О проведении санитарно – экологического месячника по благоустройству и наведению санитарного порядка в городе Қолданыста
Басқа 0
Қаланы көркейту және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық - экологиялық айлықты өткізу туралы
Қаланың әкімшілік аумағында көркейту деңгейін одан әрі жоғарылату және тиісті санитарлык; жағдайды сақтау, санитарлық - эпидемиологиялық салауттылығын қамтамасыз ету мақсатында «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Заңының 8 - бабы 3 - тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - 11 Заңының 31 - бабы 2 - тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 15 сәуірден 15 мамырға дейін қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық экологиялық айлық жариялансын.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, әкімнің муниципалдық округтерді басқару жөніндегі комитеттердегі өкілдері жұмысты ұйымдастырсын және мыналарға:
Тармақша 1
1) аумақтарды тазарту жөніндегі санитарлық күндердің бейсенбі сайын жүйелі түрде өткізілуіне;
Тармақша 2
2) көктемгі ағаш отырғызу, бұталарды, газондарды отырғызу, гүлзарлар егуді белгіленген бағадарламаларға сәйкес жүргізуге, оларды тиісінше бағып - күтуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) көркейту элементтерін, көшелер мен жолдардың жамылғыларын, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, шағын сәулет нысандарын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін тиісті күйге келтіруге;
Тармақша 4
4) су құбырлары жүйелері мен имараттарын тексеру, зарарсыздандыру, профилактикалық жуу жөніндегі іс - шараларды жүргізуге;
Тармақша 5
5) тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын, қоқыс орындарын, тұрмыстық қатты қалдықтардың ұйымдастырылған жинақтау органдарын тиісті санитарлық күйге келтіруге бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Семей қаласы бойынша ШҚО мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадагалау департаменті басқармасына (Б.С. Шегедеков), ішкі істер басқармасына (Б.Т. Дулатов), Семей өңірлік қоршаған ортаны қоғау басқармасына (Б.Р. Әкімбеков), әкімнің муниципалдық округтерді басқару жөніндегі комитеттердегі өкілдеріне, тұргын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (А.А Ершов):
Тармақша 1
1) ұйымдар мен жеке тұлгалардың Семей қалалық мәслихаты сессиясының 2004 жылгы 14 мамырдагы № 6 - 7 шешімімен бекітілген Семей қаласын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту қагидаларын сақтауына күшейтілген және пәрменді бақылау жүргізуді қамтамасыз ету, бұл жұмыста «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі талаптарының ұтымды қолданылуына қол жеткізу;
Тармақша 2
2) айлық іс - шараларының орындалуын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде көрсетуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Сәулет және қала құрылысы (Қ.Ө. Қоқиланов), тұргын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (А.А. Ершов) бөлімдері урналарды қалада орналастыру орындарын және оларды орнатуга қойылатын нормативтік талаптарды бұлармен қоғамдық көлік аялдамаларын, тротуарларды, тұрғын үйлердің, коғамдык ғимараттардың аула және қасбеттік аумақтарын, сауда нүктелерін, офистерді, өндіріс ғимараттары мен имараттарын, қоғамдық орындарды әлдеқайда толық жарақтау мақсатында қайта қарасын.
Тармақ 5
5. Ішкі істер басқармасына (Б.Т. Дулатов):
Тармақша 1
1) жекеменшік сектор аумақтарын, қоғамдық орындарды ұстау жөніндегі санитарлық қағидалардың сақталуын және қоқыстың қатаң түрде қоқыс орындарына тасып әкетілуін бақылауды жұмысқа полиция учаскелік инспекторларын тарта отырып қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) көшедегі сауданың жай - күйін бақылауды күшейту және белгіленбеген орындарда оны жою жөнінен шұғыл шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Білім бөліміне (Б.Ә. Балгынбаевага) жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, лицейлердің басшыларына және Семей қаласы бойынша ШҚО денсаулық сақтау департаменті бөліміне (Т.Қ. Нұрмагамбетов) ведомстволық бағынышты нысандарды тиісті санитарлық күйге келтіру, оларды көгалдандыру жөніндегі іс - шараларды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қала әкімдігінің 2005 жылгы 28 наурыздагы № 179 «Қаланы көркейту және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық - экологиялық айлықты өткізу туралы» қаулысының, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2257, күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Е. Төлесбаевқа жүктелсін.