Қызметті кезеңдік сипаттағы жеке тұлғаларға бір реттік талондардың бағасын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметті кезеңдік сипаттағы жеке тұлғаларға бір реттік талондардың бағасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 27 бабының 2 тармағымен 373 бабының 2 тармағы негізінде аудандық Мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қызметі кезеңдік сипаттағы жеке тұлғаларға бір реттік талондардың бағасы төмендегідей болып бекітілсін. /қосымша қоса тіркеледі/.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұракты комиссиясына жүктелсін. Келісілді: 17.03.2006 ж. Аудандық салық комитетінің төрағасы Д. Далбаев
Басқа 3. Жеке тұлғалардың кезеңдік сипат алған қызметтерінің бір реттік талондарының бағасы:
Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 17 наурыздағы XXY-сессиясының №25/216 шешіміне қосымша Жеке тұлғалардың кезеңдік сипат алған қызметтерінің бір реттік талондарының бағасы: № Эпизодтық сипатқа ие жекелеген кәсіпкерлер қызметінің түрлері 1 күнге арналған реттік талондар құны айлық есептік көрсеткіш % 1 Сату (тұрақты үй жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): 1) газеттер мен журналдар; 2 2) тұқым , сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет); 3 3) бақша дақылдары; 10 4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер; 3 5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері. 5 6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жем шөп. 2 7) сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балық. 5 2 Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу. 1) жақын шетелден. 100 2) алыс шетелден. 100 3 Жер учаскелерді өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері. 10 4 Жолаушылармен жүктерді жеке және жалға алған автокөліктермен тасымалдау (қала аралық) тасымалдауға беретін рұқсат қағаздарды есепке алмағанда. 10 5 Жолаушылармен жүктерді жеке және жалға алған автокөліктермен тасымалдау (аудан ішінде) 5 6 Үй жануарлары мен құстарды жою 3 Ескерту: 1. Бір жылғы талон құны бір айлық есептік көрсеткіштің пайызымен алынады және ол бір айлық есептік көрсеткіші өзгерген сайын өзгеріп отырады. 2. Жоғарыда көрсетілген талондар құны Жаңаарқа ауданында ғана жүреді және ол тек Мәслихат шешімімен және салық комитетінің ұсынысымен өзгереді.