О введении обязательного изучения Правил дорожного движения Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережесiн мiндеттi түрде оқып-үйренудi енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 9 шешімімен. Облыста жол-көлiк оқиғалар санының өсуiне байланысты қатерлi жағдай қалыптасты. 1998 жылы облыс жолдарында 194 адам қаза тапты және 1448 адам жарақаттанды, бұл бұдан бұрынғы жылдағыдан 3% көп. Жол-көлiк оқиғаларының едәуiр бөлігi халықтың жол қозғалысы ережесiн бiлмеуiнен болуда. "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының талаптарына және "Қазақстан Республикасында жол қозғалысының Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 желтоқсандағы N1650 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережесiнiң негiзгi қағидаларына халықты оқытып-үйретудi ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы (Қүнғожинов С.Т.), Қазақстан жүргiзушiлерi Одағының облыстық филиалы (Баденов М.Е.), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгi мен Қазақстан Жүргiзушiлерi Одағының Орталық Кеңесi арасындағы 1996 жылғы 9 қырқүйектегi N 793 келiсiмге сәйкес шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан жүргiзушiлерi Одағының облыстық филиалы (Баденов М.Е.), жүргiзушiлердi оқытуға лицензиясы бар ұйымдар халықты техминимум бағдарламасы бойынша жол қозғалысы Ережесiне оқытып-үйрету үшiн оқу-материалдық базасын әзiрлесiн.