О реорганизации структуры культуры области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәдениет мекемелерінің кұрылымдарын қайта құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы бастығының
02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.1998 ж. 1335 Қаулысын іске асыру туралы Облыс әкімінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы №317 шешіміне сәйкес шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыстық мәдениет басқармасының төмендегі мәдениет мекемелері өз міндеттерін мемлекеттік тапсырыс жағдайында бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары құрылсын:
«Кинопрокат» мекемесінің мирасқоры болып табылатын «Кинопрокат» мекемесі «Маңғыстау облыстық кинопрокат» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
«Маңғыстау облыстық Филармония» мекемесінің мирасқоры болып табылатын «Маңғыстау облыстық Филармония» мекемесі «Маңғыстау облыстық Филармония» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
«Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мекемесінің мирасқоры болып табылатын «Маңғыстау облыстық қуыршақ Театры» мекемесі «Маңғыстау Облыстық қуыршақ Театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
Тармақ 2
2. Өз функциясын мемлекеттік тапсырыс жағдайымен бюджеттік қаржыландыру шеңберінде жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, өз алдына дербес заңды тұлға етіп бөліп шығару жолымен, облыстық мәдениет басқармасының төмендегідей бөлімшелері қайта құрылсын:
облыстық мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы» бөлімшесі «Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
облыстық мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызмет орталығы» бөлімшесі
«Маңғыстау облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметі орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Облыстық қайта жөндеу шеберханасы» мекемесінің мирасқоры болып табылатын «Облыстық қайта жөндеу шеберханасы» мекемесі шаруашьшық жүргізу құқығы берілген «Маңғыстауреставрация»-«Әдейі ғьшыми-жөндеу өндірістік шеберханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіп- орны болып қайта құрылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет басқармасы (Н.Мүханов):
бағдарламалардың әкімші және уәкілдік етушісі ретінде өзінің қарамағындағы жоғарыда атап көрсетілген мекемелер мен бөлімшелерді заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта тіркеуді жүзеге асырсын;
қайта тіркеуден кейін 10 күн ішінде әрбір мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қаржышық балансы бекітіліп, жинақтық қаржылық балансын келісу үшін облыстық қаржы басқармасына ұсынылсын;
құрылтайшының келісімі бойынша мемлекеттік кәсіпорын басшылары тағайындалсын;
облыстық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының ұйымдастыру-әдістемелік қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. 0сы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Есен Күмісқалиға жүктелсін.