О проведении месячника по смотру готовности объектов водоснабжения, пищевой промышленности, торговли, общественного питания к работе в весенне-летний период Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сумел жабдықтау, тамақ өнеркәсібі, сауда, қөгамдық тамақтандыру объектілерінің көктемгі — жазғы кезеңдеғі жұмысқа әзірлігін байқау жөніндеі і айлықты өткізу туралы Ішек және антропозооноздық жұқпалы аурулардың алдын алу, қала және ауылдық елді мекендер халқының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, тамақ өнеркәсібі, сауда, қоғамдық, тамақтандыру объектілеріи гиісті санитарлық және эстетикалық күйге келтіру мақсатында, сондай-ақ «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-111 Заңының 8 - бабы 3 - тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 15 сәуірден 15 мамырға дейін сумен жабдықтау, тамақ өнерқәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру нысандарының көктемгі - жазғы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін байқау жөніндегі айлық жариялансын.
Тармақ 2
2. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі Қ.Ө. - Қоқиланов, ауыл шаруашылығы бөліміиің меңгерушісі А.Л. Доғалақов, кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі С.Б. Бақтажаров жер учаскелерін, павильондарды, дүңгіршектерді түгендеуді, орналастырудың және жалға беру шарттарының болуын және тиісті рүқсат етуші құжаттар жоқ болған жағдайда тіркеуші органды тексеру туралы хабардар ете отырып, оларды орналастыру жөнінен шара қабылдасын.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі С.Б. Бақтажаров, сәулет жөне қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі Қ.Ө. Қоқиланов сыра сату жөніндегі жазғы алаңшыларды сәулет талаптарына сәйкес орналастыруды қамтамасыз ету және олардың эстетикалық безендірілуі жөнінен шара қабылдасын.
Тармақ 4
4. Ішкі істер басқармасының бастығы Б.Т. Дулатовқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі қалалық аумақтық басқармасының Бас ветеринарлық инспекторы Ж.Б. Рақышевке:
Тармақша 1
1) белгіленбеген орындардағы, көшелердің жүргін бөлігі болып табылатын учаскелердегі, аландардағы, әтпежолдардағы және қоғамдық көліктің жолаушылар аялдамаларындағы сауданы жою жөніндегі шараларды қолдану;
Тармақша 2
2) сүт және сүт өнімдерін сату орындарында ветеринарлық - санитарлық талаптарды сақтамайтын адамдарды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Семей - Водоканал» қалалық коммуналдық кәсіпорнының бастығы А.М. Кондратюк және ауылдык округтер мен кенттер әкімдері су құбыры имараттарын профилактикалық жууды және зарарсыздандыруды, су құбыры желісін жөндеуді және санитарлық қорғаныс аймақтарының аумағын қоқыстан және қардан тазартуды жүргізсін.
Тармақ 6
6. Семей қаласы бойынша ШҚО мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының бастығы Б.С. Шегедековке:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау, тамақ өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамактандыру объектілерінін көктемгі - жазғы жұмысқа әзірлігін байқауды өткізу;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған объектілерде профилактикалық және зарарсыздандыру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
Тармақша 3
3) айлық іс - шараларының орындалуын бақылауды және бұқаралық акпарат құралдарында жүйелі түрде көрсетуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қала әкімдігінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 180 «Сумен жабдықтау, тамақ өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің көктемгі - жазғы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін байқау жөніндегі айлықты өткізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 2258 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Әкімдіктің осы қаулысының аткарылуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Қ.Е. Төлесбаевқа, Т.М.Мүсәпірбековке жүктелсін. Қаулы жобасын енгізген: Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті қалалық басқармасы Б. Шегедеков