О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың
шешімі бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңы, Қазақстан Республикасының “ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар “Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы”Жарлығының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі № 007 “Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы” бағдарламасы бойынша қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаржы жылына сәйкес, осы мақсатқа көзделген алушының қалауы негізінде екінші деңгейдегі банк арқылы тиісті әлеуметтік төлем сомасына, тиісті банк операциясы түрлеріне лицензиясы бар Қазақстан Республикасының Халық банкісінің лицензиясы бар, түрлі банкі операцияларына, әлеуметтік төлем сомасына сәйкес жеке шоты көрсетілген өтініші негізінде, оның қалауы бойынша екінші деңгейлі банкі арқылы кепілдік берушіні тағайындап, төмендегі азаматтар тобына ақша аударылсын:
Тармақша 1
1) соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге – бес мың теңге;
Тармақша 2
2) әскери қызметкерлерге және ерікті жалдама құрамдағы тұлғаларға - екі мың теңге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған концлагерде болған, бұрынғы кәмелетке толмаған, мәжбүрлі түрде ұсталған тұтқындарға - екі мың теңге;
Тармақша 4
4) Ленинград қаласында қоршау кезеңінде өндірістерде, мекеме ұйымдарда жұмыс істегендерге және “Ленинградты қорғағаны үшін” медалімен, “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгісімен марапатталған азаматтарға – екі мың теңге;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі және батыл еңбегі үшін, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медалдерімен марапатталған адамдарға – екі мың теңге;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің, (хабарсыз кеткендердің) қайталап некеге отырмаған зайыптары (жұбайлары) - екі мың теңге;
Тармақша 7
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) – екі мың теңге;
Тармақша 8
8) зейнетақы және жәрдемақы мөлшері айына 6700 теңгеден аз жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету – ай сайын екі жүз теңге;
Тармақша 9
9) Саран қалалық мәслихатының шешімімен «Саран қаласының Құрметті азаматы» атағы ұсынылған зейнеткерлерге Тәуелсіздік күні мерекесіне – 7(жеті) айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 10
10) балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға және мүмкіншілігі шектеулі балаларға – бір мың теңге;
Тармақша 11
11) материалдық көмекке аса мұқтаж мүгедектерге - үш мың теңгеден кем емес;
Тармақша 12
12) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарды өтеуге.Әлеуметтік көмек көрсету нормативі пайдалы алаң көлемі 30 шаршы метр белгіленсін. Бір адамға коммуналдық қызметтер тұтыну: газ- айына 10 килограмм; нақты шығын бойынша электроқуат кемінде150 кВт. Суық су, кәріз, қоқыс жинау, эксплуатациялық шығындар нормасы басқару нысанына (пәтер иеленушілер кооперативі, өз-өзін басқару комитеті, үйлер комитеті) қарамастан өкілетті органдармен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді. Үйді ұстау және коммуналдық шығындарды белгіленген нормадан тыс пайдаланулар төлемақысы жалпы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қалалалық каржы бөліміне (Р.Б. Малшыбекова) «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» № 007 бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттегі қаржы жылына сәйкес, осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау бюджеттік жоспарлау және экономика бойынша тұрақты комиссияға – К. Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М.Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 8-7-4 нөмірмен тіркелген қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 сессясының «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» №241 шешімі, нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде8-7-12 нөмірмен тіркелген қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 29 қыркүйектегі 9 сессиясының «Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 31 наурыздағы 15 сессиясының «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 241 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»шешімінің күші жойылды деп есептелсін.