О некоторых вопросах административно-территориального устройства Арысского района Қолданыста
Басқа 0
Арыс ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық кұрылыс мәселелері туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
11 бабына сәйкес, Арыс қаласының мәслихаты мен әкімиятының ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ
және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Арыс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:
Ақдала ауылдық округінің аумағында Онтам атауы және Дәрмене ауылдық округінің аумағында Теміржолшы мен Шаян атаулары беріліп, аталған ауылдар құрылсын;
Байырқұм ауылдық округінің аумағында орналасқан Жаңа ферма, Қанқозы ауылдары, сондай-ақ Задария ауылдық округінің аумағында орналасқан Багара, Дәулетияр, Жанбас, Есқара, Степной ауылдары таратылсын;
Задария ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығындағы 40 разъезд, Лесхоз ауылдарын Дәрмене ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығына беріліп, Задария және Дәрмене ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.