О своевременности и полноте регистрации актов гражданского состояния Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық ахуал актілерін уақытылы және толық тіркеу туралы Көкшетау қаласының әділет Басқармасы бастығы Ж.Е. Тәшенованың «Азаматтық ахуал актілерін уақытылы және толық тіркеу туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап қала әкімдігі АХАЖ бөлімінде 6735 азаматтық ахуал актілері тіркелген, соның ішінде туу 2496 және өлім 1840 туралы актілер тіркелгенін көрсетті. Туғандарандар мен өлген адамдарды тіркеуді толық, уақытылы және сапалы жүргізу бойынша үлкен жұмыс жасалған, жаңа туғандарды тіркеу тікелей облыстық перенаталдық орталықта, қайтыс болғандар өлім бюросында, ай сайын медициналық мекеме тізімдері бойынша туғандар мен өлгендер тізімі салыстырылып, АХАЖ бөлімінің мамандары туғандар арасында, бұқаралық ақпарат қүралдарында, «Жас отбасы» лекцияларында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, аулалар тексеріледі. АХАЖ бөлімі ай сайын әкімдікке, халықты тіркеу және құжаттау бөліміне, әскери комисариатқа және қалалық зейнетақы төлеу Орталығына қала бойынша қайтыс болғандар бойынша мәліметтер беріледі. Сонымен қатар жүргізілген жұмыстарға қарамастан туу 14 мен өлуді 13 тіркеу мерзімін бұзу жағдайлары бар, бұл АХАЖ органдарының медицина мекемелерімен, ритуалдық және басқа да қызметтермен өзара байланыстың дұрыс жолға қойылмағанынан болып отыр. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес азаматтық ахуал актілерін уақытылы және толық тіркеуді қамтамасыз ету проблемасын қарап және талқылап Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Барлық медициналық мекемелер басшылары әр айдың 27 күнінен кешіктірмей АХАЖ бөліміне дәрігерлік бақылауда болған қайтыс болғап адамдардың толық тізімін беріп, тізімдерді ұсыну және дәрігерлік куәліктерді сапалы ресімдеу үшін жауапты тұлғаны анықтап, өлу туралы куәлікті ресімдейтін медицина қызметкерлерінен талап етіп, аталған куәлікті алған адамдарды өлімді тіркеу үшін АХАЖ бөліміне жіберсін.
Тармақ 2
2. АХАЖ бөлімімен және селолық округтармен барлық туғандар мен өлгендерді тіркеуді ай сайын салыстырсын.
Тармақ 3
3. Әйелдер консультациясы мен перенаталдық орталық әйелдердің жеке басын куәландыратын құжаттарсыз және балалар емханасы туу туралы куәліксіз балаларды қабылдамасын.
Тармақ 4
4. «Шапағат-Көкше» ЖШС жерлеу қызметі АХАЖ бөлімінде өлімді тіркеусіз және өлу туралы куәліксіз адамдарды жерлеу жағдайларына жол бермесін.
Тармақ 5
5. Көкшетау қаласының әділет Басқармасы АХАЖ бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, лекция өткізу, әңгімелесу, аула аралау жолымен қала халқының арасында түсіндіру жүмыстарын белсендірсін.
Тармақ 6
6. Білім бөлімі, мектеп және бала бақшалары директорлары туу туралы куәліксіз балаларды мектептерге, бала бақшаларына қабылдамасын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ.Құлышевқа жүктелсін.