Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңының 31 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына және 14 бабының 4 тармағына сәйкес халықтың аз қамтамасыз етілген нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтар қатарына жататын табысы күн көрінісі төмен азаматтардың жекелеген топтарына заңдылықтарға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Нысаналы топтар қатарына жататын табысы аз, күн көрінісі төмен азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың Қағидасы бекітілсін (№2 қосымша ).
Тармақ 3
3. Шет ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №2/22 қаулысының күші жойылсын деп табылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалу барысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергеновке жүктелсін. Келісілді: Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы аудан әкімінің орынбасары 12.04.2006 жыл Хамзин Бекежан Құсайынұлы аудандық Мәслихат депутаты 12.04.2006 жыл Әбітаева Хауарира Бергенқызы аудандық медициналық бірлестігінің директоры 12.04.2006 жыл Қасым Есенбай Бейсенбайұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі 12.04.2006 жыл Жонкина Маркеш Жекенқызы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі 12.04.2006 жыл Жотабаева Райза Жотабайқызы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық кенесінің хатшысы 12.04.2006 жыл Бекенов Бақыт Маратұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 12.04.2006 жыл
Басқа 1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31.03 №3/24 қаулысына №1 қосымша Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы: Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бекенов Бақыт Маратұлы Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Құлшықов Аманжан Жаманұлы Ауданның халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, хатшысы Әбітаева Хауарира Бергенқызы Аудандық медициналық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) Жотабаева Райза Жотабайқызы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық Кенесінің хатшысы Қасым Есенбай Бейсенбайұлы Ауданның ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Хамзин Бекежан Құсайынұлы Аудандық Мәслихат депутаты (келісім бойынша) Жонкина Маркеш Жекенқызы Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
Басқа 2. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың Қағидасы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31.03 №3/24 қаулысына №2 қосымша Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың Қағидасы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті басқару туралы», Қазақстан Республикасының мүгедектерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы», «Халыктың көші-қоны туралы» Заңдары негізінде жасалған. Қағида аудан әкімдігінің қаулысымен бекиді. Аталмыш ереже азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын әлеуметтік көмек түрлерін оларды беру тетігін анықтайды. Қаржы бюджеттің мүмкіндігіне қарай мұқтаж отбасын зерттеу актісі негізінде берілді.
Тарау 1. 1. Азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын бір жолғы көмек түрлері
1. Азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын бір жолғы көмек түрлері
Тармақша 1
1) Ауыр науқасқа, қазаға ұшыраған әлеуметтік хал-жағдайы төмен отбасыларына жасалатын бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, тылда еңбек еткендерге Жеңіс күніне байланысты жасалатын бір жолғы әлуметтік көмек;
Тармақша 3
3) Қарттар мен мүгедектер күніне байланысты қарттар мен мүгедектерге жасалатын бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) Жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеген және қамқорлыққа мұқтаж оралмандарға бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) «Ардақты ана» медалімен, «Алтын алқаның» иегерлеріне, жасы 95 жастан асқан қарт аналарға, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Наурыз мерекесіне, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне орай әлеуметтік хал-жағдай төмен отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) Аудан көлеміндегі бала бақшаларға баласының төлем жарнасын төлеуге жағдайы жоқ, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасыларына ай сайын беріліп отыратын әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Аудан көлеміне келген жас мамандарды қолдау мақсатында берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек:
Тармақша 9
9) Оралмандардың табыс көзі жоқ кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік көмек:
Тармақша 10
10) Нысаналы топтарға жататын азаматтарға төлқұжат алу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) Табиғи немесе техногендік апаттан зардап шеккен Ұлы отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына үй-қораларын жөндеу үшін әлеуметтік бір жолғы көмек;
Тармақша 12
12) Мерзімді баспасөзге нысаналы топқа жататын азаматтарды төленетін бір жолғы төлем;
Тармақша 13
13) Денешынықтыру бұқаралығын арттыру мақсатында аудан көлеміндегі қоғамдық негіздегі үйірмелерге қатысушыларды календарлық күнтізбеге енбеген спорт шараларына қатыстыру үшін бір мезгілдік қаржыландыру.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмектердің мөлшері
2. Әлеуметтік көмектердің мөлшері Бір жолғы әлеуметтік көмектердің сомасы төмендегі мөлшерден аспайды:
Тармақша 1
1) Ауыр науқасқа және қазаға ұшырағандар отбасына - 20 айлық есептік көрсеткішке дейін.
Тармақша 2
2) Жас мамандарды қолдау көмегі - 10 айлық есептік көрсеткішке дейін.
Тармақша 3
3) Мерзімдік баспасөзге тегін жаздырту - 2 басылым.
Тарау 3. 3. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек жасау тәртібі
3. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек жасау тәртібі Әлеуметтік көмектер (төлемдер) тек осы кағидада көрсетілген жайттарда ғана беріледі. Әлеуметтік көмек беру отбасын зерттеу актісі негізінде, басқа құжаттармен толықтырыла отырылып жасалады. Осы қағидада көрсетілген әлеуметтік топтарға жататын азаматтар көмек алу үшін Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беріп төмендеті құжаттарды тапсыруы қажет:
Тармақша 1
1) Алушының жеке басын растайтын құжат:
Тармақша 2
2) Әлеуметтік көмек бөлінуіне, өтініш берушінің тұрған жерінен кенттік немесе ауылдық округ әкімінің ұсынысы:
Тармақша 3
3) Өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын анықтау актісі, аурулығын йемесе мүгедектігін растайтын құжат қөшірмесі:
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы құжат көшірмесі: үй жайының жағдайы туралы комиссияның қорытындысы:
Тармақша 5
5) Тұрғылықты жерін айғақтайтын анықтама:
Тарау 4. 4. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекпен қаржыландыру
4. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекпен қаржыландыру Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем аудандық бюджеттің осы мақсатқа қаралған бағдарламасы есебінен және бөлінген қаржы негізінде беріледі.