О проведении месячника и субботников по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территории города Күшін жойған
Басқа 0
Қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру және көгалдандыру бойынша айлықты және сенбіліктерді өткізу туралы
Өскемен қаласының аумағын күзгі-қысқы кезеңнен кейін тиісті санитарлық жағдайға келтіру, қала аумағын көріктендіру және көгалдандыру деңгейін жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 17 сәуірінен 17 мамырына дейін Өскемен қаласының аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру және көгалдандыру бойынша айлық жариялансын (бұдан әрі - Айлық).
Тармақ 2
2. 2006 жылдың 22 және 29 сәуірінде қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру және көгалдандыру бойынша жалпы қалалық сенбіліктер өткізілсін (бұдан әрі - Сенбілік).
Тармақ 3
3. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің басшылары, жеке меншік құқығында үй құрылысы бар азаматтар Айлық өткізу кезінде бөлінген аумақтарды көріктендіруді және көгалдандыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4."Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов):
қала аумағын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;
қала көшелерінің асфальтбетон жамылғыларының ағымдағы жөндеуіне кіріссін;
жалпы қалалық аумақта қоқысты жинау үшін бұзылған урналарға тексеру жүргізсін және қалпына келтірсін.
Тармақ 5
5. Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер басқармасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны филиалдарының директорлары, "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов):
қала аумағында ұйымдастырылмаған қоқыс орындарын жою бойынша шаралар қолдансын;
квартал ішілік және аула ішіндегі аумақтарды тиісті қалпына келтіру (жарықтандыруға жөндеу жүргізу, ғимараттарды нөмірлеу, шағын сәулет пішінін және қатты тұрмыс қалдықтарын жинау үшін контейнерлік алаңшаларды жаңарту) және оларды көгалдандыру бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Меншік пәтер иелері кооперативінің төрағаларына:
аула аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша тұрғындармен жұмысты белсендіру;
шағын сәулет пішініне, ойын ойнайтын және кір жаятын алаңшаларға жөндеу жүргізу;
санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес, контейнерлік алаңшаларды ұйымдастырсын, ал қолданыста барларды әсемдік және санитарлық нормаларға сәйкес келтіру;
контейнерлік алаңшаларда және үйдің жанындағы аумақтарда қоқыстың үйілуіне жол бермеу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Е. Қасымов) орталық көшелерге шығатын үйлердің қасбеттерін тиісті қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Е. Богатикова) Айлыққа қатысу үшін жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлға ретінде есепте тұрған азаматтарды меншік пәтер иелері кооперативінің, Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер басқармасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны филиалдарының тапсырыстары бойынша қоғамдық жұмыстарға жібере отырып қатыстырсын.
Тармақ 9
9. "Өскемен қаласының қалалық Ішкі істер басқармасы" (А.Ж. Қабылов), "Өскемен қаласы бойынша салық комитеті" мемлекеттік мекемелеріне (М.Т. Бұлғынов) және Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Өскемен қаласы бойынша басқармасына (М.Л. Дерябин) белгіленбеген орындарда сауда жасауға бақылауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Өскемен қаласы бойынша басқармасының бастығына (М.Л. Дерябин):
көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа сумен қамту, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі нысандарының дайындығына қарау жүргізуді ұйымдастыру;
меншік түріне қарамастан, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және басқа нысандардың бөлінген аумақтарының санитарлық ұсталуына рейдтік тексерулер ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұзушыларға әкімшіліктік шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 11
11. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.П. Ясинская) 2006 жылдың І тоқсанында табыс бөлігінің орындалу қорытындылары бойынша қалалық бюджеттің шығын бөлігін анықтау кезінде "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ә.Ә. Маткаримов) 2006 жылы Айлықты өткізу үшін қызмет көрсетуге 10,5 млн. теңге бөлінуін қарастырсын.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қаланың базар аумақтарының тиісті санитарлық жағдайларын қалпына келтіру бойынша жұмысты күшейтсін.
Тармақ 12
12. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Қ. Бұтажанов) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, қала базарының аумақтарын тиісті санитарлық жағдайға келтіру бойынша жұмысты белсендірсін.
Тармақ 13
13. Инженерлік желілер мен ғимараттарды пайдаланатын кәсіпорындардың басшыларына құдықтар мен камералардың құрылымдарын санитарлық тазарту, жөндеу, жарамсыз люк құрылымдарын ауыстыру, қысқы кезеңде жөндеу жұмыстарын орындау барысында сыртқы көріктендіруді қалпына келтіру бойынша жұмысты орындауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Өскемен қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы 2006 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық заңды және жеке тұлғаларға, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшыларына Айлыққа белсенді қатысу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу дайындасын. Айлық іс-шараларының орындалу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ю.А. Кудиновқа жүктелсін.
Келісілді:
Өскемен қаласының Ішкі істер
қалалық басқармасының бастығы
Шығыс Қазақстан облысының
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау Департаментінің
Өскемен қаласы бойынша
басқармасының бастығы
Өскемен қаласы бойынша
салық комитетінің төрағасы