қызмет ететін учаскелерде төмендегідей шаралар қолдансын:
Тармақша 1
1) «Сарбаздар», «Сақшы» тәрізді құқық қорғау бағытындағы қоғамдық ұйымдар құру жұмысын ұйымдастыру ісінде азаматтарға ықпал етсін;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес жүргізу жөнінде;
Тармақша 3
3) аулалық клубтар, спорт үйірмелері мен көркем өнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру ісінде.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі:
Тармақша 1
1) білім беру қызметкерлерінің құқық қорғау органдарының саласы бойынша өткізілетін «Жасөспірім», «Жаз», «Көше» деп аталатын жедел-құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторларға шырқы бұзылған отбастарынан шыққан кәмелетке толмаған, оқудан жалтарушы, құқық бұзуға бейім тәрбиеге қиын көндігуші жасөспірімдермен профилактикалық іс-шаралар өткізуге ықпал етсін;
Тармақша 3
3) аудан мектептерінде мұғалімдер құрамынан және жоғары сынып оқушыларынан жедел-жастар отрядтарын құрсын.
Тармақ 4
4. Аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің редакциясына құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын орнату жөніндегі жұмысты жан-жақты жариялау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 30 маусымдағы «Ауданда құқық тәртібінің бұрмалануымен және қылмыспен күрес жүргізу туралы» № а-7/225 қаулысына өз күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы А.Л.Овсянниковке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы Еңбекшілдер ауданы бойынша әділет басқармасында тіркеуден өтуге және баспасөзде жариялануға тиіс.