«Об утверждении Положения «Почетный гражданин Мартукского района» Қолданыста
Басқа 0
«Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» туралы
Ережені бекіту
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағын беруді тәртіпке келтіруді аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағы туралы ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Тоқтаровқа жүктелсін.
Басқа 3
Мәртөк аудандық мәслихатының
кезекті 32 сессиясының
2006 жылғы 24 наурыздағы
№ 185 шешімімен бекітілген
«Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағы туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағы аудан алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін қадірлеу белгісі ретінде тірі кезеңде беріледі.
Тармақ 2
2. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағына және өзгелік белгісіне марапаттау үшін кандидатуралар қоғамдық бірлестіктермен, ынталы топтармен, еңбек ұжымдарымен ұсынуға болады.
Тармақ 3
3. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім аудандық әкімдіктің жанындағы марапаттау жөніндегі комиссиясының ұсыныстары бойынша аудандық мәслихат сессиясында құпия дауыс беру түрінде қабылданады.
Тармақ 4
4. Атақ алушы заң биліктері жоғары институттарындағы дипломатиялық және мемлекеттік қызметінде көрсеткен, егемендік Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына үлкен үлес енгізген, Қазақстан Республикасы Президентінің наградалары мен «Халық Қаһарманы» айрықша белгімен белгіленген, өмірбаяндары Мәртөк ауданымен байланысты және Мәртөк ауданында тұратын ерекше көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлер иеленеді.
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысында батырлық пен ерлік көрсеткен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғаған азаматтарға, бейбітшілік уақытта мамандық парызы мен азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлік көрсеткендерге.
Тармақша 2
2) Ауданның экономикалық өсуі, әлеуметтік дамуына белсенді себеп болдырған инновациялық қызмет пен озат технология үшін, экономиканың қаржылық, өнеркәсіп және аграрлық секторының дамуына түпкілікті ықпал еткен кең масштабтық инвестицияларды таратқаны үшін.
Тармақша 3
3) Ғылым және өнер саласында мемлекеттік сыйлығына ие болған, Республикалық және Халық аралық сайыстардың, фестивальдардың, көп ұлттық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын халық шығармашылық көріністерінің дипломаттарына;
Тармақша 4
4) Адам өміріне сақтау және сауықтыру үшін тәжірибелік қолдануда әлемдік мойындалған медицина облысындағы жаңа технология зерттемелерде ерекшелік көрсеткендерге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы азаматының жас буындарына патриоттық сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру ісіне, сонымен қатар білім беру саласындағы жаңартуға ерекше кіріс енгізгені үшін;
Тармақша 6
6) Отан спортын әлем ареналарында әйгілі қылып, олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында жеңімпаз бен жүлдегер болғандарға беріледі.
Тармақ 5
5. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болған тұлғалар, «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» деген айрықша белгімен марапатталады.
Тармақ 6
6. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болғаг тұлғалардың, бекітілген бюджет туралы Заң бойынша 25 рет еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде жыл сайын өмір бойына әлеуметтік төлем ақысын жылдың сәйкестенген қаржысынан алуға құқы бар (коммуналдық қызмет үшін кеткен шығын орнын толтыруға және санаториялық – курорттық емделуге);
Құрметті қонақ ретінде аудандағы мекемелер мен кәсіпорындарда өтетін әртүрлі мерекелік шараларға және жиындарға қатысуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағы куәлікпен расталады.
Тармақ 8
8. «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы» атағы аудандық мәслихат сессиясының шешімімен келесі жағдайларда айырылады:
Тармақша 1
1) Құрметті атақтың иесі қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген соң;
Тармақша 2
2) Марапаттау туралы ұсыныс берген органның ұсынысы бойынша атақ иегердің келеңсіз теріс қылықтары, үлкен қоғамдық резонанс көтергенде.