Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Кағидасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Кағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы, және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.Ысқақов) бекітілген Қағидаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға қарастырылған бюджет қаражат есебінен нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы бөлімі (Т.Әшенов) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаржының уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Иманкұловқа жүктелсін.
Басқа 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды Ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
Арыс каласы әкімдігінің 2006 жылғы « 01 » сәуір № 649 каулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды Ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
Тарау 6. Жалпы кағидалар
Жалпы кағидалар
Тармақ 1
1. Әлеумегтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес әзірленген және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидада пайдаланатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтык іс-шаралар кешені;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажетті ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары;
Тармақша 4
4) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға:
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы аймақтық органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттестіріледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Жұмыс беруші, нысаналы топтардагы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде, жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, жергілікті атқарушы органга құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері еркінді нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қосымша өткізеді:
Тармақша 1
1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
Тармақша 2
2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) мәлімет берер күнге дейінгі соңғы бір айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік баланс.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс беруші іріктеп, тізімін жасауды, қаланаң уәкілетті органы төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қаржы ауқаттылығы;
Тармақша 2
2) матариалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды және олармен шарт жасасады. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
Тармақ 8
8. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер мен бұзу тәртібі және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.
3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздардың нысаналы топтарға жататындығы түралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың негізінде қабылдайды. Одан басқа, жұмыссыздар тұрғылықты жерінде уәкілетті органға өтініш жасар алдындағы соңғы үш айда алған табыстары туралы (мәлімдеу сипатындағы) мәліметтерді қоса береді.
Тармақ 11
11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші жұмыссызбен жеке еңбек шартын жасасады және жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыс ретінде қайтадан тіркелген және нысаналы топқа жатқызылған күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жіберілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу
4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу
Тармақ 14
14. Жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаражатынан және жұмыс беруші қаражатынан келісім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстың саны мен сапасына және күрделілігіне байланысты белгіленеді, бірақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға бегіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Тармақ 16
16. Көрсетілген санаттағы жұмыссыздардың бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбекақысы негізінде жұмыссыздардың банктегі жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады. Жұмыссыздар, банк мекемелерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді. Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс беруші берген жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және жұмыс уақытына есеп жүргізу кабелінің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мерзімінен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстары, түнгі уақыттағы еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақылары салынатын салық және әлеуметтік аударымдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Жұмыссыздардың еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығына басқалай зиян келтіруіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Есеп берушілік
5. Есеп берушілік
Тармақ 20
20. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны және жұмыстан босатқаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде жергілікті аткарушы органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 21
21. Аймақтық уәкілетті органдар әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне әр тоқсандық ақпарат береді.