Об утверждении Правил благоустройства, обеспечения санитарного состояния, охраны земель и зеленых насаждений по Аккольскому району Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6 бабына, Қазақстан Реепубликасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелерін бекіту (қосымша).
Тармақ 2
2. Берілген шешім Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Қосымша БЕКІТЕМІН Ақкөл аудандық мәслихатының 2006 жылдың 20 наурызындағы сессиясының № С 29-5 шешімімен Ақкөл ауданының көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Аумақтарды көркейту - қала аумақтарындағы адамдар өміршеңдігін жайлы, қолайлы қамтамасыз ететін, жұмыстар мен элементтер кешені.
Тармақ 2
2. Инженерлік желілер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, елді-мекен аумақтарынан жер беті суын жинау мен бұру үшін бағытталған, қаланың инженерлік көркейтуінің маңызды элементтері.
Тармақ 3
3. Жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафты ресімдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін, елді-мекеннің жобалау шешімінің элементі.
Тармақ 4
4. Жер жұмыстары - аумақтарды қазу, үйінділерді жию, қайта жабу, қазаншұңқырларды өңдеуге байланысты жұмыстар.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - елді-мекен ішіндегі жер учаскелерін пайдаланатын, мақсаттары мен меншік түріне қарамастан, заңды немесе жеке тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалдаушылар, пәтерлер иелерінің кооперативтері және басқалар).
Тармақ 6
6. Үй иесі - жеке меншігінде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 7
7. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушыға меншікке берілген, жер учаскесі немесе оған қатысты нысандарды орналастыру үшін өкілетті органның шешіміне сай пайдалану (ғимараттар, құрылғылар, көлік магистралдары және басқалар).
Тармақ 8
8. Бекітілген аумақ - заңды немесе жеке тұлғаға бөлінген аумақтар жетегіндегі, олармен пайдаланылатын, күту және қызмет көрсету үшін өкілетті органмен тіркелген жер учаскесі. Елді-мекен ішінде бекітілген аумақтар: елді-мекен көшелерінің аумақтары (жаяусоқпақтар, шөп шығатын алаңдар және басқа да көркейту элементтері). пәтерлер иелерінің кооперативтері кондоминиумдарға және басқаларға бөлінбеген, аула ішіндегі аумақтар әрбір аулада бөлінген аумақтар шекараларына теңбе-тең немесе тараптардың келісімі бойынша бекітілген, бірнеше жер пайдаланушының болуы); бөлінген аумақтың периметрі бойынша 10 метр қашықтығы аумақ, ал көше жақтан - көшелердің қызыл сызығынан аспау керек.
Тармақ 9
9. Көше - жолдың жүретін бөліктері, жаяусоқпақтар, жасыл желектер, аялдамалар, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан елді-мекен аумақтары.
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа нысандар.
Тармақ 11
11. Салынып бітпеген аумақ - негізгі жобалау нормасын қолдануды шекпейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрі жоқ аумақ.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 12
12. Осы ережелердің мақсаты қала аумақтарындағы адамдар өміршеңдігін жайлы, -қолайлы қамтамасыз ететін, Ақкөл қаласында көркейту тәртібін анықтау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу және жасыл желектерді қорғау болып табылады.
Тармақ 13
13. Үнемі тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдардың ұжымдары, тұрғындар бөлінген және бекітілген аумақтар мен жасыл желектерді күтуге қатысуға міндетті болып саналсын.
Тармақ 14
14. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, жеке меншік үй иелері сәулет және санитарлық нормаға сай, бөлінген және бекітілген аумақтар шекарасын өз есебінен ұстауға міндетті: тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік және сауда ғимараттары, вокзалдар, стадиондар мен басқа да олардың аумақтарының маңындағы нысандар; көшелер, алаңдар, өтетін жолдар, аула аумақтары, жаяусоқпақтар, жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындар, базарлар мен базар алаңдары, маңындағы аумақтар мен елді-мекен зираттары, автокөлік тұрақтары; қоршаулар, шарбақтар, көк шөп шығатын алаңдар қоршаулары, жарнаманың және жарнама қондырғыларының барлық түрі, ғимараттар мен ескерткіштерді декоративтік жарықтандыру бойынша қондырғылар, көшені жарықтандыру шамдары, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тірек бағандар, көшедегі мағаттар, ескерткіш тақталар, көше атауларының көрсеткіштері, үйлердің нөмір белгілері, бақты-саябақ отырғыштары, урналар, арбалар, науалар, жолаушылар көлігінің аялдамаларындағы отырғызатын алаңдар мен павильондар; жол желілері, су құбырлары, трансформаторлық қондырғылар, көшелер мен алаңдардың жол төсемдері, көше қозғалыстарын реттеу белгілері, телефон будкалары, радиостанциялық қондырғылар, антенналар, телефон байланыстарының будка-постылары және метеорологиялық қызметтер, диспетчерлік қызметтердің сөйлесетін қондырғылары және басқа да гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық құрылғылар; бөлінген және бекітілген аула аумақтары: оларды жүйелері көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, жуу, қарды шығару және құм шашу, су ағар мен кәріздерді тазарту, қоқыс пен жапырақтарды жағуға жол бермеу; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сай жасыл желектерді сақтау, себебі жасыл желектер олардың ведостволық қатыстылығына қарамастан, жұмсалмайтын қор құрады және заңмен қатаң қорғалады; толық кешенді агротехникалық іс-шаралар өткізу: суару, шырпу, діңдерді ағарту, тамырына жақын өскіндерді жұлу, тыңайтқыштар салу, діңнің айналасын қопсыту, уытсыздындыру мен жараларын жабу, қуысын бітеу, көк шөп шығатын алаңдар шөбін шабу; зиянкестер мен арамшөптерді (арамсояу, амброзия, сора және басқа) жою жөнінде өз күштерімен немесе арнайы қызметтермен шарт бойынша жүйелі жұмыстар атқару; жыл сайын сәуір - маусым айларында елді-мекен аумақтарын көркейту және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізу; елді-мекен аумақтарын көркейту, көгалдандыру бойынша байқау-конкурстар өткізу; жер асты коммуникацияларының иелері дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұзылған көркейтуді қалпына келтіру;
Тарау 3. 3. Елді-мекен аумақтарын жинау тәртібі
3. Елді-мекен аумақтарын жинау тәртібі
Тармақ 15
15. Кәсіпорындар (барлық меншік түріндегі), кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, үй-жайлар иелері немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар бөлінген және бекітілген аумақтарды жинайды және қоқысты өздері шығарады немесе штатта аула сыпырушыны ұстайды немесе бұл жұмыстарды арнайы кәсіпорындармен шарт негізінде орындайды. Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа, суару мен көшелерді алаңдарды және басқа да аумақтарды жууды орындауы керек.
Тармақ 16
16. Жетілдірілген төсемі бар, көшелер мен алаңдардың жүретін бөліктерін механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейін және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады. Түнгі уақытта жинау кезінде (кезеңге қарамастан) шуды ескертетін шаралар қолдану керек. Көшелер, жаяусоқпақтар, алаңдардың жүретін бөліктерін жуу жоспарлы түрде, бірақ аптасына екі реттен кем емес механикалық қызметтермен сағат 24-тен таңғы 6-ға дейін жүргізіледі. Шаңдануы көп болатын көшелерді суару күнделікті екі реттен кем емес жүргізіледі, соның ішінде күндіз бір реттен аз емес.
Тармақ 17
17. Көшелердің жол төсемін, маңайындағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяусоқпақтарды, еңісін, қоғамдық көлік қозғалыстарының қиылыстары «қызыл сызық» шекарасында, автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңдарын, алаңдарды, автожол көпірлерін, жол желілерін, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау аудан бюджетінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Теміржол жолы мен көпірлер, еңістер, үйінділер, өткелдер, жол арқылы өтетін жер, рельстер шетінен 10 метр ендіктегі аумақтар осы құрылғыларды пайдаланатын, теміржол ұйымдарының күшімен және қаржысымен жиналады.
Тармақ 19
19. Автобекеттерді, көлік шаруашылығының диспетчерлік пунктерін, диспетчерлік қызметтерімен сөйлесу құрылғыларын және оларға бекітілген аумақтарды жинау мен ұстау олардың теңгерімінде болып табылатын, көлік шаруашылығының ведомствосымен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Халыққа қызмет көрсететін, сауда нүктелері бар жеке тұлғалар және басқа пункттер, сондай-ақ осы үй-жайларды жалдаушылар күні бойы тазалық сақтауы керек және жұмыс аяқталғаннан кейін 10 метр радиусты қоқыс пен батпақтан тазартулары қажет. Ұсақ бөлшек сауда сататын дүңгіршіктер, палаткалар, павильондар мен дүкендер маңына босаған ыдыстар мен тауарлар қорын үюге, сондай-ақ бекітілген аумақтарға үюге тыйым салынады.
Тармақ 21
21. Қоғамдық дәретханалар мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын тиісті жагдайда ұстау шарт негізінде, меншік субъектілерімен аудан бюджетінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Маңындағы базар алаңдарымен базар аумағын жинау, қалдықтар жинайтынды тазарту және оларды тиісті ұстауды базардың меншік иесі жүргізеді. Базарлар аумақтарының (соның ішінде шаруашылық, базар алаңдары) қатты төсемдері (асфальт, плитка, булыжник және басқа) болу керек. Жылдың жылы кезінде міндетті түрде сыпырудан басқа, базар аумақтарын жуу жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Көркейтудің орындалған жобаларына сай, жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшілік қыдыратын жерлер аумақтарында:
Тармақша 1
1) 75 келушіге бір орын есебімен қоғамдық дәретханалар;
Тармақша 2
2) ара қашықтықтары 40 метрден аспайтын урналар;
Тармақша 3
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінен қалдықтар жинағыш; киім шешетін орын, гардероб болу керек;
Тармақ 24
24. Жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындар аумақтарын жинау, сондай-ақ күнделікті таза құм немесе ұсақ тас себу, жиналған қалдықтарды алып, құмның үстіңгі қабатын механикалық қопсыту осы аумақтар бекітілген ұйымдармен белгіленген заң тәртібінде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Жағажайлардағы, саябақтар, саябаулар, демалыс аумақтары мен көпшілік қыдыратын орындардағы сауда нүктелерін жинау, міндетті түрде қоқысты шығару, күн ағымында сауда сатқан мекемемен жүргізіледі. Демалу және қыдыру орындарында орналасқан сауда орындарында қоқыс шығару сауда жасайтын кәсіпорындармен орындалады.
Тармақ 26
26. Стадиондар, спорт алаңдарын ұстау және жинау теңгерімінде ұсталатын техникалық персоналдарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Кооперативтік гараждың, саяжайлардың, жасыл желектермен бау-бақша қоғамдарының бөлінген және бекітілген, радиусы 10 метр аумақтарын ұстау мен жинау меншік иелерімен немесе осы кооперативтердің қоғамдық ұйымдарымен және қоғамдармен атқарылады.
Тармақ 28
28. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының ішінде темір гараждар мен жерқоймалар орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен орнатылған гараждар мен жерқоймалар бұзылады.
Тармақ 29
29. Зираттар аумақтары қоршалған болу керек, өтетін жолдарда қатты жамылғылар болу керек.
Тарау 4. 4. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару тәртібі
4. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару тәртібі
Тармақ 30
30. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, балалардың оқу, емделу мекемелерінен, мәдени кәсіпорындардан, қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Қоқыс және қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнату үй иелерімен, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен, жеке тұлғалармен шарт бойынша, баланстарында контейнерлер бар арнайы кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Контейнерлер орнататын алаңдардың су өткізбейтін қатты жабуы және кіретін жолдары болуы керек, сәулет және қала құрылыстары бөлімімен, мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісім бойынша құрылыстардан 20 метр қашықтықта, бірақ 100 метрден артпауы керек және үй иелерімен және басқа да жер пайдаланушылармен ұсталады.
Тармақ 33
33. Елді-мекенде тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау мен төгудің оларды белгіленген кезеңмен тапсырыссыз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан шығарудың жүйелілігі орнатылған.
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер кеңістіктері үшін - үй иелерімен бекітілген кестеге сай, контейнерлерде қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтардың үйіліп қалуын болдырмау;
Тармақша 2
2) қоғамдық және мәдени бағыттағы нысандар үшін - қажет болған жағдайда, бір аптасына 2 реттен аз емес;
Тармақша 3
3) ірі көлемдегі тұрмыстық қатты шығару тапсырыс бойынша жүзеге асырылуы керек;
Тармақ 34
34. Арнайы кәсіпорындармен қызмет көрсетуге қамтылған жеке тұлғалар. Кәсіпорындармен қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды арнайы жабдықталған көлік құралдары бар болған жағдайда, өз күшімен және қаражатымен орындайды. Қалалық қоқыс төгетін орынға қоқыс шығару ісі тиісті құжаттармен расталуы керек.
Тармақ 35
35. Ауылдық елді мекендерде кәсіпорындер мен ауылшаруашылық құрылымдер өлген малды қөрымға жинап, оның маңайын қоршап, болшың үйіп, тазалығын ұдайы сақтауға міндетті:
Тармақша 1
1) Малдың қыйын арнайы жерге үйгізіп, оның маңайына балшық үйіп көгалдандыру жұмысгерын жүргізуге міндетті.
Тармақша 2
2) Қоқыс төгетін алаңдердың маңайына балшық үйіп, қоқысты бір жерге үйіп, алаң маңайын көгалдандыру жұмысгерын жүргізуге міндетті.
Тарау 5. 5. Қыс жағдайында аумақтарды жинау және ұстау
5. Қыс жағдайында аумақтарды жинау және ұстау
Тармақ 36
36. Қарашадан сәуірге дейінгі аралығындағы кезеңде елді-мекен аумақтарын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық және құм шығару қажет болған жағдайда жекеменшік субъектілерімен күні бойы жүргізілуі керек. Жүріс және өтетін жерлерге бөгет жасау және өсімдіктер өсетін жерлерге қар және мұз салуға тыйым салынады.
Тармақ 37
37. Төбелердегі қарды тазарту және төбелердегі, жиектер мен су ағатын құбырлардағы бұлтықтарды алу, жүргіншілердің бақытсыз жағдайға душар болуына жол бермейтін және ауа желілері, шырақтар, жасыл желектерге нұқсан келтірмеу шараларын міндетті түрде сақтап, ғимараттар мен құрылыстар иелері мен жалдаушылар күшімен және қаржысымен жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Тармақ 38
38. Көшелер, алаңдар, көпірлер мен жолжелілірінің жүретін бөліктерін, жол қиылыстары, өрлеу әне еңістер, жаяусоқпақтар, жүргіншілер өткелдерін, баспалдақтарды механикалық тазарту және құм себу жоспарлы түрде арнайы кәсіпорындармен аудан бюджетінің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар жаяусоқпақтар, өткелдер, алаңдар, бөлінген және бекітілген аумақтарда орналасқан, басқа да адамдар көп жиналатын жерлер мен өткелдерді механикалық жинау құм себуге арнайы кәсіпорындармен шарт жасауы мүмкін немесе осы жұмыстарды өз күшімен атқарады.
Тармақ 40
40. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарда тайғаққа қарсы іс-шаралар қарастыруға міндетті.
Тармақ 41
41. Қардан қала көшелерін тазартуға кедергі келтіретін, қала көшелерінде бей-берекет автокөліктер қоюға тыйым салынады.
Тарау 6. 6. Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану тәртібі және оларды ұстау мен қорғау тәртібі.
6. Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану тәртібі және оларды ұстау мен қорғау тәртібі.
Тармақ 42
42. Көшелер мен жолдар олардың құрамына кіретін барлық құрылғылар мемлекет меншігі болып табылады және жалпы қолдануға бағытталған. Көшелерді, жолдарды және құрылғыларын пайдалану, оларды ұстау мен қорғау тәртібі жол қозғалысы Ережелерінің талаптарына сай қабылданған, осы Ережелерді сақтаумен жүзеге асырылуы қажет.
Тармақ 43
43. Инженерлік құрылғылармен көшелерді, жолдарды пайдаланушылардың барлығының міндеті көлік қозғалысының үзіліссіздігін қамтамасыз ету болып табылады, тыйым салынады:
Тармақша 1
1) көшелер, жолдар мен жол құрылғыларына жол қозғалысын реттейтін белгілер, құралдар, жасыл желектер мен басқа жол құрылымдарына нұқсан келтіруге;
Тармақша 2
2) көшелер мен жолдарды қандай-да бір заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршап немесе үйіп тастауға;
Тармақша 3
3) белгіленген шекаралардан артық жұмыстар орындауға;
Тармақша 4
4) жерді және ағаштарды, бұталарды, көк шөп шығатын алаңдарды, құдықтар люктерін, су ағатын торларды, науалар мен қыраттарды, су өткізетін құбырлар мен дренаждарды құрылыс материалдарымен жабуға;
Тармақша 5
5) көшелер мен жолдардың өтетін бөлігіне кәріздік, өндірістік және іркілген суларды ағызуға;
Тармақша 6
6) жол төсемдерін бұзуға байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
Тармақша 7
7) жолдардың жүру бөлігіне лас шығаратын көлік құралдарын шығаруға;
Тармақша 8
8) МемСТ белгілеген немесе тыйым салынатын белгілерде көрсетілген, жалпы габариты, білікке салмағы мен жүк салмағы нормадан артатын көлік құралдарының көшелер мен жолдардан өтуіне;
Тармақша 9
9) Көшелер мен жолдарды белгіленбеген орындары арқылы және жиек тастар арқылы өтуге, көлік құралдары мен басқа техникалардың кіруіне және шығуына;
Тармақша 10
10) жаяусоқпақтарда, жүргіншілер жолдарында, бөлік жолақтарында, көк шөп шығатын алаңдарда, тұрғын үйлер, дүкендер, дәріханалар, базарлар, қызметтік ғимараттар, жалпы қолдану орындарына көлік құралдарын қоюға;
Тармақша 11
11) көшелер мен жолдарды ластайтын, тиісті орауы жоқ төгілетін және басқа да жүктерді тасымалдауға;
Тармақша 12
12) қысқы уақытта қызыл судан өтетін бөлігін тазарту үшін айрықша жағдайдан басқа, шынжыр табанды техниканың өтуіне.
Тармақ 44
44. Елді-мекен көшелері мен жолдарының жабуын ұстауды қадағалау теңгерімде ұстаушымен және аудандық ішкі істер басқармасы жол полициясы бөлімімен үнемі қадағалау және жүйелі тексеру арқылы жүзеге асырылады, мақсаты:
Тармақша 1
1) елді-мекендік көліктер мен жүргіншілердің тәулік бойы үзіліссіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жол жабуларын ерте тозу мен бұзылудан сақтау;
Тармақша 3
3) қалалық көлікті дамыту талаптарына сай, қала жолдарының жағдайын жүйелі жақсарту;
Тармақша 4
4) жол жабуларының қалыпты жағдайынан оларды жою үшін дер кезінде ақаулар мен бүлінуді анықтау, жекелеген жағдайларда (жолдың жүретін бөлігінің құлаулы, көк тайғақ, апат жағдайында көшелер мен жолдардың бүлінуі) қозғалыстың қалыпты жағдайларын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалыстарын шектеу мен тыйым салу.
Тарау 7. 7. Елді-мекен аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлерін орнату мен ұстау тәртібі
7. Елді-мекен аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлерін орнату мен ұстау тәртібі
Тармақ 45
45. Сыртқы көркейтудің элементтері, соның ішінде ғимараттардың қас бетін жөндеу қала және елді-мекен аумақтарының құрылыс тәртібін анықтайтын Ережелерге сәйкес орындалуы керек.
Тармақ 46
46. Қоршаулар, қорғандар, дүңгіршіктер, дүкеншелер, шатырлар, павильондар, урналар, баубақ-саябақ отырғыштары, жарнама стендтері, маңдайшадағы көркемдеулер, әр түрлі көрнекі және басқа құрылғыларды орнату сәулет және қала құрылысы бөлімімен келіскеннен кейін ғана салу мен орнатуға жол беріледі.
Тармақ 47
47. Сыртқы көркейтуден барлық элементтері дұрыс жағдайда ұсталып, жылына бір реттен кем емес жаңартылуы керек.
Тармақ 48
48. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақшалар, саябақтарда, бекеттер, әуежайлар, базарлар, қалалық көлік аялдамалары мен басқа орындарда, кісі көп жүретін жерлерде, 40 метрден, кісі аз жүретін жерлерде 100 метрден артық емес қашықтықта жеткілікті саны бар урналар қойылуы керек. Қалалық көлік аялдамаларында, жер асты өтетін жерлерде, дүкендер, дүкеншелер, дүңгіршіктер, кіреберістер маңында урналар орнату міндетті. Жер пайдаланушыларға бөлінген және бекітілген аумақтарда олардың өздерімен, жалпы пайаланатын жерлерде аудан бюджеті есебінен урналар орнатылады.
Тармақ 49
49. 2/4 көлемге урналардың толуына жол беріледі. Урналарды таза және дұрыс ұстау мен орнату, олардың сақталуына бөлінген және бекітілген аумақтардағы жер пайдаланушылар, жалпы пайдаланатын жерлерде осы учаскелерді шарттық жағдайлармен елді-мекен есебінен жинайтын кәсіпорындар жүзеге асырады.
Тармақ 50
50. Тұрғын, қызметтік, өндірістік және басқалай ғимараттардың иелері екі тілде кәсіпорын атауы бар маңдайшалардың болуына жауап береді және оларды дұрыс ұстауға міндетті.
Тармақ 51
51. Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқалай көрнекілік қондырғылар иелерімен әдемі, жалпы стильде, қажетті мөлшердегі ақпараттары бар болып орындалуы керек.
Тарау 8. 8. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды бұзуға байланысты.
8. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды бұзуға байланысты.
Тармақ 52
52. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен берілген, жазбаша рұқсат берілген кезде гана жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісу беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар меншік түріне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскені бірінші талап бойынша тез арада өз күшімен босатуға міндетті. Тез арада апатты қажет ететін, елді-мекеннің өміршеңдігін қамтамасыз етеін елді-мекеннің маңызды нысандары үшін ерекше жағдайда, келісім беретін, ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді ордер) ресімдеусіз, одан әрі 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдеп, апатты жоюға кірісуге жол беріледі.
Тармақ 54
54. Инженерлік желілер, жолдар, жаясоқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімді көрсетіп уәкілетті органға тапсырыс беруге міндетті. Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 55
55. Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар Құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлік желілер төсеу жөніндегі жұмыстар жүргізу уақытын байланыстыру үшін және салынған жылы асфальбетонды жабуды қопаруды болдырмауға және салынғаннан кейін 5 жыл ішінде, осы жұмыстарды белгілеген елді-мекен ұйымдары ағымдағы жылдың алдында келетін жылдың 1 наурызынан кеш емес сәулет бөліміне, трассалар және мекен-жай тізімдерін қоса жұмыстарды орындау белгіленген мерзімін көрсетіп тапсырыс беруге міндетті.
Тармақ 56
56. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, тапсырыс беруші автокөлік қозғалысын жабуға қалалық әкімдікпен тиісті өкім ресімдейді, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елді-мекен тұрғындарын хабардар етеді.
Тармақ 57
57. Елді-мекендік шаруашылық нысандары, элементтері ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы Ережелерді бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кеш емес, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруга міндетті. Солармен бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
Тармақ 59
59. Жұмыстарды жүргізуші жұмысты бастағанға дейін келесідегілерді орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қоршаулармен қоршауы керек, өтіп жатқан көліктен кешенді ластамау үшін қолайлы болуы керек;
Тармақша 2
2) ереже бойынша өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болуы керек;
Тармақша 3
3) құрылыс ұйымдары үшін құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде балшықтан күнделікті тазарту үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негізгі магистраль жолдың учаскесі бекітіліп беріледі;
Тармақша 4
4) жүргіншілер жүретін орындарды бір бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргіншілер көпірі орнатылады және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу учаскесін жарықпен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепілдік беру;
Тармақша 6
6) өтетін жолдар немесе жүргіншілер қозғалысының жүйелерін жабу қажеттілігі кезінде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиісті белгілермен айқын белгілеу;
Тармақ 60
60. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде қөрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Жолдың алынған асфальты мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектер мен жаяусоқпақ тастары бөлшектелінеді, үйіледі және сақтау мен қайта пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға және т.б топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады.
Тармақ 62
62. Жер асты жүйелер мен құрылғыларға, сыртқы көркейту элементтерін бұзғаны үшін ордер алған ұйым жауап береді. Зақым келтірудің әрбір жағдайында мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зақым келу себебі, кінәлі адам, зақым келуді жою бойынша шаралар, қалпына келтіру құнының мерзімдері көрсетілген, акт жасалады. Зақым келуді жою бойынша мерзімі мен техникалық шарттарды сақтамаса, кінәлі адамдар барлық қалпына келтіру құнын өтейді. Жабулар мен көркейту элементтерін бұзуды, қалпына келтіру топырақпен қайта жабу жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі тәуліктен кеш емес басталуы керек. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым жауап береді.
Тармақ 63
63. Қала бюджеті есебінен бұзылған және зақымданған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда барлық шығындар ордер алушы-ұйым есебінен өтеледі.
Тармақ 64
64. Жұмыстар жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен кұрылыс немесе жер асты коммуникациялары жөндеу кезінде, олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталуына байланысты учаскелеріне ордер беріледі.
Тармақ 65
65. Жол төсемдері, жаяусоқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін бес жыл ішінде жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге тыйым салынады, қала әкімінің рұқсаты бойынша ерекше жағдайдан басқа.
Тармақ 66
66. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылданғаннан кейін ғана рұқсат беріледі, қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабулардың шегуіне және сынының бұзылуына осы жерді қазған ұйым жауап береді.
Тармақ 67
67. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.
Тармақ 68
68. Қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың сапасы өкілетті органмен қабылданады.
Тармақ 69
69. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.
Тарау 9. 9. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау тәртібі
9. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау тәртібі
Тармақ 70
70. Жасыл желектер жалпы халықтық игілік, маңызды сауықтыру факторы және қаланың әшекейі болып табылады. Оларды қорғау мен сақтауға - әрбір заңды және жеке тұлға міндетті.
Тармақ 71
71. Жасыл желектерді ағымдағы ұстау, қорғау мен өсіру жер пайдаланушылар иелеріне, аумақтар бекітілген заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі:
Тармақша 1
1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшелердегі құрылыстардан жаяусоқпақ сызығына дейін пәтерлер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй қорының иелеріне;
Тармақша 2
2) жалпы пайдаланудағы нысандарда (саябақтар, саяжолдар, саябаулар және т.б) және жаяусоқпақ сызығына дейінгі көшелер бойы аудан бюджетінің есебінен шарт негізінде жұмыстар атқаратын кәсіпорындарға;
Тармақша 3
3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен басқа да әртүрлі меншік түріндегі нысаңдар, сондай-ақ оларға бекітілген аумақтар мен санитарлық қорғау аумақтары кәсіпорындар басшыларына және осы нысандар иелеріне;
Тармақша 4
4) жұмысты бастаған күннен бастап, құрылысқа бөлінген аумақтарда тапсырыс беруші немесе оның сенімімен бас мердігер-құрылыс ұйымына.
Тармақ 72
72. Құрылыс салатын жерлерге жататын жасыл желектердің кесуі мен көшіріп отырғызуына, жер асты коммуникациялар мен инженерлік жүйелердің салуына, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы кесімімен және өкілетті органмен бекітілген жасыл желектерді кесу жөніндегі акті болған жағдайда жол беріледі. Жасыл желектердің көшіріп отырғызуға жарамдылығын немесе кесуді комиссия анықтайды.
Тармақ 73
73. Еріксіз жоюға түсетін жасыл желектерді бағалау, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар заңды тұлға орындайды.
Тармақ 74
74. Құрылыс және жөндеу жүргізетін, кәсіпорындар мен ұйымдар құрылыс жасайтын жердегі жасыл желектерді, көк шөп шығатын алаңдарды еріксіз жойған жағдайда, төлем сметасында оларды қалпына келтіру құнын, ал көшіріп отырғызған жағдайда жасыл желектерді көшіріп отырғызу жұмыстарының қосымша құнын қарастыру керек.
Тармақ 75
75. Жасыл желектерді өз еркімен кескен, кінәлі адамдар қолданылып жүрген заңнама бойынша жауап береді.
Тармақ 76
76. Жұмыстар жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) зақымданған жасыл желектерді қоршау;
Тармақша 2
2) елді-мекен жолдарын, жаяусоқпақтар, өтетін жерлер, алаңдар және т.б. салу және асфальт төсеу кезінде диаметрі 1 метрден аз емес баған ұяларын қалдыру, орнату қажет болса, яғни жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін қондырғыны қарастыру керек;
Тармақ 77
77. Жер пайдаланушылар бекітілген аумақтарда жасыл желектерді күтуге міндетті, соның ішінде:
Тармақша 1
1) қоқыс жинау, тырнауышпен көк шөп шығатын алаңдарды тарау, қураған жапырақтарды жинау, арамшөптерді жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбін шабу, бұталарды қырқу;
Тармақша 2
2) ағаштардың баған түптерінде ұялар жасап, топырақты қопсыту;
Тармақша 3
3) жасыл желектер, көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарларды суару;
Тармақша 4
4) ағаштар басын қию, қураған бұталарды, өскіндерді, қиылған бұталарды кесу;
Тармақша 5
5) ағаштарды, бұталарды жасарту (мамандар кеңесі бойынша);
Тармақша 6
6) ауыру және қураған ағаштарды кесу (комиссия актісі бойынша);
Тармақша 7
7) өсіп тұрған жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызу.
Тармақ 78
78. Кез-келген бағыну аумағында жасыл кордың сақталуына және жасыл желектерді ұстау ережелерін сақтауға бақылау жасау өкілетті органмен, жер пайдаланушылармен жүзеге асырылады.
Тармақ 79
79. Жасыл желектер аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көмір және басқа заттарды үюге;
Тармақша 2
2) көк шөп шығатын алаңдарды, гүлзарларды, баған түбіндегі ұяларды ластауға;
Тармақша 3
3) көк шөп шығатын алаңмен жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыру мен кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруіне;
Тармақша 4
4) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
Тармақша 5
5) қоршауға, гүлдерді жұлуға, көп жылғы гүлдердің түбірлері мен баданаларын қазуға;
Тармақша 6
6) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға автокөлік қоюға;
Тармақша 7
7) жапырақтарды өртеу, көк шөп шығатын алаңдарда көкөніс өсіруге, ағаштарға сым, алтыбақан, жіп, жарнама мен кестелер бекітуге, баубақ-саябақ мүлкін бұзуға.
Тармақша 8
8) Жалпы қолданыстағы жерлерде мал, құс бағу, иттерді серуенге шығару.
Тармақша 9
9) Өсімдік және гүл өсіретін орындарда цементтік қоспа немесе бетон дайындау.
Тарау 10. 10. Инженерлік жүйелер, құрылғылар мен коммуникациялар ұстау тәртібі
10. Инженерлік жүйелер, құрылғылар мен коммуникациялар ұстау тәртібі
Тармақ 80
80. Ведомстволардың, кәсіпорындардың инженерлік құрылғылары мен коммуникацияларына олардың иелерімен қызмет көрсетеді.
Тармақ 81
81. Елді-мекеннің бұзуы мүмкін, инженерлік коммуникациялары мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, олардың техникалық жағдайларын жүйелі бақылауға міндетті, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) аумақтарды су басуға жол бермеу;
Тармақша 2
2) бөлінген және күзетілетін аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
Тармақша 3
3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабуы, жаңбыр суы ағатын кәріздер торлары жол төсемдерінің деңгейінде және үнемі дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;
Тармақша 4
4) оларды тез анықтау үшін құдықтарға белгі жасау;
Тармақша 5
5) құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерін сақтасау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақ жабуларының жағдайын бақылау.
Тармақ 82
82. Жер асты инженерлік желілерін төсеу және қайта орнату жұмыстарының жүргізу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргізілуі керек.
Тармақ 83
83. Автожолды, алаңдарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қайта құруды бастағанға дейін жер асты коммуникацияларын салу, күрделі жөндеу, қайта құру жүргізілуі керек.
Тармақ 84
84. Қатты төсемді аумақтарды күрделі жөндеу немесе қайта кұру кезінде талап етілетінге дейін инженерлік жүйелер құдықтарының люктерін белгілеуді жүргізу, коммуникациялардың күзетілетін аймақтарының ендігіне көк шөп шығатын алаңдарды, жаяусоқпақтарды, авиожолдарды қалпына келтіру жөндеуге тапсырыс беруші есебінен жүргізіледі.
Тармақ 85
85. Көшелер мен жолдардың жер беті суын ыза суларды қашыруға багытталған арналар, құбырлар, кәріздер жинау мен тазарту, аудан бюджеті есебінен елді-мекендік қоқыс төгетін орынға тез арада шығару қажеттілігіне байланысты қатты тұнбаларды шығару. Аулаларда және басқа да жер пайдаланушыларға бөлінген және бекітілген аумақтарда су өткізетін құбырларды жер пайдаланушылар жүргізеді. Шағын аумақ шекарасы шегінде жалпы аумағы бойымен өтетін коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту аудан бюджетінің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 86
86. Елді-мекеннің су тартқыш құдығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кіреберіс жолды ұстау су тартқыш құдықтарының иелерімен жүргізіледі.
Тармақ 87
87. Өндірістік кәсіпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық нәжіс кәрәздеріне түсу керек. Бұл суларды елді-мекендік жаңбыр суы ағатын кәріздерге жіберуге жол берілмейді.
Тарау 11. 11. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау.
11. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау.
Тармақ 88
88. Елді-мекен көшелерінде, алаңдарында, саябақтарында, саябауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу аудан бюджетінің қаржысы есебінен арнайы кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Тұрғын аудандар мен басқа да жалпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кімнің кызметінде болып табылса, соларға жүктеледі.
Тармақ 90
90. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесі іс-шаралар кіреді:
Тармақша 1
1) берілген параметрлерге сай келетін саны мен сапа көрсеткіші бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;
Тармақша 2
2) қондырғылардың кесімдік жұмыс тәртібін қамтамасыз ету, қала әкімімен бекітілген, кесте бойынша дер кезінде қосу мен өшіруді, ішінара немесе толық өшіруді бақылау, олардың жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.
Тармақ 91
91. Сыртқы жарықтандырудың жану пайызын және қондырғылар жағдайын анықтау үшін пайдаланатын кәсіпорындармен бақылау тексерулер жүргізіліп, акт жасалады. Шамдардың жану пайызы 95% аз болмау керек.
Тармақ 92
92. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, кронштейндер мен басқа элементтері сыртқы жагдайларына байланысты боялады, бірақ 3 жылда бір реттен кем емес.
Тарау 12. 12. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсіпорындарының қас беттерін көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөніндегі пункттерді, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайынын тәртібі.
12. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсіпорындарының қас беттерін көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөніндегі пункттерді, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайынын тәртібі.
Тармақ 93
93. Тұрғын, әкімшілік және басқа ғимараттардың оның маңындағы аумақтардың келбетін сақтау мен жақсарту үшін, оларға сауда кәсіпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөніндегі пункттерді, офистер және басқа да нысандар орналастыру кезінде, иелері меншік түріне қарамастан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, олармен өңделген және келісілген жобаға сай ғимараттардың қас бетін көркемдеу және, маңайындағы аумақтарды көркейту жөнінде кешенді іс-шаралар атқару керек.
Тармақ 94
94. Кешенді іс-шараларға, жобамен қарастырылған, келесідегідей жұмыстар көлемін орындау кіреді:
Тармақша 1
1) қас бетті әрлеу (бояу, әр түрлі материалдармен қаптау және басқадай);
Тармақша 2
2) ғимараттың жалпы стиліне сай келетін, қанатшалар, маңдайшалар орнату;
Тармақша 3
3) жаяусоқпақтар, кіреберістер мен автомашина тұрақтары үшін алаңдар, төсеніштер, көк шөп шығатын алаңдар салу, жасыл желектер кіретін аумақтарды көркейту бойынша жұмыстар атқару және басқадай;
Тармақша 4
4) отырғыштар, урналар қоршауларын орнату және басқадай;
Тармақша 5
5) ғимарат аумағының маңын және автожолдың жүретін бөлігінің белдігіне дейінгі көшелерді жарықтандыру үшін жеткілікті сыртқы жарықтандыруды (жарықтандырылған жарнамалар) орнату;
Тармақша 6
6) жалпы стильде қажетті мөлшердегі ақпараттары бар, әдемі жасалған маңдайшадағы жазуларды орнату;
Тармақ 95
95. Ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда қас беттің барлығы немесе оның бөлігін көркемдеу керек болса (елді-мекеннің бас сәулетшісінің келісімі бойынша), сондай-ақ ғимараттың барлық ендігіндегі көшелерді ғимараттан «қызыл сызыққа» дейінгі немесе бөлігіндегі барлық аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру (елді-мекеннің бас сәулетшісінің келісімі бойынша), басқа иелер немесе жалдаушылар пайда болған кезде, шығындары өтеледі. Бірнеше кәсіпорындар болса, қасбетті көркемдеу, маңындағы аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру олармен тиісті үлесін бірыңғай сәулет-көркемдік келбетін сақтау және жұмыстарды бір уақытта орындау жүргізіледі.
Тарау 13. 13. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау.
13. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау.
Тармақ 96
96. Тұрақтар өңделген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттар негізінде ғана ұйымдастырылады.
Тармақ 97
97. Көлік құралдары тұрақтарының төсемі бар қолайлы жеке алаңдары су өткізбейтін жамылғысымен, жол белгілерімен белгіленген, автомобильді қою үшін қарастырылған қалтасы, қошауы, су қайтарғы жүйелері және тазарту құрылғыларының белгілері, көгалдандырылған, көркейтілген, жарықтандырылған, диспетчерлік павильон орнатылған, өрт сөндіру құралдары, қалдықтарды жинау және салу үшін контейнерлік алаң болу керек. Тұраққа кіре берісте тұрақ атауын, жұмыс тәртібін қарастыру қажет.
Тармақ 98
98. Автокөлік. Автосервис қызметтері және олардың маңындағы аумақтарды ұстау, жинау олардың меншік иелерімен жүзеге асырылады.
Тарау 14. 14. Жер пайдаланушылар мен елді-мекен аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін адамдардың міндеттері.
14. Жер пайдаланушылар мен елді-мекен аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін адамдардың міндеттері.
Тармақ 99
99. Жер пайдаланушы міндеті:
Тармақша 1
1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды инженерлік жүйелер мен олардың элементтерін тиісті жағдайда ұстауға (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос стансалары, жылу пунктері, трансформаторлар подстансалары және т.б.)
Тармақша 2
2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтары полигондарға (қалалық қоқыс төгетін орындарға) шығару және көмуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;
Тармақша 4
4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда усыздандыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеуқұйрықтарды, жою үшін).
Тармақ 100
100. Елді-мекен аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңын жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі үшін ені 1 метрден кем емес қорғаныш маңдайшасы бар биіктігі 2 метрден аз емес тұтас шарбақпен қошауға;
Тармақша 2
2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жол салуға;
Тармақша 3
3) құрылыс кезінде бекітілген аумақтар шегінде қоршалған аумақтар маңын және автожолды жинауға;
Тармақша 4
4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтеруін болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға.
Тармақ 101
101. Елді-мекен аумақтарында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қарайтын құдықтар, өзендер мен басқа су айдындарына, көк шөп шығатын алаңдарға, ағаштар мен бұталар түбіне, көшелер, жаяусоқпақтар мен трамвай желілерінің жүретін бөлігіне қоқыс, балшық, қалдықтар, мұз түйіршіктерін, ластанған қарды тастауға;
Тармақша 2
2) көшеге, далаға, орманды аймақтарға, жол бойынша, өзендер мен басқа су айдындарына және бұл мақсаттарға бөлінбеген барлық басқа жерлерге құрылыс, тұрмыс және тамақ қалдықтарын тастауға;
Тармақша 3
3) көшелерде, өзендер мен басқа су айдындарында, су құбыры мен құдықтар маңында, тұрғын ғимараттар аулаларында машина, трактор жууға;
Тармақша 4
4) көшелерде, аулалар мен басқа да қозалмалы сауда жабдықтарын, сауда аяқталғаннан соң жинауға жататын, жиналған қоқыс, лас қалдықтар, балшық, мұз түйіршіктері мен қар, құрылыс және басқа қалдықтардышығармай қалдырып кетуге;
Тармақша 5
5) көшелерге құрылыс материалдарын, отын, көмір үюге;
Тармақша 6
6) өндірістік қалдықтармен өзендер мен басқа су айдындарын ластауға;
Тармақша 7
7) бөлінбеген жерлерге дүңгіршіктер, дүкеншелер, павильондар орнатуға;
Тармақша 8
8) үйлердің қабырғаларына, көшелерді жарықтандыру бағандарына, ағаштар мен басқа да бөлінбеген жерлерге әр түрлі хабарландырулар ілуге;
Тармақша 9
9) аулалар мен көшелер аумақтарына жуынды, лас қалдықтар төгуге, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге;
Тармақша 10
10) елді-мекен аумақтарын ластайтын, жүк дұрыс тиелмеген, шанағында ақауы бар көліктің жүруіне;
Тармақша 11
11) ашық шанақтарда қапсыз, төгілетін макулатураны тасуға;
Тармақша 12
12) құрылыс алаңдарын қоршауда көшенің «қызыл сызығына» шарбақты шығарып орнатуға;
Тармақша 13
13) елді-мекен аумақтарын өз еркімен қазуға;
Тармақша 14
14) инженерлік жүйелердегі апатты жойғаннан кейін қазылған жерлерді топырақпен жабуға;
Тармақша 15
15) елді-мекен аумақтарын санитарлық тазарту бойынша жұмыстар атқарудың мерзімін бұзуға;
Тармақша 16
16) контейнерлерге тұрмыстық бағыттағы ірі көлемді заттар және құрылыс материалдарын тастауға, контейнерлерге сұйық лас қалдықтарды төгуге, онда қоқыс өртеуге;
Тармақша 17
17) саябақтарда, саябауларда өкілетті органның рұқсатынсыз, мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда үнемі немесе уақытша құрылыс салуға учаскелер бөлуге;
Тармақша 18
18) экологияға зиян келтіретін, басқа іс-әрекеттерге.
Тарау 15. 15. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.
15. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.
Тармақ 102
102. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен қарастырылған, санкциялар қолданылады.