Об утверждении областной программы развития языков Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 10 қазанда қабалданған "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4106 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" № 769 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасы бекітілсін (Жалғанды).
Тармақ 2
2. Облыстық мемлекеттік органдар басшылары, облыстың қалалары мен аудандары өкімдері бір ай мерзім ішінде облыстық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шараларды бекітсін және оларды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жайын қарастырсын.
Тармақ 3
3. Облыс өкімінің 1997 жылғы 19 тамызда алынған № 487 "Тілдерді дамытудың аймақтық бағдарламасының" күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Есен Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 5
БЕКІТІЛДІ Облыс әкімінің 1999 жылғы 4 марта № 6 шешімі Тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасы № Шаралар Орындалу мерзімі Жауапты 1. Облыс өкімі, Ақтау жөне Жаңаөзен қалаларының әкімдері аппараттарының штат кестелеріне мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандар және аудармашылар енгізу жайы қарастырылсын. 1999 ж. Облыс өкімі аппаратының басшысы, Ақтау және Жаңаозен қалалары әкімдері 2. Іс қағаздарын жөне ресми құжаттар дайындаумен шұғылданатын мамандарға қойылатын кәсіби біліктілік шарттары тізіміне мемлекеттік тілді білу талабы енгізілсін. 1999 ж. Облыс өкімі аппаратының басшысы, Ақтау және Жаңаөзен қалалары әкімдері 3. Мемлекетгтік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру Кестесінің орыңдалуы қамтамасыз етілсін. Кесте бойынша Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары 4. Мемлекеттік органдардың қайта құрылған жағдайда мөрлері мен мөртабандары мемлекеттік тілде рәсімделсін. Қазақ қаріпті компьютерлер мен жазу техникасы алынсын. наурыз-сәуір 1999 ж. 1999 ж. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары 5. Облыстағы телерадиохабарларын тарату каналдарынан, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тілде берілетін хабарлар көлемі өзге тілде берілетін хабарлар көлемінің 50 процентінен кем болмасын. үдайы Телерадиохабарларын тарату каналдары басшылары 6. Азаматтардың мемлекеттік тілді еркін жөне тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық жөне материалдық- техникалық жағдайлар жасау; барлық жерлерде тіл үйрену курстарын, үйірмелерін, компьютерлік сабақтар ұйымдастыру; тіл үйренушілерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек көрсету, теле-радио сабақтар өткізіп тұру. ұдайы Ақтау қаласының өкімі, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары 7. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының (компьютерлік шаблондар) үлгілерін жасап, тарату; компьютерлік оқулықтарды насихаттау. ІІ-тоқсан 1999 ж. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы 8. Жоғары және орта оқу орындарындағы қазақ бөлімдерін көбейту, қазақ мектептері, кәсіптік -техникалық мектептер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері жүйелерін кеңейту ұдайы Облыстық білім басқармасы, оқу орындарының басшылары 9. Жалпы білім беретін мектептерде оралмандарды қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру. ұдайы Облыстық білім басқармасы 10. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждерде, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, Ақтау университетінде мемлекеттік тілді үйретуді сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, білім беру мекемелерін жетік мамандармен толықтыру ұдайы Облыстық білім басқармасы, оқу орындарының басшылары 11. Қазақ мектептері мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде дене мәдениетімен әскери даярлық пәндері сабақтарын мемлекеттік тілде оқытуға кірісу; оларды қажетті оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен, оқу құралдарымен, педагогтік кадрлармен қамтамасыз ету. 1999-2000 оқу жылынан бастап Облыстық білім басқармасы 12. Орыс тілінде тәрбие беретін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде сәбилер мен естиярлар топтарындағы қазақ тілі сабақтарының сағат санын аптасына 2 сағатқа дейін, ал мектепке даярлық топтарында 3 сағатқа дейін жеткізу. 1999-2000 оқу жылынан бастап - 13. Орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің сағат санын жалпы оқу сағаттары шегінде көбейту. 1999-2000 оқу жылынан бастап - 14. Мүғалімдер білімін жетілдіру институты жанында құрылған мемлекеттік тілді үйрету орталығының мемлекеттік органдар және кәсіпорындар қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарының жүзеге асуын қамтамасыз ету. ұдайы - 15. Облыс кітапхана мекемерінің қазақ тіліндегі әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін зерттеу, кітап қорын жүйелі түрде толықтырып отыру. ұдайы 16. Облыста ұлттық-мәдени орталықтармен бірге мәдениет күндерін, көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауларын өткізіп тұру, төжірибеге енгізу. үдайы Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы, Ақтау қаласының әкімі 17. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына сөйкес, Ақтау қаласында құжаттар дайындайтын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер маңдайшаларын рәсімдейтін шаруашылық есептегі аудармашылар орталығын ашуға ықпал жасау. 1999 ж. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметгік сала бөлімі 18. "Мемлекеттік тіл" қорының және ұлттық-мәдени орталықтарының жұмыстарына көмек көрсету. ұдайы Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеумеітік сала бөлімі, Ақтау қаласының әкімі 19. Облыстық топонимдер сөздігін шығару. 2000 ж. Облыс өкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Ақтау қаласының әкімі 20. Елді мекендер мен географиялық объектілердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан атауларын транслитерация ережелеріне сәйкес ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу. 2000 ж. Облыстық ақпарат және қоғамдық хелісім басқармасы 21. Өнім өндіретін облыс кәсіпорындары, меншік түріне қарамастан, тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген жапсырмаларын (этикеткаларын), таңбаламаларын, нұсқаулықтарын мемлекеттік тілдегі қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. ұдайы Кәсіпорындар, ұйымдар 22. Келікте және сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс кәсіпорындарында, емдеу- сауықтыру мекемелерінде, банкілерде, меншік түріне қарамастан, жұмысы халыққа қызмет көрсетуге байланысты мекемелерде ақпаратты мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асыру. ұдайы Қалалар, аудандар өкімдері, облыстық өнеркәсіп пен сауда басқармасы 23. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Ресиубликасындағы тіл туралы" Заңның негізгі ережелері бойынша түсінік беретін лекциялар, хабарлар ұйымдастыру. ұдайы Облыстық әділет басқармасы, облыстық телерадиокомпа- ниясы, аудандық, қалалық газеттер 24. Жоғары және орта арнаулы орыңдарының бағдарламаларына "Мемлекеттік тілде іс жүргізу" арнайы курсын енгізу; кәсіптік-техникалық мектептерде "Іс жүргізуші", "Хатшы- референт" мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде мамандар даярлау. 1999-2000 оқу жылынан бастап Жоғары жөне орта арнаулы оқу орындары басшылары