О мерах по упорядочению деятельности и обеспечению безопасности при размещении в полосе отвода автомобильных дорог области объектов передвижных автозаправочных станций Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылжымалы автоматты май құю стансаларының объектілерін облыстың автомобиль жолдарының бұрылыстарында орналастырғанда олардың қызметтерін ретке келтіру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен. Автомобиль жолдарының тиімді жұмыс істеуін және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртке қарсы, экологиялық, сәулеттік және санитарлық нормаларды сақтау, мұнай өнімдерін сатуда және пайдалануда тиісті бақылау орнату, мемлекеттік бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді толық жинау мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғалар жылжымалы автоматты май құю стансаларынан (ЖАМС) жанар-жағар май материалдарын сатуды Қазақстан Республикасының заңдары мен дайындалған нормативтік актілердің талаптарына сәйкес жүргізсін (қосымша).
Тармақ 2
2. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазынашы кәсіпорнының (РМҚК) Қостанай облыстық филиалы, облыстық жол полициясы басқармасы, "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" (СМСО) Қостанай мемлекеттік кәсіпорны, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма, облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы, көлікке бақылау жасау комитетінің облыстық басқармасы, жерасты байлығын қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекция, облыстық экология және биоресурстар басқармасы ЖАМС-нан жанар-жағар май материалдарын сатуға құжаттарды беруді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақавтожол" РМҚК-ның Қостанай облыстық филиалы жылжымалы автоматты май құю стансаларының төлқұжаты мен оларды елді мекендерден тыс жерлерге орналастыру схемасын қалалар мен аудандар әкімдерінің бойынша берсін.
Тармақ 4
4. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық жол полициясының басқармасы, облыстық салық полициясының басқармасы, "СМСО" Қостанай мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып, қолданылып жүрген заң талаптарына сай жауап бермейтін жылжымалы автоматты май құю стансаларын анықтау жөнінде үнемі рейдтер жүргізіп отырсын.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 13 қарашадағы өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 7. Автоматты май қүю стансаларынан мұнай өнімдерін сатарда қолданылып жүрген заңдарда қаралған талаптар
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 25 наурыздағы № 77 шешіміне қосымша Автоматты май қүю стансаларынан мұнай өнімдерін сатарда қолданылып жүрген заңдарда қаралған талаптар
Тармақ 1
1. Жылжымалы автоматты май құю стансаларынан (ЖАМС) мұнай өнімдерін бөлшектеп сату тек қана облыстың елді мекендері мен қалаларының тұрғын үй (санитарлық) аумағынан тыс жерлерде және қорғалатын жерлермен іргелес орналасқан облыстың аумағындағы су жинағыштардан алыс жерлерде жүргізіледі. (Бақылаушы орған: әкімдер, жер асты байлығын қорғау жөніндегі инспекция, экология және биоресурстар басқармасы)
Тармақ 2
2. Қарамағында ЖАМС бар кәсіпорындар жұмыс орнының орналасу схемасын (тұрақтар) олардың қозғалысының мынадай бағыттарын әзірлейді: гараж-мұнай өнімдерін алу орны-тұрақ (жұмыс орны) гараж.
Тармақ 3
3. ЖАМС жұмыс орны тиісті органдармен келісілген арнаулы бөлінген және жабдықталған алаңшада орналасуға тиіс. Алаңшалар автожолдардың негізгі көлік жүру бөлігінен тысқары жерде орналасуға тиіс (15 метрден кем емес), тегіс, автокөліктің қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып май құйып алуға еркін келу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. (Бақылаушы органдар: "Қазақавтожол" АМҚК, жол полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, ТЖ жөніндегі басқарма).
Тармақ 4
4. ЖАМС жұмыс орнына келер жерлерге "Автомайқұю стансасы" ГОСТ 10807-78) жол белгілері орнатылады. Тұрақ (жұмыс) орындары жұмыс кестесі, ЖАМС нөмірі, оның ведомстволық бағыныштылығы, сондай-ақ мұай өнімдерін босату тәртібі көрсетілген жарнамалық қалқаншалармен рәсімделугге тиіс.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі 283-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы 1621 Қаулысына сәйкес (ЖАМС) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті Қостанай облысы бойынша көлікті бақылау комитетінің басқармасы берген рұқсат қағазының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. ЖАМС гараждан шығуына дұрыс ресімделген жол қағазы болған жағдайда рұқсат етіледі және жол қағазында ЖАМС дұрыстығы мен толық жабдықталғаны жайлы механиктің белгісі, салық комитеті және "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" ҚМК келісілген тәртіпте ыдысында пломба болған жағдайда диспетчер ресімдейді.
Тармақ 7
7. Әрбір ЖАМС өшірілмейтін сырмен "Жылжымалы АМС "Оттан деген жазулар және жүктің классификациялық белгісі түсірілуге тиіс. ЖАМС шкафы есігінің ішкі жағында мұнай өнімдері маркасы және құю жабдығының технологиялық схемасы көрсетілген тақтайша болуға тиіс.
Тармақ 8
8. ЖАМС мұнай базалары мен құю пункттеріне мұнай өнімдерін құюға жібергенде цистерналарда мұнай өнімдерінің қалдықтары болмауы тиіс. Цистернаға сұйық отын белгілі деңгейге дейін толтырылады. ЖАМС қабылданған өнімнің мөлшерін ЖАМС төлқұжатында көрсетілген цистернаның толық сыйымдылығымен немесе 6 тармақта көрсетілген тәртіппен пломбамен бекітілетін құю пунктінің есептегіші бойынша анықтайды.
Тармақ 9
9. ЖАМС жүргізуші-май құюшысы әр ауысым сайын есеп беруді құрастыруға және АМС бағынышты кәсіпорнына тауар-көлік құжаттамасының көшірмесін, уақытылы және толық түсірілуі туралы құжаттаманы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің барлығы туралы актіні қоса тапсыруға міндетті.
Тармақ 10
10. Тауар-көліктік құжаттаманы ресімдегенде оларда, сондай-ақ жол қағазында ЖАМС шығу кезінде және оның тұраққа оралғанындағы әрбір май құюындағы отын бөлу колонкасының (ОБК) жинақтаушы есептегішінің көрсеткіштері туралы белгі соғылады.
Тармақ 11
11. ЖАМС жүргізуші май құюшысы ОБК жинақтаушы есептегішінің көрсеткіштерін жұмыстың әрбір екі сағаты сайын есеп жүргізу журналына жазып қоюға міндетті.
Тармақ 12
12. ЖАМС ЖЖМ қолма-қол ақшаға сату осы мақсаттарға арнайы лайықталған, ГОСТ 9018-89 талаптарын қанағаттандыратын ЖАМС, ОБК ғана іске асырылады.
Тармақ 13
13. ЖАМС пайдалану келесі құжаттар негізінде әзірленген нұсқамаларға сәйкес жүзеге асырылады: - автомобиль және тіркемені пайдалану жөніндегі нұсқамаға; - техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, қызмет көрсетушілерге арналған өндіріс санитариясы және экологиясы жөніндегі нұсқамаға; - ЖАМС техникалық пайдалану ережелеріне; - қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамаға.
Тармақ 14
14. ЖАМС мынандай құжаттамалар болуға тиіс: - көлік құралын тіркеу туралы куәлік; - белгіленген үлгідегі жүргізуші куәлігі; - қауіпті жүктерді тасымалдау үшін берілетін рұқсат қағаз; - көлік құралының қауіпті жүкті тасымалдауға жіберілгені туралы куәлік; - жүргізушінің қауіпті жүкті тасымалдауға жіберілгені туралы куәлік; - АМС операторының куәлігі; - тасымалдау бағыты (тасымалдауға жауапты кісі болмаған жағдайда); - ақпарат жүйесінің қауіп туралы апаттық картішкесі; - ЖАМС төлқұжаты және оның автомобиль жолында орналасу схемасы; - ЖАМС цистернасының калибрлік төлқұжаты, ОБК мемлекеттік тексеруден өткені туралы төлқұжат; - ЖАМС жүргізуші май құюшыларына арналған техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама; - лауазымдық нұсқама; - ОБК шығу кезіндегі көрсеткіштері көрсетілген мұнай өнімдерін есептеу журналы; - мұнай өнімдерінің сәйкестік сертификаты; - автомобильдің сәйкестік сертификаты; - өткізілетін мұнай өнімдеріне арналған ГОСТ-ар; - өлшеу құралдарын тексеру кестесі (ОБК, цистерналар); - мұнай өнімдеріне арналған бағалар прейскуранты; - ауысымдық есеп беру; - құралдарды жөндеуді есепке алудың журналы; - ЖАМС техникалық пайдаланудың ережелері; - шағымдар мен ұсыныстар кітапшасы.
Тармақ 15
15. Әрбір ЖАМС мыналармен толық жабдықталуға тиіс: - автомобильді жөндеуте арналған арнайы құралдармен; - отын бөлу агрегаттары және құбырларға арналған босалқы бөлшектердің жекелеген жиынтығымен; - сиымдылығы 10 литрлік II разрядтағы үлгідегі өлшегішпен, екі өт сөндіргішпен. Біріншісі көлік құрамындағы өртті сөндіруге, келесісі - тасымалданып келе жатқан мұнай өнімдері жанған кезде сөндіруге арналған; - киізбен (асбест кесіндісімен); - жеке медициналық аптечкамен; - төгіліп қалған мұнай өнімдерін жинауға және жоюға арналған құралдармен.
Тармақ 16
16. Тұрақты жұмыс істейтін АМС аумағында ЖАМС пайдалану АМС жөнделуге немесе резервуарын тазартуға тоқтаған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 17
17. ЖАМС жүргізуші май құюшысыз істеу қалпында қалдыруға, жай тартқыш буынынсыз, орнатылмаған жай тартқышсыз пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Жылжымалы автоматты май құю стансаларының жұмысы үшін қарамағында ЖАМС бар кәсіпорындардың басшылары жауап береді.