Об улучшении социально-бытового обустройства репатриантов и укреплении материально-технической базы областной службы миграции Күшін жойған
Басқа 0
Оралмандардың әлеуметтік-тұрмыстық орналасуын жақсарту
және облыстық көші-қон қызметінің материалдық-техникалық
базасын нығайту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
Оралмандардың жайластыру кезеңiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын
ескерiп және олардың тұрғын үймен қамтамасыз ету, көшi-қон және демография
жөнiндегi басқармасының техникалық жарақтану мәселелерiн шешу мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Т.Т.Ибраев қалалық әкiмшiлiкпен
(А.И. Ширшов) бiрлесiп оралмандардың аса зәру отбасыларына кезегiне сәйкес
1999 жылдың 1 тамызына дейiн тұрғын үй бөлсiн (тiзiмi қоса берiлуде).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдин қалалар мен аудандардың
барлық әкiмдерiне оралмандардың аса зәру отбасыларын коммуналдық меншiктiң
қарамағындағы үйлердi қалпына келтiру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету
туралы хат жолдасын.
Тармақ 3
3. Көшi-қон және демография жөнiндегi басқармаға 1992 жылы шығарылған
Газ-31029 автомашинаның орнына техникалық ақаусыз автомашина және
компьютерлiк техника кешенi (компьютер, ксерокс, факс) бөлiнсiн.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппаратының
басшысы Т.Т. Ибраевқа жүктелсiн.
Басқа 5. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үйге аса зәру оралмандардың
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы
5 мамырдағы № 1-607ө өкіміне
қосымша
Өскемен қаласы бойынша тұрғын үйге аса зәру оралмандардың
ТIЗIМI
Тармақ 1
1. Кеңшiлiк Бақыт - 1960 жылы туылған, бiлiмi арнаулы орта, үйленген,
4 баласы бар, оның үшеуi мектеп жасына толмағандар. Монголиядан 1992 жылы
еңбек келiсiм шарты бойынша көшiп келген.
Баспанамен қамтамасыз етiлмеген, Физкультурная көшесiндегi
пайдалануға жарамсыз N 10а үйде тұрады. Кеңшiлiк Бақыт және оның әйелi
жұмыс iстемейдi.
Өскемен қаласы бойынша бiрiншi кезекте тұрғандықтан бiрiншi кезекте
үймен қамтамасыз етiлуге құқысы бар.
Тармақ 2
2. Мұқаш Алмасбек - 1971 жылы туылған, бiлiмi орта, үйленген, 2
баласы бар, оның бiреуi мектеп жасында. Монголиядан 1992 жылы еңбек
келiсiм шарты бойынша көшiп келген.
Баспанамен қамтамасыз етiлмеген, Островский көшесiндегi пайдалануға
жарамсыз N 52 барақта тұрады. Мұқаш Алмасбек және оның әйелi жұмыс
iстемейдi.
Өскемен қаласы бойынша екiншi кезекте тұрғандықтан үймен қамтамасыз
етiлуге құқысы бар.
Тармақ 3
3. Нүрке Халел - 1943 жылы туылған, бiлiмi жоғары, 2 баласы бар.
Монголиядан 1992 жылы еңбек келiсiм шарты бойынша көшiп келген.
Баспанамен қамтамасыз етiлмеген. Физкультурная көшесiндегi
пайдалануға жарамсыз N 10а үйде турады. N 43 мектепте мұғалiм болып жұмыс
iстейдi.
Өскемен қаласы бойынша үшiншi кезекте тұрғандықтан үймен қамтамасыз
етiлуге құқысы бар.
Облыстық көшi-қон және
демография жөнiндегi
басқармасының бастығы