О внесении изменений в типовую структуру подразделений местных органов труда и социальной защиты населения Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары бөлімшелерінің типтік құрылымына өзгертулер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттiк халықты жұмыспен қамту қызметiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 Қаулысына, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң облыстық және аудандық бөлiмшелерiнiң типтiк құрылымы туралы" Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 1999 жылғы 1 наурыздағы N 27-П бұйрығына сәйкес және 1999 жылға арналған республикалық бюджет пен бюджеттiк классификаторға орай ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы болып аталсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының штат кестесi бекiтiлсiн (N1 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық, қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының типтiк құрылымы қалалар мен аудандарға бөлiп көрсеткендегi шектi мөлшермен бекiтiлсiн (N 2, 3 қосымша).
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жергiлiктi органдардың құрылымдарын осы шешiмге сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының 1999 жылға штаттық кестесi
1999 жылғы 31 наурыз N 664 облыс әкiмiнiң шешiмiне N1 тiркеме Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының 1999 жылға штаттық кестесi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасының бастығы
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының үлгi құрылымы
1999 жылғы 31 наурыз N 664 облыс әкiмiнiн шешiмiне N 2 тiркеме Шығыс Қазақстан облысы бойынша енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының үлгi құрылымы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
Басқа 8. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының Үлгi құрылымы
1999 жылғы 31 наурыз N 664 облыс әкiмiнiн шешiмiне N 3 тiркеме Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының Үлгi құрылымы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы