О мерах безопасного использования водоемов на базах отдыха предприятий, в детских оздоровительных лагерях, местах массового отдыха населения у воды Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіпорындардың демалыс базаларында, балалардың сауықтыру лагерлерінде, халықтың су маңында жаппай демалатын орындарында суайдындарын қауіпсіз пайдаланудың шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 17 қыркүйектегi XYIII сессиясының N18/11 шешiмiмен бекiтiлген "ШҚО суайдындарында адамдардың қауiпсiздiгiнiң мiндеттi ережелерi, оларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн белгiлеу" негiзiнде суда бақытсыз жағдайларға жол бермеу мақсатында:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мекеме - облыстық судан құтқару орталығы (Витязев О.Ф.) жыл сайын, шарттық негiзде, суға шомылу басталғанға дейiн, суайдындарының түбiн шомылушылардың өмiрiне қатер туғызатын заттарын тазарту және зерттеу жұмыстарын жүзеге асырсын, сондай-ақ ведомстволық құтқару постыларының санына және қажеттi құтқару құралдарымен жасақталуына бақылау жасасын.
Тармақ 2
2. Демалыс базаларының, балалардың сауықтыру лагерлерiнiң, пляждардың, басқа да шомылу және су маңында халық жаппай демалатын орындарының иелерi суға шомылу маусымы басталғанға дейiн ведомстволық құтқару постыларын құрсын және оларды тиiстi құралсаймандармен, мүлiкпен қамтамасыз етсiн, суда қауiпсiздiк шаралары жөнiнде стендтер жабдықтасын, суайдындарын зерттеп, олардың түбiн тазартсын, облыстық судан құтқару қоғамымен шарттар жасау жолымен жасақшы-құтқарушыларды үйретудi жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Суға шомылу үшiн суайдындарын пайдалануға құқы беретiн құжат 2-тармақта аталған жұмыстарды орындағандығын куәландыратын, облыстық судан құтқару қызметi орталығының өкiлдерi, суайдындарының иелерi және аудандық немесе қалалық әкiмшiлiктiң өкiлдерi қол қойған актi болып табылады.
Тармақ 4
4. Аумағында суайдындары бар қала, аудан әкiмiнiң жазбаша өкiмiнсiз демалыс базаларын, балалардың сауықтыру лагерлерiн, пляждарды, халықтың суға шомылатын және жаппай демалатын басқа да орындарын ашуға тыйым салынсын.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк мекеме - облыстық судан құтқару қызметiнiң орталығы демалыс аймақтарында бақылау-инспекциялық тексерулердi және ведомстволық постыларының iс-әрекеттерiн үйлестiрудi жүзеге асырсын. "ШҚО суайдындарында адамдар қауiпсiздiгiнiң мiндеттi ережелерiн" орындамаған
жағдайда қалалардың, аудандардың әкiмдерi, судан құтқару қызметi
Мемлекеттiк жүйесiнiң лауазымды адамдары ереже бұзушыларды Қазақстан
Республикасының заңдылық талаптарына сәйкес жауапкершiлiкке тартсын.
Тармақ 6
6. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.