О предоставлении льгот по выдаче разрешений на спортивно-любительское и промысловое рыболовство Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спорттық-әуесқойлық және кәсіпшілік балық аулауға рұқсат ету жөнінде жеңілдіктер беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң орман, балық және аң шаруашылығы комитетiнiң 1998 жылғы 9 қазандағы N 12-11-1/570 хатына сәйкес және халықтың кейбiр әлеуметтiк қорғалмаған топтарына мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су қоймаларында спорттық әуесқойлық балық аулауға рұқсат ету жөнiнде биоресурстарды алғаны үшiн көзделген төлемдерден 50% мөлшерiнде жеңiлдiктер берiлсiн: - Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, қатысушыларына, оларға теңестiрiлгендерге; - Ауғаныстан соғысына қатысушыларға, оларға теңестiрiлгендерге; - Чернобыль АЭС апаттық зардаптарын жоюға қатысушыларға; - 16 жастан кiшi адамдарға спорттық-әуесқойлық балық аулауға рұқсат тегiн берiлсiн.
Тармақ 2
2. Мүгедектердiң, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң қоғамдық ұйымдарына кәсiпшiлiк балық аулау құқысы көзделген төлемдерден 50% мөлшерiнде берiлсiн.
Тармақ 3
3. "Зайсанертiсбалыққорғау" бассейндiк басқармасы (Әубәкiров Ж.К.) Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында спорттық-әуесқойлық және кәсiпшiлiк балық аулауға жеңiлдiк рұқсат берудiң тәртiбiн сақтау үшiн қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы ўкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.