Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы ” №477-I Заңына сәйкес аудан әкімдігінің 20 наурыз 2006 жылғы №205 “Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы” қаулысын қарай отырып аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШТІ: Қоса тіркелген «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» бекітілсін.
Басқа 1
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 наурыздағы № 21-6-260 шешіміне қосымша Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Сарыағаш аудан (қала, поселке, ауыл округтері) көлемінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасымен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) отбасының жиынтық табысының 30 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде бюджеттен төленеді. Бекітілген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуді азаматтар жалпы негіздерде жүргізеді.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалға алып, жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар турғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады. Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі, сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныпты (бірақ 9 жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы болмайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде атаулы тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық кызметтер үшін төлемақыны тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелген сомма мен салыстырғанда азайту ретінде беріледі.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнінде жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап қаржыланған жылдың соңына дейін тағайындалады.Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі. Отбасының тұрғын үйді ұстау мен үй-коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегі қызметтері бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанында, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі қызметін он күн ішінде хабардар етуге тиіс. Тұрғын үй көмегі - қызметіне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы жәрдемақы алу құқығын айырылады. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тармақ 10. Тұрғын үй көмегін есептеу
10. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне заңда белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады. Тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімнің тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау комиссиясы тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесі), өтінішінің және оған қоса берілетін отбасы құрамы, табысы туралы анықтаманы (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы ) жұмыссыз ретінде тіркелу жөнінде анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар), жекешелендіру туралы келісім шартты немесе ордерді (пәтердің немесе үйдің жоспар), телефон байланысын қоса есептегенде, барлық коммуналдық қызмет түрлеріне төлеген шығындарының түбіршектері (квитанция) сияқты құжаттар негізінде қабылдайды.
Тармақ 12
12. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда тұрғын үй көмегі қызметі сұрау салуға хақылы ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 13. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
13. Көмек мөлшері тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері негізінде және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындардың жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Отбасының жол беруге болатын шекті деңгейі отбасының жиынтық 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік жәрдемақысынан басқа) кіреді. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 14
14. Тұрғьн үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаменті ұсынған деректер негізінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде берілетін жәрдемақылар соммасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және ай сайын аудандық қаржы бөліміне бюджет орнын толтыруға көмек соммасын қажеттілікті тапсырады. Аудандық қаржы бөлімі аталған қаржыны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы есеп шотына жібереді. Ол өз кезегінде көмек алушылардың халықтық жинақ банкі бөлімшелеріндегі есеп шоттарына атаулы түрде аударылады.