О проведении двухмесячника по благоустройству, озеленению и улучшению санитарного состояния населенных пунктов района Қолданыста
Басқа 0
Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 - бабының 1 тармағының 16), 17) тармақшаларына сәйкес және ауданның елді мекендерін көріктендіру және лайықты санитарлық- эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 10 сәуірінен 10 маусымына дейін ауданның елді мекендерінде кәсіпорындар, ұйымдар және Молодежное кентінің пәтерлер иесі кооперативі ұжымының қатысуымен аумақтарды көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлық өткізілсін.
Тармақ 2
2. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын (№ 1 қосымша).
Аудандық комиссия жергілікті жерлерде тапсырмалардың үйлестірілуін және орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде қажетті ұйымдастыру жұмысын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы Ұлан ауданының мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне, меншік түріне байланыссыз ұйымдар мен мекемелер басшыларына:
Тармақша 1
1) белгіленген бағдарламаларға сәйкес көктемгі ағаштар, бұталар отырғызу, газондар, гүлзарлар жасау жұмыстары жүргізілсін;
Тармақша 2
2) аумақтарды тазарту жөніндегі санитарлық күнді әр аптаның бейсенбісінде түрақты өткізуді ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) көріктендіру әлементтерін, көшелер мен жолдардың төселген бетін, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, шағын сәулеттік нысандарды, үйлер мен ғимараттардың келбетін лайықты жағдайға келтірілсін;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты қалдықтардың полигондарын, күресіндерді және тұрмыстық қатты қалдықтарды ұйымдастырған түрде үю орындарының жер учаскелері ресімделсін және қажетті санитарлық жағдайға келтірілсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөліміне (Тусубжанова Н.Б), аудандық білім (Абдуллина Н.А.), мәдениет және тілдерді дамыту (Аканов С.А.), кәсіпкерлік
(Турганов Е.Т.) бөлімдерімен бірлесе отырып қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының, мектептер, интернаттар және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің асханаларының көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмыс дайындығына байқау ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Кумаргажин К.С., келісім бойынша) жұмысқа полицияның учаскелік инспекторларын тарта отырып, жекеменшік сектор аумақтарын және қоғамдық орындарды ұстау жөніндегі санитарлық ережелердің сақталуына бақылау жасау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің басқармасы (Илюбаев Х.Ж., келісім бойынша) суқұбырлық жүйелер мен құрылғыларды залалсыздандыру, тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді бақылап, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тамақ және ауыл-шаруашылық өнеркәсібінің, балалар мен емдеу мекемелерінің объектілерінде профилактикалық және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастырсын. Көше саудасының жағдайына бақылауды күшейтсін және жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерден тыс жердегі сауданы жою жөнінде жедел шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі саясат бөлімі (Кусанова Г.Б.) екі айлықтың барысы және қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық материалдың дайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, үйымдар мен мекемелер басшылары елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу барысы туралы мәліметтерді аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне апта сайын түсірсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ахановқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
К. Кумаргажин
«29» «03» 2006 жыл
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан аудандық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінщ бастығы
X. Илюбаев
«29» 03 2006 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
аумақтық басқармасының
Ұлан ауданы бойынша бастығы
С. Сапаргалиев
«29» 03 2006 жыл
Басқа 15. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссияның
Ұлан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «29» наурыздағы
№ 4 қаулысына № 1 қосымша
Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Айдар Заданович Аханов
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Сайран Дуйсебаевна Жумжуменова
- аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Сайран Мубинбековна Чотпанова
-аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Нурзани Баяхметовна Тусубжанова
- аудандық қаржы бөлімінің бастығы;
Галия Бейсембаевна Кусанова
- аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
Нуршат Алтайхановна Абдуллина
- аудандық білім бөлімінің бастығы;
Калымбек Саянович Кумаргажин
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Хамит Жамалиевич Илюбаев
- Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бастығы (келісім бойынша);
Серик Киноятович Сапаргалиев
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасының Ұлан ауданы бойынша бастығы (келісім бойынша);
Сагынбек Аканович Аканов
- аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
Ержан Турсынович Турганов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
Аудан әкімі
Аппаратының жетекшісі
Ш. Оксумбаева
Басқа 16. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу барысы туралы МӘЛІМЕТТЕР (10.04-10.06. 2006 жыл)
Ұлан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 29» наурыздағы
№ 4 қаулысына № 2 қосымша
Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу барысы туралы МӘЛІМЕТТЕР (10.04-10.06. 2006 жыл)
Іс-шаралар
Өлшем бірліктері
Саны
Барлығы
Орындалғаны
Тазарту:
- көшелер мен жолдар
км/мың теңге
- бақтар, скверлер, алаңдар
дана(га)/мың теңге
- ЖПИ тұрғын үйлерінің аулалық аумақтары
дана(га)/мың теңге
-оқу орындарының, мектептердің, балалар бақшаларының, мәдениет мекемелерінің. аумақтары
дана(га)/мың теңге
-су тартқылардың санитарлық аймағының қоршаулары
дана(га)/мың теңге
-тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген жерлерді қанағаттандырарлық жағдайға келтірілді
дана(га)/мың теңге
-шығарылған қоқыс
текше м./мың теңге
-суқұбырлары жүйелері мен құрылыстарын тексеру, заласыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді
км/мың теңге
Көгалдандыру:
-отырғызылған ағаштар
дана(га)/мың теңге
-бұталар
қума м./мың теңге
-гүлзарлар
шаршы метр
Көріктендіру және жөндеу:
-ескерткіштер мен олардың маңайындағы аумақтар
дана(га)/мың теңге
-қалалық, кенттік жолдардың жөнделгендері
км/мың теңге
Санитарлық тазарту барысына бақылау:
-өкілетті органдар жасаған хаттамалар
дана
-жазаланған тәртіп бұзушылар
адам
-сомасы
мың теңге
-айлыққа қатысқан
адам
адамдардың жалпы саны
- соның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар
адам
Аудан әкімі
аппаратының жетекшісі
Ш. Оксумбаева