О внесении изменений в некоторые постановления акимата Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Денисов ауданы әкімдігінің мына қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 137 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылы 13 мамырда № 9-11-4 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 26 санында жарияланған) қаулысының:
қосымшасындағы 14 тармақта «және «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға жиынтық өтінімді тапсырады» деген сөз жойылсын;
2) әкімдіктің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 369 «2006 жылға жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың ұйымдарын бекіту туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылы 30 желтоқсанда № 9-8-29 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2006 жылғы 4 наурыздағы № 10 санында жарияланған) қаулысының:
5 тармағында «қала құрылысы, құрылыс» деген сөздер жойылсын;
6 тармағында «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» (Е.Н. Подело)» деген сөздер «Денисов ауданының қаржы бөлімі» (С.Ф. Рахметова)» деген сөздерге ауыстырылсын:
қаулысының қосымшасы 12-1 тармақпен толықтырылсын ( қосымша беріледі).
Басқа 2
Әкімдіктің
2006 жылғы 17 наурыздағы № 72
«Денисов ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы» қаулысына қосымша
Кәсіпорын аталымы
Жұмыс орындау жері
Адам саны
Күн саны
Адам/күн саны
Жұмыстардың түрі мен көлемі
12-1
Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік бөлімінің «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Әйет селосы
2
3
8
Шаруашылық есепті жүргізуге көмектесу: шаруашылық есеп тізімдерін құрастыру, өткізілген санақты есептесу, Әйет селосын бақылап, аралап шығу -384 аула
Әйет селолық округі әкімі аппараты әкімшілік ғимараты аумағын, Мир көшесін қоқыстан, арамшөптен, тұрмыстық қалдықтардан, күлден тұрақты түрде тазарту, бұтақшалар кесу - 20000 ш.м. Ағаштар шырпу - 200 дана. Күл-қоқысты қолмен тиеу және 2 тонна күл-қоқысты 3 шақырым жерге апарып тастау. Аймақты экологиялық сауықтыру (ағаш егу-50 дана, ағаштар мен көшеттерге су құю, ескі ғимараттарды бөлшектеп, шығару)
Темір қоршауларын сырлау, саябақ қоршауларын жөндеу, арамшөпті отау. Саябақ, Мәдениет үйі аумағын күл-қоқыстан тазарту, бұтақшалар, бұтақтарды кесу-100000 ш.м.
Ескерту: ш.м. - шаршы метр