Қолданыстағы ред. 03.03.2006

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы от 03.03.2006 г. № 19-8 (Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы)

0

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-3 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2

2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 19 сәуірдегі «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 6-3 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3

3. Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /Бекжанов М./ осы шешімді басшылыққа алсын.

4

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және агроөндірістік кешен жөніндегі тұрақты комиссиясына (Тасмағамбетов А.Б.) жүктелсін.

5

5. Осы шешім қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді.

6. Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы № 19-2 шешімімен бекітілген
Аз қамтылған отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1. 1. Тұрғын үй көмегі

1. Тұрғын үй көмегі

1

1. Тұрғын үй көмегі - халықтың табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға берілетін халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.

2

2. Тұрғын үй көмегі Шыңғырлау ауданында тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, (бірақ ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек) тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтер мен пайдалануға нормативтері шығыны осы мақсаттардағы ұйғарымды шекті шығын үлесінен асса көрсетіледі. Әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, жетпіс жастан асқан адамдардың, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу, көп балалы отбасылар, жұмыссыз 50 жастан асқан әйел және 55 жастан асқан ер адамдар, 1-2 топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарымды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы, қалғандары 30 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау коммуналдық қызметтың ақысы жалпы негізде жүргізіледі.

3

3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңынын мөлшері тұрғын үй заңамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрін құрайды, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі, әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, жетпіс жастан асқан адамдардың, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жай көлеміне байланыссыз шаршы 50 метр шегінде бірақ нақтылы көлемінен аспайды .

4

4. Көмектің мөлшері меншік иесінің /жалдаушының/ өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарымды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.

5

5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі пайдаланушысы болатын /жалдаушы/ жеке тұлғаға тағайындалады.

6

6. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге белгіленген өтемақыға кіретіндер: электр жүйесі, судың, газдың, отынның (көмір) шығыны.

7

7. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі /пәтері/ бар, немесе тұрғын үйді /пәтерді/ жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса, немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, сонымен қатар ұсынылған жұмыстан бас тартқан, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Бұл санатқа жатпайтындар: Стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, жетпіс жастан асқан адамдардың, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбилеу , көп балалы отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер, өз шаруашылығымен айналысқандар.

8

8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үи көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлап отыруы керек, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға, немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі /жалдаушы/ бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

9

9. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің /жалдаушының/ арызының және жоса берілген отбасы құрамы туралы, отырған үйдің /пәтердің/ оның меншігіне жататындығы туралы, арыз берердің алдында өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қабылданады.

10

10. Арыз /берушінің берген құжаттарының растығына күман туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

11

11. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы тағайындауда дау-жанжал, келіспеушілек жағдай туса, жергілікті атқарушы және өкілдік органдардан құралған арнаулы комиссияға қарауға беріледі.

12

12. Тұрғын үиді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы ақшалай тағайындалып, пайдаланушылардың есеп шотына аударылады. Ақы мөлшері, белгіленген нормативтер бойынша пайдалануға, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалауға төленуге тиісті ақы мөлшерінен аспауға тиісті.

13

13. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалауға төленетін ақы, өтініш берген уақыттан бастап 6 айға тағайындалады. 3 айға тағайындалған қаржы мөлшері бір уақытта беріледі.

14

14. Тапсырылған құжаттар қаралып шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, оның бір данасы үйді пайдаланушыда сақталады.

15

15. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшесі қайтыс болғанда жерлеуге берілетін және баланың тууына байланысты отбасына берілетін жәрдемақылардан басқа барлық табыстары есептелмейді.

2. 2. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері.

2. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері.

1

1. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

2

2. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иесінің /жалдаушының/ тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақылардың сомасын көрсете отырып, қаржы органдарына тапсырылады.

3

3. Қаржы органдары тізімдемелердің негізінде бағдарламалардың иелеріне жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен төлем тапсырмаларымен қаржыларды өтейді.

4

4. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруден өткізеді.

5

5. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.