Об утверждении Положения о комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Аккайынского района Күшін жойған
Басқа 0
Аққайың аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың icтepi және олардың құқықтарын корғау жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы өзгерістер мен толықтыруларымен «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын корғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 қаулысына сәйкес, Аққайың ауданы прокурорының 2006 жылғы 17 ақпандағы №65-06 наразылығының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосыла берілген Аққайың аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың icтepi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы №56 қаулысының (2004 жылғы 14 сәуірдегі тіркеу нөмірі 1215) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Б.С.Баяшевқа жуктелсін.
Басқа 4. Аққайың аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың icтepi және олардың құқықтарын корғау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Аққайың аудан әкімдігінің
2006 жылғы 27 ақпандағы
№ 55 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аққайың аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың icтepi және олардың құқықтарын корғау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аққайың аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың icтepi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (будан әpi -Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қаматамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аққайың аудан әкімдігі жанында комиссия құрылады.
Тармақ 3
3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуірқашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанынан құрылуы мумкін. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімi жанындағы комиссияда аудандық комиссияның құқықтары мен міндеттері болады. Кенттік, ауылдық (селолық,) комиссияны және ауылдық (селолық) округ комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиістi ауданның мәслихаты бекітеді.
Тармақ 4
4. Комиссияның құрамында төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мушелері және жауапты хатшы болады. Tөpaғa мен жауапты хатшы мемлекеттік органдар аппараттарындағы штаттық, лауазымдарды атқарады. Кәмелетке толмағандардын icтepi және олардың құқықтарын, қорғау жөніндегі кенттік, ауылдық, (селолық) комиссия немесе ауылдық (селолық) округ комиссиясы төрағасының функцияларын тиісті әкімшідік-аумақтық бурлуктің әкімі атқарады.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алуға мудделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия өз кызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан
Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық, шарттарының негізінде жузеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай ақ жоғары турған Кәмелетке толмағандардың icтepi жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді. Комиссияларды құру тәртібі және олардың қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 8
8. Комиссия өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қараусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтары мен коғамға қарсы әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою жөніндегі шараларды жузеге асырады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалудың және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оналтуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелер әзірлейді;
Тармақша 3
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жузеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың, қараусыз және панасыз қалуының жай-күйін зерделейді және осы салада социологиялык зерттеулер жургізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жузеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының он тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөнінде жургізілетін жұмыстар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларынын есептерін тыңдайды және олардын арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
Тармақша 9
9) қылмыстық атқару жуйесі мекемелеріне босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жузеге асыруда мудделі органдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық, жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту жене ұстау жөніндегі өз міндеттемелерін орындамайтын не олардың ата-аналары мен заңды екіндеріне қатысты материалдарды қарайды;
Тармақша 11
11) Бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық; бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы жариялауды ұйымдастырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 9
9. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады;
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін icкe асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күші туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың, құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған фактілері туралы, мүдделі ведомстволарға үнемі хабарлап отыру;
Тармақша 3
3) өміpi мен денсаулығына қауып төнетін жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік анықтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмipi мен денсаулығын қорғау жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына тepic әсер ететін немесе олармен катыгездікпен қарым қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды окілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына немесе шектелуіне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының, немесе өзге де заңды өкілдері мен басқа адамдардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну;
Тармақша 6
6) мемлекет көмегіне мұқтаж және өмірде қиын жағдайға душар болған толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық, органдарына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайданалудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 8
8) қылмыстық жауапкершілік жуктелетін жасқа толғанға дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет фактілері бойынша материалдарды қарау;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік бұзушылықтар туралы icтepді карау;
Тармақша 10
10) әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
Тармақша 11
11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналасатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға:
тәрбиелеу колонияларынан босатылған;
арнайы білім беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;
әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке болмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жургізудің қажеттілігі туралы ақпарат жіберу;
Тармақша 12
12) спирттік ішімдіктерді, ecipткi құралдарын, психотроптық, немесе есеңгірететін заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиісті емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жургізу үшін ата-аналары келісімімен денсаулық сақтау мекемелеріне жіберу;
Тармақша 13
13) жалпы білім беретін оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру ұйымдары әкімшілігінің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 14
14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртіпте ықпал ету шараларын қабылдау;
Тармақша 15
15) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағаннын көрсетілген мекемелерде болуын мерзімін бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
Тармақша 16
16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты турде босату жөнінде не оған жазаның өтелмеген бөлігін жазаның мейлінше жеңілдірек түрмен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшалау, бейімдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларда, арнайы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұымдарында сондай-ақ кәмелетке толмағандардын тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті аумақтарда орналасқан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ ұстау оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 18
18) білім беру ұйымдарында олардың меншік нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйін зерттеу.
Тарау 3. 3. Аудан әкімдігінің жанындағы Комиссияның қолданатын шаралары
3. Аудан әкімдігінің жанындағы Комиссияның қолданатын шаралары
Тармақ 10
10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегі Комиссия қабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бірлесіп, олардың өмipi мен денсаулығына қауып теңдіретін жағдайда орналасқан, өмірде қиын жағдайға душар болған білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегіне мұқтаж жасөспірімдерді анықтайды, олардың жеке есебін жургізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешім қабылдайды және қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, олар кейінде екі апта мерзімде қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауға міндетті;
Тармақша 3
3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айрылуына байланысты арнайы білім беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуы мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ак кәмелетке толмағанның тәртібіне тepic әсер ететін өзге де себептерге байланысты көрсетілген мекемелердің орналасқан жері бойынша Комиссия кімелетке толмағанның мудделерін есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе енбекке орналастыру жөнінде, сондай-ак, ол ушін тұрғын уй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде кемек көрсетеді Комиссия мәселені кәмелетке толмағанның жазбаша отініші мен тиісті мекеме әкімшілігінің дәлелдеді қорытындысы берілген күннен бастап он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгілеу үшін Комиссия тиістi қорғаншылық және қамқорлық органына өтініш білдіреді.
Тармақ 11
11. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық, жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейінгі әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгілері бар қоғамға қауыпты әрекеттері жөніндегі істерді қарау кезінде Комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелігін, өмip сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке адамның өзге де ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайы мен мінез-құлқын, жасы үлкендердің ролі мен ықпалын, сондай-ак әкімшіліктік заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұымдарына жіберу туралы сотка өтініш беру.
Тармақ 12
12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың дене тәрбиесінің қалыпты және өнегелі дамуына кepi әсерін тигізетін ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмаған келтірген материалдық зиянды өндіріп алу туралы сотка отініш беру;
кәмелетке толмағанның өмipінe немесе оның денсаулығына тікелей қауып төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оның қамқорлыққа алған өзге де заңды өкілдерінен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерінің міндеттерің орындаудан шеттету туралы не асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы шартты бұзу туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтініш беру;
ата-аналық құқығын шектеу жөнінде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотка өтініш беру.
Тарау 4. 4. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi
4. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi
Тармақ 13
13. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды:
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша:
өзінің жеке бастамасы бойынша;
азаматтардың ақпараттары бойынша;
білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардын ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері;
қылмыстық жауапкершілік туындаған жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі icтep органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын дайындау.
Комиссия қарауына түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды Комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасынан орынбасары алдын-ала зерттейді.
Комиссияның қарауына келіп тускен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде ол:
осы материалдардын деректерін қарау оның құзыретіне жататындығын;
Комиссия отырысында шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін;
материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшін маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттігін анықтайды.
Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдай алады:
материалдарды қаpayғa тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетін деп танылған басқа да адамдарды Комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;
келіп тускен материалдардағы мәліметтерге тексеру жургізу немесе оны жургізуді тиістi мамандарға тапсыру;
Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердің нақтылыға бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініш қарау;
кәмелетке толмағанның Комиссия отырысында келуін қамтамасыз ету жөнінде осы ереженің 15-тармағында көзделген шараларды қабылдау;
кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокат Комиссия отырысы басталғанға дейін оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды Комиссия отырысына шақыру туралы қағазында тусіндіріледі.
Комиссияның алған материалдарды олардың Комиссияға келіп тускен кунінен бастап он бес күн ішінде қаралуы тиіс.
Тармақ 15
15. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібi.
Комиссия отырысы қажетіне қарай, бipaқ кемінде айына екі рет өткізіледі және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, icкe қатысушы адамдардың өтініші бойынша жабық отырыс өткізу туралы дәлелді қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезіңде icтepi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.
Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатыса заңды болып табылады. Комиссия отырысында оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссияның орынбасары төрағалық жасайды.
Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен ғана қарайды.
Кәмелетке толмағанның тілегі бойынша Комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жіберіледі.
Комиссия отырысына өткізу күні, орны мен уақыты туралы прокурорға міндетті турде хабарлануы керек.
Қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін қоғамға кауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезінде отырысқа прокурор шақырылады.
Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатының хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейін қажетті құжаттар жарияланады, келіп тускен материалдар, сондай-ақ негізделген шешім қабылдау үшін маңызы бар жағдайлар бар жағдайлар зерттеледі, өтініштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзі тыңдалады.
Қаралатын материалдардың мәні бойынша өтініштерді кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері; адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ Комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтініш білдірген адамдар және олардың заңды өкілдері береді. Берілген өтініштерді қарау нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері осерін тигізетін жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығуға құқығы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
Тармақ 16
16. Комиссия каулысы:
Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасы немесе өзге де занды өкілдері сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардын қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу ушін жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштepi, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы;
кәмелетке толмағанды орналастыру жөнінде осы Ереженің 9-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау туралы;
осы Ереженің 10,11 -тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;
дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі icтep органдарына жіберу туралы шешім баяндалады.
Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мушелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия отырысында төрағалык етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия қаулысында:
Комиссиянын атауы және жеке құрамы;
Комиссия отырысының күні мен жері;
материалдар каралуға қатысты адам туралы мәліметтер;
материалдарды қарау кезінде белгіленген жағдайлар;
шешім қабылдауға негіз болған дәлелдер;
кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көзделетін не құқықтарына кепіл беретін нормативтік құқықтық кeciм;
Комиссия қабылдаған шешім;
кәмелетке толмағанға Комиссия ұсынған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
осы қаулы бойынша шағымданудын мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Комиссия қаулысына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.
Комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шығарылады.
Комиссия қаулысы орындау ушін тиісті мемлекетік органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз ұйымдарға жіберіледі.
Әкімшілік құқылық бұзушылық жөніндегі ic бойынша қаулы icтi қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады, ал оның көшірмесі, бұл ретте, шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мумкін мулкі болған жағдайда тағайындалады. Айыппұл мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мумкін мулік болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негізде салынады.
Айыппұл әкімшілік айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшіне енген күннен бастап отыз кун ішінде не қажетті соманы белгіленген тәртіпте банк мекемесіне өткізу жолымен әкімшілік заңнамамен белгіленген ұзарту мepзiмi өткеннен кейін төленуі тиіс.
Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктейді.
Тармақ 17
17. Комиссияның ұсынысы.
Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардын қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттік органдарға, жергіліктi өзін-өзі басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Комиссия ұсынысын алған күннен бастап бip айдың ішінде оны қарауға және тиісті Комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтан жасауға ықпал өткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 18
18. Комиссия отырысының хаттамасы.
Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді, онда:
Комиссияның атауы мен жеке құрамы;
Комиссия отырысының күні мен жері;
қаралатын материалдардын мазмұны;
материалдардың қаралатын адамнын тeгi, аты және әкесінің аты, туған күні мен жері, оның тұрғылықты жері, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
Комиссия отырысына қатысушылардың келуі және оларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы мәліметтер;
Комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсініктемелері;
материалдарды қарау кезінде зерттелген қужаттар мен заттай айғактар;
берілген өтініштер мен оларды қарау нәтижелері;
Комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәліметтер;
қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 19
19. Кәмелетке толмаған қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттеріне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық істерді есепке алуды және сақтауды ұйымдастырды, өзінің аумағының шегінде осы есепке алудың деректерін қорытындылайды.
Тармақ 20
20. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.
Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы ол кімге қатысты қабылданса, сол адам, онң заңды өкілдері, адвокаты, сондай-ақ жәбірленуші сотқа немесе жоғары тұрған Комиссияға шағым бере алады.
Комиссияның тиісті қаулысының кешірмесін алған күннен бастап он күн ішінде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағымдануы мумкін.
Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті қаулының немесе ұсыныстың орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Комиссия қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор карсылық білдіре алады.
Тарау 5. 5. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету
5. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 21
21. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету аудан әкімнің аппаратына жүктеледі.