Об утверждении ставок на размещение наружной визуальной рекламы в г. Степногорске и поселках Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы мен кенттерінде сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыруға құн көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 491 бабының 2) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Степногорск қаласы мен кенттерінде сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыруға құн көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 қарашадағы № ЗС-23/5 «Степногорск қаласы мен кенттерде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыруға құн көлемін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 30 наурыздағы № ЗС-28/10 шешімімен бекітілген Степногорск қаласы мен кенттерінде сыртқы көрнекі жарнаманы пайдалану және орналастыруға төлем құнының көлемі (ең төменгі есеп көрсеткіші алаңның 1 шаршы метріне) № р/с Жарнаманың түрі Шетел тауарларының жарнамасы және қызметі Жергілікті тауарлардың жарнамасы және қызметі 1 2 3 4 1 Жеке тұратын қондырғылар: Стенд, қалқан, жазық және көлемді тумбалар (билбордтар) 0,4 0,2 2 Ғимараттар мен имараттардың қабырғаларында көлденең және тік кронштейндер, панельдер, қалқандар 0,4 0,2 3 Ғимараттар мен имараттардың төбесіндегі қондырғылар 0,4 0,2 4 Қалалық жарық беру діңгектері және басқа да тіректер мен діңгектерде орнатылған панельдер мен кронштейндер 1 0,2 5 Автобус аялдамасы павильондарында, көркейту элементтері мен обьектілердегі қалқан-плакат 1 0,2 6 Сауда павильондары мен дүңгіршектердегі жарнамалар мен ақпараттар 1 0,2 7 Динамикалық, жарықтық және жүгірмелі жолдар мен басқа да жарнамалар 1,2 0,2 8 Транспаранттар-тартыстар 0,4 0,2 9 Витринада тұрған сатуға арналған өнімдерден басқа, өзі жапсырылатын пленка немесе басқа жағдайлармен жасалған, жарнамалық мақсатта тауарлық белгілер мен өлшемдері қолданылған әшекейленген витриналар мен терезелер 1 0,2 10 Жалаулар және басқа да жұмсақ сүлгіде, соның ішінде күн сәулесінен қорғайтын қол шатырларда 1 0,2 Ескерту:
Тармақ 1
1. ТЕК- төменгі есеп көрсеткіші
Тармақ 2
2. Егер жарнама орналастыруда күрделі кескін үйлесімі болса, алаң құнының есебі барлық жарнамалық қондырғының сыртқы пішінімен жүргізіледі.