Об утверждении Правил об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мугедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек беру ережелерін бекіту туралы
«Қазакстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылгы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 11 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына және 29 бабы 6 тармағына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеме «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларга әлеуметтік көмекті тағайындау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Т.Баумағанбетовке жүктелсін.
Басқа 4. Үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек беру Ережелері
Ғабит Мүсірепов атындагы
аудан әкімінің каулысмен бекітіледі
2006 жылы «15» наурыз №44
Үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек беру Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы бөлім.
1. Жалпы бөлім.
Тармақ 1
1. Осы Ереже үй жағдайында тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек беру, тәртібін және шарттарын реттейді (әрі қарай әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
әлеуметтік төлемдерді тағайындау Мемлекеттік мекеме «Ғабит Мүсірепов атындагы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жүргізеді (әрі карай уәкілетті орган );
мүгедек бала - тіршілік тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жаска толмаған адам.
Тармақ 3
3. Үй жагдайында оқыту мен тәрбиелеу, егер мүгедек бала жалпы не арнайы мектептер мен мектепке дейнігі мекемелерде, басқа оқу орындарында оқуға жағдайы болмаса, ата -аналарының немесе занды өкілдерінің өтініші бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуміттік көмекті үй жағдайында оқылып, тәрбиеленуші мүгедек баланың жан ұясы алуға құқықты.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен көзделген қаржы шегінде ақшалай түрде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туылған, қамқорлыққа, асырап алынған мүгедек балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балалардың отбасы кірісіне, басқа әлеуметтік көмектерге, алиментерге қатыссыз тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берудің тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берудің тәртібі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алуға құкықты азаматтар уәкілетті орындарға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) форма бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жәке басын куәландыратын құжаттар (түпнұскасы және көшірмесі);
Тармақша 3
3) тұрақты мекен жайын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 4
4) мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 5
5) мүгедек баланы үй жағдайында оқыту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Аумақтық Шал ақын аудандық білім бөліміндегі медико- психолого-педагогикалық комиссиясының мүгедек- ауру баланы үй жағдайында окыту тәрбиелеу) қортындысы (түпнұсқа);
Тармақша 6
6) баланың туу туралы куәлігі (түпнұскасы және көшірмесі);
Тармақша 7
7) қамқоршының әлеуметтік көмек туралы өтінішіне баланың қамқорлыққа алынғаны туралы қамқорлыққа беру орынының шешімінің көшірмесі тіркеледі;
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттар ауданның уәкілетті органына салыстыру үшін түпнұсқалар мен көшірмелер түрінде беріледі.Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның мамандары әлеуметтік көмек белгілеп, тағайындау құжаттарының көшірмелерін куәландырады және оларды іс-қағазына косып қалыптастырады. Өтініш иесіне құжаттар қабылданғаны туралы талон тапсырады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек уәкілетті органға барлық құжаттармен қоса өтініш түскен күннен бастап тағайындалады.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мүгедек баланың ата - анасының біріне немесе оларды ауыстырушы адамға тұрақты мекен жайы бойынша тағайындайды.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек мүгедек баланы үй жағдайында оқыту, (тәрбиелеу) туралы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Аумақтық медико- психолого- педагогикалық комиссиясының қортындысында көрсетілген мерзімге тағайындайды.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган өтініш қабылданған күннен бастап 10- күнтізбелік ішінде жергілікті бюджетпен көзделген қаржы есебінен әлеуметтік көмек тағайындайды, немесе өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту туралы шешім беруге міндетті.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек тағайындамау туралы шешімді сот арқылы шешуге болады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тоқтатуды немесе қайта тағайындауды және төлеуді белгілі себептермен (асырап алу, баланың қайтыс болуы және тағы басқа) сол айда әлеуметтік көмек тоқтатылады, келесі айдан бастап әлеуметтік көмекті тағайындауга және төлеуге белгілі өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек Республикалық бюджет заңына сәйкес күнтізбелік жылдың әр тоқсанына бір рет, бір айлық есеп 6,5 көрсеткішімен тағайындалады.
Тармақ 18
18. Егер тоқсанда өзгерістер болған жағдайда әлеуметтік көмекті алу құқығы келесі тоқсанда қайта қаралып тағайындалады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек беру.
4. Әлеуметтік көмек беру.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмекті төлеу Ұлттық банкте лицензиясы бар екінші енгейдегі банктерде алушылар ашқан жеке шотқа аударады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган (әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу) ай айынғы жалпы тізім қалыптастырады және оларды банктердің өлімшелеріне жолдайды.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек өткен айға есептеледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсінен уақытында есептелмей қалған әлеуметтік көмек мөлшері өткен уақытқа есептеліп мерсімсіз қайтарылады.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек беруді есепке алу және есеп беру тәртібі тиісті заңнамаларға сәйкес орындалады.