Об утверждении Инструкции по требованиям к методам оценки и принципам расчета страховых тарифов по классам (видам) страхования страховых (перестраховочных) организаций, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгілейтін сақтандыру тарифтерінің мөлшерінің сапалы талдамасын алу, сондай-ақ қолданылатын статистика мен сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы" қоғамдық бірлестікке жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Басқа 0. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 85 қаулысымен бекітілді Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.
Тарау 1. 1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар
1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) брутто-ставка - сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлейтін және нетто-ставка мен жүктеуден тұратын сақтандыру тарифі;
Тармақша 2
2) сақтандырудың орнын толтыру бірлігі - сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын өлшем бірлігі;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді (сақтанушыларды) жіктеу - тиісті жіктеу коэффициентімен сақтанушыны немесе тәуекел деңгейін сипаттайтын критерийлер тізбесі;
Тармақша 4
4) дифференциялау коэффициенті - сақтандыру объектісінің тәуекел факторларын есепке алу үшін есептелген сақтандыру тарифіне қолданылатын коэффициенттер;
Тармақша 5
5) жүктеме – сақтандырушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру операцияларын жүргізуге арналған әкімшілік шығыстарын, көзделмеген шығыстар мен кірістерді өтеуге арналған брутто-мөлшерлеменің бөлігі;
Тармақша 6
6) нетто-мөлшерлеме – сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто-мөлшерлеменің бөлігі;
Тармақша 7
7) тәуекел үстемақысы - күтілетін мәндердің кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін нетто-ставканың бөлігі;
Тармақша 8
8) сақтандыру тарифі - сақтандырудың орнын толтыру бірлігінің құны;
Тармақша 9
9) уәкілетті мемлекеттік орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2. Сақтандыру тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қойылатын жалпы талаптар
2. Сақтандыру тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 2
2. Сақтандыру тарифтерін есептеу толық, бірізділік және бірдейлік қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 3
3. Сақтандыру тарифтерін есептеуде қате, екі ұштылық пен нақтылаулар болмау керек.
Тармақ 4
4. Есептеуді сипаттаған кезде формулалар мен есептеудің толық жазылуын, сондай-ақ тиісті есептеулерді өткізуге қажетті параметрлердің барлық сандық мәндерін көрсетілуін сақтау қажет.
Тармақ 5
5. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде мынадай ақпараттар келтіріледі:
Тармақша 1
1) бастапқы статистикалық деректерде пайдаланылатын дерек көзі туралы толық мәліметтер;
Тармақша 2
2) пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректер алынған осы уақыт кезеңі туралы деректер.
Тармақ 6
6. Сақтандыру тарифтерін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есептеу барлық сыныптар, сондай-ақ сақтандырудың белгілі бір сыныбына кіретін сақтандыру түрлері бойынша жүргізіледі және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үш жылда бір реттен кем емес уақытта қайта қарайды.
Тармақ 7
7. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде сақтандыруға қабылданған сақтандыру тәуекелдерін сипаттайтын статистикалық деректер пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу мақсатында есептеу күнінің алдындағы соңғы үш және толық қаржы жылындағы бастапқы статистикалық деректерді пайдалану қажет.
Тармақ 9
9. Сақтандыру тарифтерін есептеу барысында бастапқы статистикалық деректерді қолдану үшін мынадай қағидаттар мен талаптардың бірін сақтау қажет:
Тармақша 1
1) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифінің шамасына барынша ықпал ететін бір немесе бірнеше негізгі сақтандыру тәуекелі бойынша бастапқы статистикалық деректердің негізінде жүргізіледі;
Тармақша 2
2) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандырумен өтелетін тәуекелдің барлық түрі бойынша жиынтық бастапқы статистикалық деректердің қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Сақтандыру тарифтерін есептеуде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштердің мәні (құнсыздану көрсеткіші, ең төменгі есептеу көрсеткішінің мәні), есептеу күніне осы көрсеткіштер бойынша ресми мәліметтерге сәйкес келуі керек.
Тарау 3. 3. Сақтандыру тарифтерін бағалау және есептеу әдістеріне қойылатын талаптар
3. Сақтандыру тарифтерін бағалау және есептеу әдістеріне қойылатын талаптар
Тармақ 11
11. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру тарифін есептеудің таңдап алынған әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша тарифтік мөлшерлемелерді есептеуде сақтандыру тарифтерін есептеу әдісі туралы мынадай ақпарат бар:
Тармақша 1
1) сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісі бойынша ақпараттың дерек көзі туралы толық мәліметтер;
Тармақша 2
2) сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісін толық сипаттау. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерін сипаттау тікелей есептеуден бөлек жазылады.
Тармақ 13
13. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері мынадай құрастырылатын сақтандыру тарифін айқындайды:
Тармақша 1
1) нетто-ставка;
Тармақша 2
2) тәуекел үстемақысы;
Тармақша 3
3) жүктеу;
Тармақша 4
4) брутто-ставка.
Тармақ 14
14. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерінің бірдейлігі және сәйкес келуі пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректермен мынадай критерийлер арқылы айқындалады:
Тармақша 1
1) есептеу әдісіне сәйкес сақтандыру тарифтерін есептеуге қатысатын бастапқы статистикалық деректермен және есептеу параметрлерінің арасындағы сәйкестік;
Тармақша 2
2) сақтандыру тарифтерін есептеудің таңдап алынған әдісі сақтандыру тарифтерінің шамасына әсер ететін есепті көрсеткіштердің артуына немесе азаю үрдістерін, сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын, шығын ауыртпалығының көрсеткішін, шығын коэффициентін және басқаларды ескереді;
Тармақша 3
3) таңдап алынған әдіске сәйкес жасалған сақтандыру тарифтерін есептеудің аралық және соңғы нәтижелеріндегі экономикалық мағынаның болуы (экономикалық мақсатқа лайықтығы).
Тармақ 15
15. Сақтандыру тарифтерін немесе "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеуді жүзеге асыру барысында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерлерін айқындау кезінде пайдаланылатын аталған кестелердің қосымшаларымен, қайтыс болу кестелерінің дерек көздері мен алу тәсілдері туралы толық ақпаратты келтіреді.
Тармақ 15-1
15-1. Өмірді жинақтаушы сақтандыру, ауырған жағдайдан сақтандыру, оның ішінде шетелге шығатындарды сақтандыру өнімдерін қамтымайтын ерікті сақтандыру сыныптары бойынша жеке тұлғалар үшін сақтандыру тарифтерін есептеуді жүзеге асырған кезде жүктеме нетто-мөлшерлеменің мәнінен аспайды.
Тарау 4. 4. Сақтандыру тарифтерін есептеудің, оларды ресімдеудің және орналастырудың нәтижелеріне қойылатын талаптар
4. Сақтандыру тарифтерін есептеудің, оларды ресімдеудің және орналастырудың нәтижелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 16
16. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеудің нәтижелерінде мынадай көрсеткіштер анықталуға және негізделуге тиіс:
Тармақша 1
1) сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғары негізгі мөлшері;
Тармақша 2
2) есептелген негізгі сақтандыру тарифтеріне осы коэффициенттердің шамаларын негіздеу арқылы дифференциация коэффициенттерін қолдануды тартатын тәуекел факторлары;
Тармақша 3
3) сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша тәуекелдерді (сақтанушыларды) толық жіктеу жасау;
Тармақша 4
4) сақтанушылардың (сақтандырылған) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі. Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.
Тармақ 16-1
16-1. Жинақтаушы сақтандыру мен ауырған жағдайдан сақтандыру, оның ішінде шетелге шығатындарды сақтандыруды қоспағанда, сақтандырудың ерікті сыныптары (түрлері) бойынша жеке тұлғалар үшін белгіленетін сақтандыру тарифінің ең төмен базалық және ең жоғары базалық мөлшерінің арасындағы айырма 50 (елу) пайыздан аспайды.
Тармақ 17
17. Сақтандыру тарифтерін есептеуді сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарий жүргізеді және лицензияның нөмірі мен берілген күнін, актуарийдің фамилиясын, есімін, әкесінің атын (бар болса) көрсету арқылы, оның қолымен және мөрімен (бар болса) бекітіледі.
Тармақ 17-1
17-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы интернет-ресурста немесе клиенттер көру үшін қолжетімді жерде сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшері туралы ақпаратты:
Тармақша 1
1) сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғарғы негізгі мөлшерлері;
Тармақша 2
2) дифференциялау коэффициенттері;
Тармақша 3
3) сақтанушылардың (сақтандырылушының) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектемей орналастырады. Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.
Тармақ 17-2
17-2. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпаратты орналастыру үшін меншікті Интернет-ресурс немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бас офисінде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарындағы үй-жай, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының клиенттері еркін кіре алатын сақтандыру агентінің (заңды тұлғаның) үй-жайы пайдаланылады.
Тармақ 17-3
17-3. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, осы ақпарат жасалған күн мен уақыт және оны қолдау кезеңі көрсетіле отырып орналастырылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшерін қайта қараған кезде, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы оларды актуарий бекіткен күннен бастап үш күн ішінде өзінің интернет-ресурсындағы және (немесе) клиенттердің көруі үшін қолжетімді жердегі тиісті ақпаратты жаңартады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.