Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 11-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына және 29-бабы 6-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуге қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қолышпаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2006 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы «27» наурыздағы № 101 қаулысымен Бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің тағайындалуы мен төленуінің тәртібін анықтайды. (бүдан әрі - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мына түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; мүгедек бала - өмір сүруін және әлеуметтік қорғауға оның қажеттілігін шектейтін, бұрынғы сырқатпен, жарақаттармен, олардың әсерімен, дефектілерімен ағза қызметінің қатты бұзылуы бар 18 жасқа дейінгі тұлға.
Тармақ 3
3. Ата-аналардың және заңды өкілдердің келісімдерін есепке ала отырып, мүгедек балаларды жалпы және арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен басқа оқу орындарында оқытуға мүмкіндік болмаған кезде мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек баланың ата-анасының бірі немесе оларды алмастыратын тұлға әлеуметтік көмекті алуға құқығы болады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражатынан ақша түрінде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне немесе алимент алуына және отбасы кірісінен тәуелсіз тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш
Тармақ 8
8. Тұлғалар уәкілетті органға тұрғылық орындары бойынша Ереженің 4-тармағында белгіленген мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) нысан бойынша өтініш (1-қосымша);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме)
Тармақша 3
3) азаматтардың тұрақты тұрғылықты орындарын растайтын кітап (түпнұсқа және көшірме)
Тармақша 4
4) мүгедектікті тағайындау туралы медициналық- әлеуметтік эксперттік комиссияның анықтамасы (түпнұсқа және көшірме)
Тармақша 5
5) аудандық білім бөлімі жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультативтік комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытындысы (түпнұсқа);
Тармақша 6
6) баланың тууы туралы куәлігі
Тармақша 7
7) мектептен анықтама (тоқсан сайын) Қамқоршының әлеуметтік көмек беру туралы өтінішіне қамқорлық тағайындау туралы қарқоршы органының шешімінен үзінді қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек беру үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары көшірмелермен салыстырғаннан кейін өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады, тіркеу журналына қоса беріліп отырған құжаттармен бірге өтінішті тіркейді және өтініш иесіне қабылданғаны туралы белгімен үзбелі талонын береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі
3. Әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі
Тармақ 11
11. Көмекке құқығы болғаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген айдан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау мүгедек баланың мекенжайы бойынша ата-анасының немесе оны алмастыратын тұлғаның өтініші бойынша әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек аудандық білім беру бөлімі жанындағы Ведомствоаралық психикалық-медико-педагогикалық кеңес комиссиясы берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетілген кезеңге тағайындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күндік мерзімде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағайындау немесе оны тағайындаудан жазбаша дәлелдемемен бас тарту туралы шешім қабылдайды.(2-қосымша)
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешімге сот тәртібінде шағымдануға болады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуді тоқтататын немесе қажет ететін жағдайлар туындаған кезде, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу (бала асырап алу, бала өлімі және т.б.) сәйкес жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан соң тоқтатылады немесе қайта басталады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін 6,5 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде «Республикалық бюджет туралы» белгіленген Заңмен сәйкес жылға, тоқсанына бір рет тағайындалады.
Тармақ 18
18. Мына жағдайларда, яғни тоқсанда өзгерістер болғанда әлеуметтік көмек алу қүқығы келесі тоқсанда қарастырылады.
Тарау 4. 4. Жәрдемақыларды төлеу
4. Жәрдемақыларды төлеу
Тармақ 19
19. Әлеуметік көмек төлеу Ұлттық банктің лицензиясы бар екінші деңгейлік банк филиалдары арқылы оны алуға құқығы бар тұлғалардың жеке есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган айлық жинақтық тізімдерді қалыптастырады және банктердің филиалдарына жібереді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек өткен айға аударылады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын немесе төлейтін органның кінәсынан әлеуметтік көмектің сомасы уақытында аударылмаса өткен уақытқа мерзімін шектемей бір уақытта аударылады.
Тармақ 23. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы
23. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп пен есептілік құрастыруды жүргізу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне 1-қосымша ____________ ауданы (қаласы) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына Өтініш Мүгедек балаға әлеуметтік көмек тағайындауыңызды және төлеуіңізді сұраймын ____________________________________ (аты-жөні) Тегі ________________________ Аты ________________________ Әкесінің аты ________________________ ӘЖК ________________________ СТН ________________________ Мекенжайы ________________________ Үйінің тел.нөмірі ____________жұмыс орнының тел. нөмірі _________ тұлғаның жеке басын куәландыр.құжат ____________ (құжат түрін көрсету) Сериясы____________нөмірі____________кіммен берілген ____________ қашан берілген ____________ жеке есеп шоттың нөмірі____________банктің____________филиалында Өзгерістер туындаған жағдайда ол туралы 10 күн ішінде хабарлауға міндеттеме аламын. Жалған ақпарат және құжаттар ұсынған жағдайда жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілдім. «__»____________200__жыл ____________ (өтініш иесінің қолы) Өтініш «__»____________ 200__ж қабылданды ____________ (құжаттарды қабылдаған тұлганың аты-жөні,қолы) ----------------------------------------------------------- (жырту сызығы) ____________ азам. өтініші қоса берілген кркаттармен бірге _______ дана «___»____________ 200_ ж қабылданды ________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, лауазымы және қолы) Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне 2-қосымша Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу (тағайындаудан бас тарту) туралы ШЕШІМ 200__ жылғы «___»____________ Істің нөмірі ____________ Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек баласы бар ____________ азаматтың(ша) Тегі ________________________ Аты ________________________ Әкесінің аты ________________________ ұсынған құжаттарын қарастыра келіп, Комиссия шешім шығарды 1. Әлеуметтік көмек ________________________ бастап ________________________ дейін мөлшерде _______________тағайындалсын 2. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту себептері: _____________________________________________ _____________________________________________ Жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің бастығы: _______________Аты-жөні Комиссия мүшелері: _______________ Аты-жөні _______________ Аты-жөні _______________ Аты-жөні Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне 3-қосымша Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы Аты-жөні - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы; Комиссия мүшелері: Аты-жөні - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары; Аты-жөні - бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы; Аты-жөні - мүгедектер және ардагерлер мәселелерімен айналысатын бөлімнің бас маманы; Аты-жөні - мүгедектер және ардагерлер мәселелерімен айналысатын бөлімнің жетекші маманы, комиссия хатшысы.