О проведении противопаводковых мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу туралы
Жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне материалдық зиян келтірудің алдын алу, жібіген және тасқын сулардың қарқынды ағу мүмкіндігі кезеңінде қала тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтердің жұмысында төтенше жағдайларды ескерту мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов) қала аумағын санитарлық ұстаумен айналысатын мердігерлік кәсіпорындармен су тасқынына қарсы бекітілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Н. Иманбеков) су тасқынына қарсы бекітілген іс-шараларды орындау бойынша шара қолдансын, сонымен бірге су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін авариялық-құтқару қызметтерін қалыптастыру дайындығын қамтамасыз етсін. Қала әкімінің баспасөз-хатшысымен (Г.Б. Рамазанова) бірге меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын, меншік үй иелерінің тұрғындарын, саяжайлық бағбаншылық қоғамдардың төрағаларын, тұрғын үйлердің, өнеркәсіптің және әлеуметтік-мәдениет салаларындағы нысандардың су басуын алдын алу, зиян келтірудің алдын алу мен өз мүлігін қорғау бойынша шаралар қолдану қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдар арқылы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Ю.А. Кудиновқа жүктелсін.
Келісілген:
"Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Өскемен
қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Басқа 5. 2006 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар
Өскемен қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 10 ақпандағы
N 2294 қаулысымен бекітілген
2006 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар
N
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушы
1
2
3
4
1.
Әр кәсіпорында су тасқынына қарсы комиссия құру, су тасқыны кезеңінде тұрақты кезекшілік ұйымдастыру
2006 жылдың 1 наурызына дейін
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары
2.
Әр кәсіпорында кезекші бөлімшелер ұйымдастыру мен қауырт және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін оларды қажетті керек-жарақ пен механизмдермен жасақтау
2006 жылдың 1 наурызына дейін
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы", "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары
3.
Су тасқыны кезеңінде ауа райы болжамы туралы қала халқын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі хабардар ету
Тасқын кезеңінде
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі
4.
2006 жылы көктемгі кезеңінде су тасқынына қарсы ескерту шараларын жүргізу бойынша іс-шаралар әзірлеу ("Өскемен қаласы әкімдігінің және Меновной ауылдық округінің "Істер басқармасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалдары, қала аумағында)
2006 жылдың 1 наурызына дейін
"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", "Меновной ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері, "Өскемен қаласы әкімдігінің істер басқармасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалдары
5.
Шаруашылық нысандар мен пунктерді су басудан алдын алу бойынша уақытылы шаралар қолдану үшін қар еру мен сең буу бұзылған және су басатын жерлерде өзендердің ашылуына тұрақты бақылау ұйымдастыру, сонымен бірге Маховка өзеніндегі әуіт-жинауыштағы судың деңгейін бақылауды қамтамасыз ету
Үнемі тасқын кезеңінде
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы", "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері
Қала әкімі аппараты басшысының
міндетін атқарушы -
қала әкімінің кеңесшісі