Об оказании единовременной материальной помощи ко Дню Победы участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Ресубликасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Бір жолғы көмек көрсетудің мөлшері анықталсын: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына - 3000 теңге; Ұлы Отан соғысы жылдары майданнан алыс жерлерде (тылда) мінсіз әскери қызметі және жанкештілік қызметі үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға (наградталғандарға), Ұлы Отан соғысының майдандарында әскери іс-қыймылға қатысқан ерікті жалданғандарға және әскери қызметкерлерге, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерлердің және басқа да орындардағы тұтқындарға, Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған әскерилердің екінші некеге тұрмаған жесірлеріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысқандардың, партизандардың, жасырынушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған жалпы аурулардың қорытындысында (салдарында), еңбек жарақатынан және басқа себептерден мүгедек болып танылғандарға (қўқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына), Ленинград қаласында қоршау кезеңінде кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс жасағандарға және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға (наградталғандарға), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан аз емес жұмыс жасаған азаматтарға - 1000 теңге.
Тармақ 3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ.Адамова) 2006 жылдың 1 сәуіріне Балқаш қаласының біріккен қорғау бөлімімен (Б.А.Бекмағанбетов) және зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықпен (Х.Б.Тұяқаева) салыстырылып тексерілген тізімдер бойынша жоғарыда көрсетілгендерге біржолғы материалдық көмекті мезгілінде төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі (Томпиева Ж.Қ.) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ.Баймағанбетов). «КЕЛІСІЛДІ» Қала әкімінің орынбасары Тукбаева Л.М. 17.03.2006ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ. 17.03.2006ж. Қаржы бөлімінің меңгерушісі Томпиева Ж.К. 17.03.2006ж. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Шлыкова З.С. 17.03.2006ж.