Об утверждении Правил оказания социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына және 29 бабы 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген уйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамту» 451-010 бюджет бағдарламасы бойынша әлеуметтік кемек түрлерін қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындауын және төлеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы «10»
сәуір № 79 қаулысымен
бекітілген
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы осы Ереже (арғарай - Ереже) үйде тәрбиелеу және оқыту мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу (арғарай - әлеуметтік көмек) тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мына түсініктер қолданады:
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудан бөлімі - әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган;
мүгедек - бала - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа дейінгі тұлға.
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиелеу және оқыту, жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарына мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда және атааналары, қамқоршылары (қорғаншылар) тілектері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекке үйде тәрбиелеу және оқыту мүгедек баласы бар атааналардың біреуі және оны ауыстыратын кісі құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаржысы есебінен ақшалай беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға әлеуметтік көмектердің басқа түрлерінен немесе алимент, отасы табыстарына қарамастан тәуелсіз тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беру.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беру.
Тармақ 8
8. Ереженің 4 тармағында көрсетілген адамдар тұратын жері бойынша уәкілетті органға мына құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) нысан бойынша арыз (1 қосымша);
Тармақша 2
2) тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқа мен көшірмесі);
Тармақша 3
3) тұрақты тұратын орнын растайтын тұрғындарды тіркеу кітабы
(түпнұсқа мен көшірмесі);
Тармақша 4
4) мүгедектікті беру туралы медициналық - сараптама комиссиясының анықтамасы (тупнұсқа мен көшірмесі);
Тармақша 5
5) аудандық білім бөлімі жанындағы ведомствоаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық консультативті комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытынды (түпнұсқа);
Тармақша 6
6) тууы туралы куәлік (түпнұсқа мен көшірмесі);
Тармақша 7
7) мектеп бағдарламасы бойынша баланы оқытуды растайтын мектептен анықтама (тоқсансайын).
Қамқоршының (қорғаншының) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішіне қамқорлық (қорғаныш) бекіту туралы қамқорлық және қорғаныш органның шешімінен көшірме қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттардың түпнұсқалары көшірмелермен салыстырма тексерістен кейін өтінушіге қайтарылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның жұмысшылары құжаттардың кошірмелерін куәландырады, қосымша құжаттармен өтініштерді тіркеу журналда тіркеп және өтініштің үзбелі талонын қабылдау таңбасымен өтінушіге береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек алуға құқығы барда, кейін әлеуметтік көмек тағайындау үшін арыз берген айдан бастап, әлеуметтік көмек тағайындалады. Қажетті барлық құжаттарды және өтініш берген күні нақты күні болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау мүгедек бала тұратын жері бойынша уәкілетті органға бір ата - анасының немесе оны ауыстыратын тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек ауданның білім бөлімі жанындағы ведомствоаралық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультативті комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту және тәрбиелеу қажеттілігі туралы анықтамада көрсетілген кезеңге тағайындалады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган құжат түскен күннен бастап 10 күндік мерзімде аудандық бюджеттен жәрдемақыны тағайындау не болмаса себебін жазбаша дәлелдеп тағайындамау туралы шешім шығарады. (Қосымша 2). Осы Ереженің 8 тармағында көрсетілген кұжаттар пакеті толық болмаса, жәрдемақыны тағайындамау негізі болып табылады.
Тармақ 15
15. Тағайындамау туралы шешім сот органы тәртібінде арыздалып шешілуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді тоқтатын немесе қайтадан жалғастыратын (асырап алуда, баланың қайтыс болуында және т.б.) жағдай пайда болғанда, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе тиісті жағдайлар пайда болған айдан кейінгі келесі айдан бастап қайта төленеді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек уәкілетті органмен белгіленген мөлшерде тағайындалады және төленеді.
Тармақ 18
18. Тоқсанда өзгерістер болған жағдайда, әлеуметтік көмек алу қүқығы келесі тоқсанда қайтадан қарастырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек төлеу
4. Әлеуметтік көмек төлеу
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмектерді алуға құқығы бар азаматтардың жеке шоттарына енгізу жолымен Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк филиалдары арқылы төлеулер жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органдар әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу жөнінде әр айлық жиынтық тізімдерді қалыптастырады және банк филиалдарына жібереді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмектерді есепке қосу біткен айға жүргізіледі.
Тармақ 22. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (тағайындауды қабыл алмау) тағайындау туралы шешім
22. Әлеуметтік көмектерді төлеу жөнінде есепке алуды жүргізу тәртібі және есеп беруді жасау қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес анықталады.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек көрсету Ережелеріне
1 қосымша
Тимирязев ауданның жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінiң бастығы
Косубаев Е.К.
Өтiнiш
Мүгедек бала үшін маған әлеуметтiк көмек тағайындауды және
төлеудi сұраймын __________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)
Тегi ___________________________________
Аты ___________________________________
Әкесiнiң аты ___________________________________
ӘДК____________________________
СТН ____________________________
Мекен жайы____________________________
Үй телефоны _______________Жұмыс телефоны_________
Жеке тұлға куәләндыратын құжат түрі ______________
Серия________нөмір________кіммен берілген________
Қашан берілген _______________
жеке шотының №__________ филиала____________банкінің
Құжаттар туралы өзгертулер болған жағдайда 10 күн ішінде хабарлауға
міндеттенемін. Жалған хабар беру және анық емес (қолдан жасалған)
құжаттар үшін жауаптылық туралы ескертілгенмін.
200_ жыл «__»_________ __________________
(мәлімдеуші қол қоюы)
Өтiнiш қабылданды:
200_ жылы «__»________ __________________
(тегі, аты-жөнi және құжат қабылдаған тұлғаның қол қоюы)
-------------------------------------------------
(жұлып алу сызығы)
азамат өтініші__________________ұсынылатын құжаттармен
Саны ___дана алынды «__»________200_ жыл
___________________________________________________
(тегі, аты-жөнi және құжат қабылдаған тұлғаның қол қоюы)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек көрсету Ережелеріне
2 қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (тағайындауды қабыл алмау) тағайындау туралы шешім
Істің № _______ «__»_______200_ жылғы
Мүгедек балаға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды
қарап шығып ____________________ азамат үйінде тәрбиеленетің және оқушы:
Тегі ______________________
Аты _____________________
Әкесінің аты ______________
Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінiң бастығы шешті:
1. ___________________________________дейін
_______________________________ мөлшерде.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау мына себеппен қабыл алмасын:
__________________________________________
__________________________________________
Тимирязев ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Косубаев Е.К.